Тақырыбы: «Мәңгілік ел – мәңгілік
мұра»
Ұлттық қолөнер – тәрбие
көзі
Мақсаты: Қазақ
халқының мол қолөнер үлгілерімен
таныстыра отырып, халық
өнерін қастерлеуге, үлгі
тұтуға үйрету.
Білімділік:
Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама
беру.
Дамытушылық:
Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру
арқылы оқушылар-
дың шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік
мәні: Ою - өрнек арқылы оқушылардың ой - өрісін,
білімін жан-жақты
дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт -
дәстүрін, өнерін
құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: Презентация «Ою хан мен Жою хан»аңызы, «Ою -
өрнектер» суреттері, сырмақ, киіз үй
жабдықтары
Сабақтың
барысы:
І
Ұйымдастыру.
-
Кіріспе
сөз.
Құрметті ұстаздар мен
ата-аналар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұлттық қолөнер –
тәрбие көзі».
Қазақ елі тәуелсіздігін
алғалы, халқымыздың қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны
белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта
жаңғырта бастадық.
Қолөнер – халқымыздың
қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе
жатқан мұрасы.
Мақалдар.
1.Балам өнерлі болсын десең,
өнегеңді көрсет.
2.Қолөнер – мол
өнер.
3.Өнер талаптан
туады.
4.Өнерліден үйрен, өнерсізден
жирен.
«Өнер – таусылмас азық,
жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық
өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық
сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді. «Жігітке
жеті өнер де аз», «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді
құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамағы, ішетін
сусыны, рухани байлық деп
бағалаған.
Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен
ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау
басты парыз.
ІІ Негізгі
бөлім.
-
Түсінік
беру.
Қазақ қолөнерін төрт топқа
бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен
шеберлер.
Ұсталар - найза, қылыш, қанжар,
қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін
жасаған.
Зергерлер - білезік, сырға, сақина,
шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын,
күміс ) соғылған әшекей бұйымдар
жасаған.
Ағаш
шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап,
сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба
т.б. бұйымдар жасаған.
Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе
тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен
айналысқан.
Ою-өрнек - өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап
отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін
қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің
ретімен қайталануына негізделген.
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім. (Ә.
Қастеев).
-
«Ою хан мен Жою хан»
ертегісін айту. Слаидтан
көрсету.
-
Қонақпен
сұхбаттасу.
Сырмақ жасау
өнері.
«Өз үйінде ою оймаған, кісі
үйінде сызу да сыза алмас», - дегендей сабақ қонағымен сұхбат.
Өзінің ісмерлігімен, ою ойып, тоқу тоқып ата-бабаларымыздан мұра
болып қалған ұлттық қолөнерді жалғастырып, үлгі-өнеге көрсетіп
жүрген Фариза Сырымбекқызына сөз
береміз.
-
Топпен
жұмыс.
Оқушылар ата-аналарымен бірге
сырмақ үлгісін жасайды.
-
Құрақ жасау өнері.
(Ұлданаштың анасы Зульфия құрақ
туралы түсінік береді.)
-
«Мақал құрастыру»
ойыны. (Әр топқа мақалдар
беріледі. Мақалды толықтырып
айту.)
Ата өнері - балаға
мұра. Ата ... - ...
мұра.
Шебердің қолы көпке
ортақ. Шебердің қолы ...
ортақ.
Өнерпаздың он қолы
бар. Өнерпаздың ... ....
бар.
Қол өнері -
кілемде, Қол
өнері – ...
,
Сөз өнері -
өлеңде. Сөз өнері – ...
.
Асыл тастан
шығады, Асыл ...
шығады,
Өнер жастан
шығады. Өнер ...
шығады.
Ақыл көпке
жеткізер, ... көпке
жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
.... көкке
жеткізер.
-
Шеберлік шежіресі. «Бұл қай
қолөнер түрі?» (Оқушылар өлең оқығанда қандай
қолөнер түрі екенін айту керек.)
Шеберлік
шежіресі
-
Көрші әжей
өнерлі!
Барып тұрам күнде
мен
Құрмет тұтып
шеберді!
Ою -өрнек
үйренем.
-
Демеңдер бұл қалай
Күмісті де илеген
Осы өнерді
мұрадай
Зергерлерден
үйренем.
-
Әркімге керек қол
өнер
Он саусаққа он
өнер.
Түгел болар
дүниең,
Біліп алсаң оны
егер.
-
Біреуі жүн
жаймалап,
Біреуі су
себеді.
Енді бірі шиге
орап,
Жабылып бәрі
тебеді.
Жүн тұтасса
бірігіп,
Қайта жазып
алады.
Ширықсыз деп
кірігіп,
Білекке енді
салады.
Ыстық су құйып
үстіне
Қатайсын деп
қарпиды.
Шықты киіз пісті
де,
Сыннан өтіп сан
қилы.
-
Әжелер киім
тіккенде
Тастамапты
қиықты.
Әр алуан қиық
түскенде,
Дорбаға салып
жиыпты.
Көп киім тігіп
біткенде,
Қиыққа дорба
толыпты.
Қиықты сәндеп
тіккенде,
Құрақ көрпе
болыпты.
-
Темірді илеп
қамырдай,
Жіптей созып
иейін.
Өз ісімен
жаңылмай,
Тастан түйін
түйейін.
Жамбы, жақұт,
мәрмәрді
Сәндеп, қырлап
баптайын.
Сүйсіндірсін
алғанды,
Алтынменен
аптайын.
Салтанат құрсын сән
енді,
Жаңғыртайық
көнені.
Таңдандырсын
әлемді
Қазақтың бұл
өнері.
-
Кесте тіге
алмайтын
Болмаушы еді қыз
бұрын.
Жасауын өзі
қамдайтын,
Кестелеп алуан түз
гүлін.
Төсек жапқыш,жүк
жапқыш,
Кестелі қандай сәнді
еді.
Отырып үйде тігіп
іс,
Әлі есте айтқан
әндері.
Ағасына өз
қолымен
Орамал тігіп
беретін.
Ең қымбат заттан оны
кем
Кім бар екен
көретін.
-
Түбіт түтіп
шүйкелеп,
Саусаққа әже
іледі.
Сұрамайды бір
көмек
Бәрін өзі
біледі.
-
Алуан жіпті
тізбелеп,
Далаға керме
кереді.
Берейік көмек біз
де,-деп
Көршілер де
келеді.
Адарғысын
тіктейді,
Арқау жібін
өткізіп.
Қылышын қағып
бүктейді,
Түбіне тақап
жеткізіп.
Өстіп дайын
болады,
Алуан
басқұр,алаша.
Көргеннің көңілі
толады,
Тамашалап
қараса.
-
Таң қалып әркім
қарасқан,
Тоқылған зат бар
ағаштан.
Туындысы ол да
өнердің,
Тұтынсаң үйге
жарасқан.
Тоқылған зат бар
темірден,
Тоқылған зат бар
теріден.
Кездеме де,кілем
де
Тоқудың шыққан
тегінен.
ІІІ
Қорытынды.
Мұғалім:
Оюларға сүйсініп,
Қайран қалып тұрасың.
Көре білсең түсініп,
Одан көп сыр ұғасың, - демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер
бойынша оқып білуге болады.
Әр оюдың тілі бар деген сөз
осыдан қалған болар.
Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп,
теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық,
зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділікке
баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа
деген ғашықтық, құштарлық
жинағы.
Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік
болады.
Олай болса, қазақтың тіл
өнері, қолөнері - өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік
мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан
өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту
біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кәсібің – ертеңгі
нәсібің»,- деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан
қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны
түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие
берудің бірден-бір құралына айналдыру біздердің
парызымыз.
Келген қонақтарға алғыс
айту.