Баяндама
Мәңгілік ел-мәртебелі
тіл
Мәңгілік ел-мәртебелі
тіл
Тәуелсіздікке қол жеткізген
сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан
Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі –аз уақыт ішінде
тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді.Бүгінгі
Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған,бәсекелестікке
қабілетті,ең дамыған отыз елдің қатарынан көрінy. “Мәңгілік
Қазақстан” жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама.Ағымдағы
жылдың он жетінші қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Қазақстан Халқына арналған жолдауы осыдан бір жыл
бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің екі мың елуінші жылға
дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни , Қазақстандық дамудың
бағыт-бағдарын айқындап берді. “Мәңгілік Қазақстан” жобасы , ел
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Стратегияны
мүлтіксіз орындау , емтиханнан мүдірмей өту-ортақ парыз,абыройлы
міндет!,-деп атап өтті Елбасы өз
жолдауында.
Елбасы жолдауында еліміздің
экономикасын,шағын бизнесті ,әлеуметтік саланы дамыту,Қазақстан
ғылымының қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз
етілді.
“Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
гөрі,оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл-әлем кеңістігіндегі ғұмыр
кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.Өзара алауыздық
пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға
жіберген.Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде
жойылып кеткен елдер қаншама.Біз өзгенің қателігінен,өткеннің
тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.Ол сабақтың түйіні біреу
ғана-Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда.Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап,ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да,бақытымыз да
болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай
білуіміз керек”.Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір
саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.Ел мен тіл егіз ұғым.Мәңгілік
сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл
қазынамыздың бірі-ана тілімен де тығыз байланысты.Олай
болса,мәңгілік елдің онымен қатар жасап,бірге дамитын мәңгілік тілі
болуы да шарт.Ол мемлекеттік тілі-Қазақ тілі.Мемлекеттік тілді
дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде
табандылықпен жалғасып келеді.Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын
миллиондаған қаржы бөлінеді.Елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл
саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп,енді ешкім өзгерте
алмайтын бір ақиқат бар!
Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен
бірге Мәңгілік тіл болды.Оны даудың тақырыбы емес,ұлттың ұйытқысы
ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Тіл-халықтың рухани,мәдени
байлығының дамуының құралы.Тіл-қай ұлтта,қай елде болса да
қастерлі,құдыретті.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Ол
атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл
мұра.Демек,әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның
орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.Амал
не,туған тілімізді шұбарлап,аралас сөйлейтіндерді жиі
кездестіреміз.Басқа халықты айтпағанда,өз ішіміздегі шала
қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды.Бүгінде де кейбіреулердің
қазақ тілін білмеуі,білсе де сөйлемеуі-қазақ тілін жақсартып,биік
белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады.Туған
тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің "Туған тіліне
жаны ашымаған адам- жәндік"-деп ашына айтқаны ойға оралады.Елінің
болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген
көмегін аямауы тиіс.Өкінішке орай,соңғы кезде көптеген қазақ
жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке
айналдырған.Ата-ананды қадірлеу қалай керек болса,өз ана тілімізді
қадірлеуді,қастерлеуді,аялауды қолға алайық.Төл тілінде сөйлеуден
безу-ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
"Тіл-тіршіліктің бастауы" деп бекер айтылмаған.Себебі,адам баласы
ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы
қабылдап,үйрене бастайды.Ана тілін балалар ананың әлдиінен,бесік
жырынан,қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді.Есейе келе
кітаптан,қоғамнан,халықтан үйреніп,меңгереді.Осылай ана тіліміз
ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді.Туған тілге деген құрмет
пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек.Әркім өзінің ана
тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс.Қазақ тілі-әлемдегі
тілдердің ішіндегі ең бай,келбетті тілдердің бірі.Қазақ тілі қазақ
халқының ана тілі.Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та
таусылмайды.Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары
тозады,жоғалады,ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.Қазақтың
біртуар ақыны М.Жұмабаев:"Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ
емес.бір ұлттың тілінде сол ұлттың
сыры,тарихы,тұрмыс-тіршілігі,мінезі айқын көрініп
тұрады"-деген.Олай болса,ана тілімізді-мәңгілік тіл ету өз
қолымызда.
Алдыға қойған ұлы мақсаттары
бар,ертеңіне сеніммен қарайтын,жастары алғыр ,жаңалыққа жаны
құштар,рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы
жасайды.Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық,елдігіміз бен
туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!