«Мәңгілік ел – мәртебелі
тіл» атты облыстық тіл форумының
сценарийі.
Өтетін күні:
17.02.2017ж
Өтетін орны: Жастар
орталығы ғимараты
Жүргізуші:
Мәңгілік ел - арманымның
асқары,
Мәңгілік ел - бақытымның
бастауы.
Мәңгілік ел - тарихымның
дастаны,
Мәңгілік ел -Нұрлы жолға
бастады.
Тәуелсіздіктің негізгі
тірегі – ұлттың тілі, діні, ұлттық қазынасы. Тәңірдің адам баласына
жасаған сыйы да — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның
бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде
бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның
өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың
қолымызда.
Қайырлы күн, құрметті
жерлестер, форумға қатысушы қонақтар! «Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» Заңының қабылдануына 20 жыл,
Елбасымыздың биылғы
Жолдауын және елімізде жүргізіліп отырған үштұғырлы тіл саясатын
насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған
«Мәңгілік ел – мәртебелі
тіл» атты облыстық тіл форумына
қош келдіңіздер!
Ведущий: Добрый день, дорогие
друзья! Нынешний год -
знаковый для нас, это год празднества Независимости, языка и
верований народа, свободы нации.
Пусть всегда стабильность, мир и межнациональное
согласие царят в нашем общем доме – Республике
Казахстан!
Единство
языков, культур – это мощь суверенной республики, монолит на
котором можно строить будущее. Современный молодой человек должен
владеть несколькими языками.
В
республике проживают 130 национальностей. При этом каждая из них
имеет неповторимую духовную и материальную культуру, свою историю,
традиции и обычаи.
Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзі Аршалы
ауданының әкімі Тайжанов Азамат
Айтпайұлына беріледі.
Жүргізуші: Сөз кезегі Шайсұлтан Шаяхметов
атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік
орталығының директоры Тлешов Ербол
Ердембекұлына беріледі.
Жүргізуші:
Сөз кезегі Ақмола облыстық оқыту -
әдістемелік орталығының
директоры Төлекеев Қаратай
Байкенұлына беріледі.
.
Жүргізуші:«Үш тұғырлы тіл» саясаты -
елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл - ақылдың өлшемі, ұлттың
жаны» - деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ, елдің
елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екендігі
белгілі.
Қай
заманда, қай кезде болсын, бірнеше тілді меңгерген халықтар өзінің
коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте отырып, ел
іргесінің тыныштығы мен бейбітшілігін басты назарда ұстаған.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бәсекеге
қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады. Өйткені,
бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз
елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Сондықтан, елімізде тілдердің үштұғырлы саясатының жүргізілуін
дұрыс деп есептеймін. Үш тілді қатар меңгеру - әлемдегі ең дамыған
елдердің атарына қосылуды жеделдете түсетіні
сөзсіз.
Ведущий: Сегодня на форуме присутствуют делегаты из
районов Акмолинской области свободно владеющие
несколькими языками. Поприветствуем их!
Казахстан в
современном мире должен восприниматься как высокообразованная
страна, население которой пользуется тремя языками. Это казахский
язык - государственный язык, русский язык как язык национального
общения, английский язык - язык успешной интеграции в глобальную
экономику.
Жүргізуші: Құрметті форумға қатысушылар!
Сіздер және біздер - Қазақстан Республикасының өзін еркін
сезінетін, алдына қойған мақсатына жететін жас ұрпақпыз. Бүгіңгі
форумға облысымыздың Аққөл, Бұланды, Шортанды, Егіндікөл
аудандарынан және Көкшетау қаласынан делегаттарымыз келіп
отыр.
Сөз кезегі Ақкөл ауданының
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас
маманы Жүсіпбеков
Шоқанға беріледі.
Жүргізуші:Сөз
кезегі Ақмола облыстық оқыту - әдістемелік
орталығының оқытушысы
Орлова Динара
Владимировнаға беріледі.
Жүргізуші: «Үш тұғырлы тіл
саясаты» тақырыбы бойынша сөз кезегі
Бұланды ауданы әкімі аппаратының бас маманы
Шытырымбек
Нұрсұлтанға беріледі.
Ведущий: В
современных условиях перспективы государственности прямо зависят от
способности государства поддерживать и защищать национальную
систему ценностей. Защита национальных ценностей является главной
целью систем мер по обеспечению национальной безопасности
страны. Как отмечают многие ученые в своих научных
исследованиях, одним из важных факторов обеспечения национальной
безопасности государства является государственный
язык.
Жүргізуші: «Мемлекеттік тілдің
қоғамдағы рөлі мен маңызы» тақырыбы бойынша сөз кезегі
Егіндікөл ауданынан келген делегат ________________________________________________________
беріледі.
Жүргізуші: «Тіл – елдіктің
туы» тақырыбы бойынша баяндама
жасауға №3 Аршалы орта мектебінің ұстазы
Саржанова Айниса
Маманқызын шақырамыз.
Жүргізуші:Құрметті форум
қонақтары,бүгінгі жастардың ой-толғамдарын қорыта келіп, Отансүйгіш
жастарымыздың, ортаға салар үндеуіне назар аударсақ. Облыс
жастарының атынан үндеуді қабылдау үшін, бірнеше дүркін аудандық,
облыстық байқаулардың жеңімпазы, №4 Аршалы агротехникалық колледж
студенті Касымов
Ахметті шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазағымның көктен күліп
ай-күні,
Болашақтың кеңи берсін айдыны.
Көк
аспанда көк жалауы желбіреп,
Ана
тілдің асқақтасын айбыны! – деп, марапттау рәсімін бастауға рұқсат
етіңіздер!
Марапаттау
рәсімі
Мерекелік концерттік
бағдарлама
Жүргізуші:Құрметті тіл жанашырлары,
қадірменді қауым!Сіздермен бірге, елімізді жарқын болашаққа, кемел
келешекке жетелер, мәңгілік еліміздің тілі мәртебелі болуының
жолында атқарылған маңызды іс-шараның куәсі
болдық.
Осымен «Мәңгілік ел –
мәртебелі тіл» облыстық тіл форумын жабық деп жариялаймыз.Келесі
кездескенше, сау-саламат болыңыздар!
(марапаттаушылар суретке
түседі)
СОҢЫ.