Тақырыбы: Мәңгілік ел – менің арманымның
мекені!
Мақсаты:. Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы
мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну,
Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік
рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді
өркендетуге білімді ұрпақ болуға
тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын
молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін
жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге
жетелеу.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі және
слайд.
Түрі: ауызша журнал
Әдісі: әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Тәрбие сағатының
барысы:
Гимн орындалады.
1.Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын
аудару.
2. Психологиялық ахуал
орнату .- Әр оқушы
шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін
білдіреді.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі күні 6ә сыныбында
ұйымдастырылып отырған «Мәңгілік ел – менің арманымның мекені!»
атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 2014 жылдың 17 қантарында
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті
халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі
дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылуы.
Ол –«Мәңгілік Қазақстан»
жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш
мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының
жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым .
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық
ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы
армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы
жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы
қол жеткен асу.
1-бет.
«Ой –
қозғау»
Сұрақтар қойып, жауап
алу.
1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан
жариялады? ( 1991 ж 16 желтоқсан)
2. Ы. Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады?
(Кел, балалар, оқылық)
3. Қазақтың бас ақыны кім?
4. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845
ж)
Абай


Мұғалім: Ал, ұлы Абайдың біздің «Мәңгілік ел» болып, рухани
жаңғыруымызға қатысы қанша? Оның сара жолымен жүру неге сонша
маңызды? Қане, балалар, кім өз ойын айтқысы
келеді?
Оқушылар: (Оқушылар өз ойын
айтады)
1.Танжар
2.
Дана
3.
Бақдаулет
4.
Джамиля
5.
Асылхан
6.
Аяулым
7.
Гүлдана
8.
Дамира
9.
Гүлназ
Қорытынды:
-Сонымен балалар, Мәңгілік Ел
болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде болашақта не істеуіміз
керек?
Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды
болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол
ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі тәрбие
сағатымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау
болыңыздар!