Ата аналарға арналған
жиналыс.
Тақырыбы: «Мәңгілік ел болашағы- саналы
ұрпақ»
Мақсаты:
Еліміздің
келешегі – жас ұрпақ ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және
рухани ойлау дәрежесі жоғары, ар-ожданы мол, салауатты, жоғары патриоттық
санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп
тәрбиеленуі тиіс екендігін ата – аналарға
жеткізу.
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: жүрекше
қағаздар, қалам,
Жоспар
1. Ойын: «Танысу»
2. Кіріспе сөз: Ата - ананың басты қуанышы
бала
3. Мини - лекция: «Мәңгілік ел болашағы- саналы
ұрпақ»
4. Ата - ананың бала алдындағы балабақшаға деген міндеттері:
5. Әртүрлі сұрақтар бойынша ата - аналар сұрақтарына жауап беру.
1.
Ойын: «Танысу»
Мақсаты:
1. Ата
- аналармен танысып, ашық түрде пікір
алмасу.
Шарты:
1. Ата
- аналар кезекпен аты - жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын
айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі
бірінші бас әріпіне байланысты мінездеме сөзбен
атайды.
Мысалы: Дархан -
дана бала. Мұрат - мұратына жететін
бала.
2. «Балаңызға деген
сүйіспеншілік деген» ойыны
өткізіледі.
Баланың жан дүниесі
– Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын
қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай
қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек
бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың
ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып
шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты,
сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз
орнын таба білуге үйретесіздер.
3. Мини -
лекция: «Мәңгілік ел
болашағы- саналы ұрпақ»
Елбасының білім жолдауынан үзінді.
Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылға арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынып, оның маңызы жайында ерекше тоқталған болатын.
4. Ата - ананың бала
алдындағы балабақшаға деген
міндеттері:
1. Мектепке деген құрал -
жабдықтармен қамтамасыз
ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп,
сабақтан қалдырмау;
3. Балабақшамен, тәрбиешімен
тығыз байланыста болу;
4. Ертеңгіліктерде берілген
тапсырмасын дұрыс және толық орындауға
көмектесу;

Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны
ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті,
сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі
санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі
көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында
туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі
есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін
рахмет!
Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы
Еліміздің келешегі – жас ұрпақ ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс. Өйткені – ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы болып келген «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асырушы, ол, әрине жас ұрпақ. Жуырда өткен «Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы» атты Атырау қалалық жастар форумында осы жайында айтылды.
![]()
Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылға арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынып, оның маңызы жайында ерекше тоқталған болатын. Елбасы өз сөзінде:«Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» дей келе, «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген болатын.
Міне, осыдан-ақ елдің кемелденуіне, болашақтың жарқын болуына жастардың қаншалықты үлес қосатындығы көрініп тұр. Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Білімді де тәрбиелі жастар – кемел келешектің кілті десек те артық айтқандығымыз емес.
Атырау қалалық жастар форумына қатысқан жастарға дәл осы тұрғыда түсінік берілді. Сондай-ақ бүгінгі таңда жастарды қандай мәселелер толғандыратындығы жайында сөз қозғалды. APEC Petrotechnic жоғары мектебінде өткен форумда алдымен «Қазақ хандығы тұсындағы Батыс өңірі», «Жастар мәселесін мемлекеттік қолдау» және «Әлеуметтік желілердегі жастардың сауаттылығы» тақырыптарында тағылымдық кездесулер болды. Кездесуге өлкетанушы Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ, Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИ, «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау филиалының атқарушы хатшысы Асқар БОПЫЛДЫҚОВ, Маңғыстау өңірінен арнайы келген блогер Тимур БЕКТҰР қатысып, жастармен ашық пікірлесті. Кездесу кезінде жастарға алға үлкен мақсат қою және сол жолда талмай еңбектену қажеттігі жайында пікірлер айтылды.
«Жас Отан» Жастар қанаты Атырау филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов жастардың тәрбиесі, мемлекет ұсынып отырған бағдарламалардың жастар тарапынан пайдаланылуы, жастардың мәдениеті мен тәрбиесі жайында сөз қозғады.
- Біздің елде жастар үшін барлық жағдай жасалған. Алайда, бүгінгі жастар өзінің де, өзгенің де әлеуметтік жағдайына тым немқұрайлы қарайды. Олар қазір қоғамдық орындарды былай қойғанда, үлкендерді сыйлаудан да қалып барады. Мұның сыры неде? Менің жеке пікірім бойынша, бұған мемлекеттің жастарға деген шектен тыс қамқорлығы себеп. Қуатты әрі дені сау жастарға мемлекет тарапынан тиіс емес те жағдайлар жасалып отыр. Он екі мүшесі сау азамат керісінше өзі мемлекетке үлесін қоспай ма? «Үкімет қашан қолын созады екен» деп қарап отыру теріс түсінік, - деді өз кезегінде Асқар Бопылдықов.Қазіргі кезде жастарды толғандырып жүрген мәселелер де жетіп артылады. Мәселен, жұмыссыздық жайы, жас отбасылардың баспанамен қамтылуы сияқты өзекті мәселелердің бар екендігі рас. Алайда оларды шешу жолдары да қарастырылып жатыр. Атырау облысында бұл бағытта нақты іс-шаралар жоспары жасақталып, нәтижелі жұмыстар жасалуда. Дәл осы жайында облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Жоламанұлы кеңірек баяндап берді. Сонымен қатар Мейірім Жоламанұлының айтуынша, білім алуға деген ынтасы зор, сабақ үлгерімі жоғары талапкерлерге мемлекет жыл сайын грант бөліп отырғандығын тілге тиек етті. Облыс орталығында жылына бірнеше рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Алайда жастар сол мүмкіндіктерді орынды пайдалана білмеуде. Жастар түйіндемені былай қойғанда, қарапайым жұмыс берушілердің алдында қандай жұмыс керек, қай іске икемі бар екенін өз тілімен жеткізіп айта алмайды. Жиын соңында жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, алдағы уақытта да жастармен жұмыс қазіргіден де тығыз байланысты жүргізілетіндігі айтылды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мәңгілік ел болашағы- саналы ұрпақ"

шағым қалдыра аласыз