400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мәңгілік ел - Тәуелсіздік пен Астана

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік ел – Тәуелсіздік пен Астана.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігіне мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу:
2. Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
3. Тәрбиелігі: елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, тәрбие сағаты

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдерме, балалар!Көңіл – күйлерің қалай? Бүгінгі тәрбие сағатынан сендерге мен – ............................ беремін.

Психологиялық дайындық:

Шаттық шеңберге шығу. «Ақпыз, қара, сарымыз. Ағайынбыз бәріміз» - деп бәрі бірге айтып, бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік тілеу.

II. Жаңа сабақ:

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

- біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

- ол-Мәңгілік Ел идеясы

- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

- ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

- Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

 

-ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.

-Ту,елтаңба,әнұран.

Мемлекеттік туға сипаттама беру.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тікбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген.Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояуменберілген.Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені-1 метр,ұзындығы-2 метр.Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты,еңбек сіңірген суретшісі. Елтаңба туралы сипаттама беру.Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңберкескінін береді.Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.Бұл біздің жербетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте,достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.Елтаңбаның авторлары: Шот-АманУәлихановҚР еңбек сіңірген архитекторы,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші. МемлекеттікӘнұранға сипаттама беру.Мемлекеттік Әнұран- халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмаріспеттес.Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы.2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

тренинг«Болады-болмайды» тренингі

Мейірімді болуға .... (болады),  Кешірімді болуға .... (болады),

 Қатыгез  болуға .... (болмайды),  Тәртіпті болуға .... (болады),

 Әдепті болуға .... (болады),  Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

 Сыпайы болуға .... (болады),  Қайырымды болуға .... (болады),

 Бұзық болуға .... (болмайды), Бауырмал болуға .... (болады),

 Ақылды болуға ..... (болады),  Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

 Шыншыл  болуға .... (болады),  Арам болуға .... (болмайды),

 Маман болуға .... (болады),  Жаман болуға .... (болмайды).

«Атамекен» постер толтыру.

«Сәйкестендіру» ойыны.

Жағдаяттар шешу

Қоңырау соғылып, сабақ басталды. Мира және Гүлжайна сабаққа 10 минут кешігіп келеді, және мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіріп, өз орындарына отырады. Мұғалім оларға «Сендерге кім сыныпқа кіруге рұқсат берді? Бұл не деген тәрбиесіздік?» деп өзінің қарсылығын білдіреді. Мира мен Гүлжайнаның қылығы дұрыспа?

Ерлан сабаққа үйге берілген тапсырманы орындамай келген.Мұғалім Ерланға неге үй тапсырмасын орындамадың, Серік (сыныптағы үлгерімі жақсы оқушы) секілді болсаңдар болады ғой, үнемі үйге берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап орындап келеді, бірақ сендерге Серіктей болу қайдааа деп сөгіп жатқанда Ерлан ашуланып апай неліктен бізді басқа оқушылармен салыстырып, төмендете бересіз деп қалды.Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

 Ән: «Атамекен»



Сұрақ- жауап арқылы «Кім шапшаң» ойыны

1.ҚР-сының Елордасы қалай аталады? (Астана)

2. «Астана» сөзі қанша буыннан тұрады? (3 буыннан тұрады)

3. «Астана» қаласы қай өзен жағалауында орналасқан? (Есіл өзені)

4. ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін ата: (Ту, Елтаңба, Әнұран)

5. «Астана» қаласындағы Бәйтеректің биіктігі қанша метр? (97 метр)

III.Қорытынды:

 Міне оқушылар біздің елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.- «Мәңгілік  Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға  айналуы  тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік  болуына аянбай  еңбек  етуіміз  керек. Елбасы  белгілеп  берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық  ұлы бағдары. Мәңгілік  ел  біздің  өз  қолымызда. Ол үшін  өзімізді   үнемі  қамшылап, ұдайы  алға  ұмтылу  керек.

Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі