400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мәңгілік ел" атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мәңгілік ел туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты: " Мәңгілік ел"

  Мақсаты:

1.     Оқушылардың білім деңгейін, сөздік қорын дамыту;

2.     Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат – міндеттер туралы мағлұмат беру;

3.     Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу.

 

 Мұғалім:       «Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.  Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады.      

         Қазақстан Республикасы – Еуразиянын орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы-2724 мың км2. Халық саны бүгінгі танда 16 млн.403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61%-дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары-ислам және христиан діндері. Елордасы-Астаны қаласы. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығаратын жоғары органы-сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі-республика үкіметі.ақша бірлігі-теңге.

         Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.

         Әркімнің өз жері – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы-әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді.Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.  Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

  Данагүл:

         Жыл сайынғы Жолдау қоғамдық өміріміздегі елеулі оқиғаға айналатындылығы белгілі. Сондықтан да болар, биылғы Жолдауды да қалың жұршылық елендей тосты. Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он негізгі бағдары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді. Айтылған негізгі 10 бағыттың ең маңыздысы – әрине, халықты еңбекпен қамту тұрғысындағы келелі міндеттер. Аталмыш мәселе тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде де алдыңғы орында тұр десек, қателеспейміз.

Арғын:

         Сондай-ақ, биік мінберден айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту, онкологиялық ауруларға қарсы күрес тұрғысындағы пайымды пікірлер де жұртшылықты жай қалдырмады. Адамдарды жұмыспен, қолжетімді баспамен, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бүгінде көпшілікті толғандырып отырған ең өзекті мәселелер екені белгілі.

         Жалпы, биылғы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында еліміздің 2050 жылғадейінгі даму бағдарына арналған нақты міндеттер мен мақсаттар айқындалып, оны жүзеге асыруға байланысты атқарушы органдарға тапсырмалар белгіленді.

 Қуаныш:

Республикам менің, күн көзімен таласқан,

Аспан көрсен Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Респебликам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсен ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген.



Қорытынды:

Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар.










































«Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


 Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

  Тәрбие сағатының барысы:

1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

2.Оқушыларды топқа бөлу:1-топ:Білімділер, 2-топ:Тапқырлар, 3 топ-Алғырлар

  1. Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен
    4. Постермен жұмыс:

1-топ:Мәңгілік ел

2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясы

3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
5. Қорытынды

6.Күтілетін нәтиже
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

  1. Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар

1-топ:Мәңгілік ел

2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясы

3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.

/Әр топ берілген тақырыпты ашып, өз жасаған проектілерін қорғайды./

Қортынынды: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда  қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан –жаққа тартқан берекесіздік  талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.


































Тәрбие сағатының тақырыбы: «Болашаққа қадам»


Мақсаты: Оқушыларға еліміздің жетістіктерін айту арқылы бойларына патриоттық сезім қалыптастыру. Отанын сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Мұғалім сөзі:



Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа­зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары жөніндегі стра­тегиялық бағдарламаны ұсынатынын айтқан болатын. Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

 

Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:

1991 жыл.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жыл.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1994 жыл.

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 жыл.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

2001 жыл.

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2011 жыл.

2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл -Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

  1. Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар

    1. «Мен патриотпым!»

2топ- «Болашаққа қадам»

 Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.

1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)

2. Отағасының антонимі (отанасы)

3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)

4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)

5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)

6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) –

Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол

Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Осы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдеміз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Ән: Елім менің.( тыңдалады) Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…»

Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!














































«Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын» 

                                                                   (Қазақстан халқына Жолдауынан)



Мәңгілік Ел-

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда



Күтілетін нәтиже: «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды үйренді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.


Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі



















«Қазақстан-2050» стратегиясының

Мәңгілік Ел идеясы бойынша

11-сыныпта өтілетін

тәрбие сағаттарының әзірлемері.







Сынып жетекші:М.М.Абильдинова







2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
738
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі