
Мақала
авторы: Орынбаева Гаухар Тортаевна
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 5
«А»мектеп-гимназиясы»ММ,бастауыш сынып мұғалімі
Мәңгілік
ел-болашағымыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын
үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бағдарлама мазмұны сананы
жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны
әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп
отыр.
ХХІ ғасыр – білім мен ғылым,
ақпарат пен технологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өзге
елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіретіңді мойындататын рух пен
алапат күш-жігер қажет. Елбасының қазақстандық білім беру жүйесіне
қойып отырған талап-тілегі де – осы сапалы әрі өркениетті білім.
Президент жыл сайынғы Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше
көңіл бөліп, «Сапалы білім беру – Қазақстанның
индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін үнемі
айтып келеді.Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін
іске асыратын тұлға – дарынды балалар. Дарынды балалар еліміздің
интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық болып
саналады. Адами ойлау,ізденімпаздық-табиғаттың адамзатқа берген
тамаша сыйы.Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары
сөзсіз.Дегенмен,табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге
көптеу,біреуге аздау,ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да
анық.
Дегенмен, сол оқушыларды
мектеп табылдырығын аттағаннан үнемі қадағалап , анықтап , дамыта
түсу әр мұғалімнің міндеті деп ойлаймын және сондай жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде Қостанай қаласындағы № 5 “А”
мектеп-гимназиясының өзім жетекшілік ететін 3 «Е» – сынып оқушылары
«Зерде» ғылыми-зерттеу орталығы және қалалық «Дарын» орталығы,
ұйымдастырған және халықаралық сан-салалы байқаулар мен облыстық,
қалалық, Республикалық олимпиадалардың түрлі спорт
түрлерініңжүлдегерлері. Сол жеңімпаз оқушыларды атап өтсем – “Жаңа
ашулар баспалдағы”қалалық ғылыми-зерттеу жұмысынан Есенқұлов Ғасыр
2,3 орындар алса,Қамшыбек Мейіржан 3 орын алды. “Есімізге
түсірейік” қазақ тілінен қалалық олимпиададан,
Есеметов
Бекзат,ШакубаевДаурен,Сайлаубай Гүлназ,УалиАдия, Мажит
Мұхамеджан, СердалиНаргиз,
БагитжановаАнель, Қамшыбек Мейіржан,Есенқұлов Ғасыр “Пифогория”
математикадан облыстық"олипиадасынан1 дәрежелі дипломға ие
болды. Пони халықаралық
олимпиадасынан Есенқұлов Ғасыр,СердалиНаргиз,Қамшыбек
Мейіржан,Мажит Мұхамеджан 3 орын алды. Есеметов Бекзат пен
Есенқұлов Ғасыр халықаралық пәндік “Мен-энциклопедия”
олимпиадасынан 2-3 орындар алды. Республикалық “Жас іздеушілер
агенттігі”," “Зерттелмеген ғаламшар” атты пәндік олимпиадалардан
Есенқұлов Ғ, Сайлаубай Г., Уали А, Шакубаев Д., Мирамов Р.,
Есеметов Б, Мамаев М , Сансызбай С 1 орын алды. Сонымен
қатар,Шаймаранов Мадияр мен Шакубаев Дәурен қалалық ,облыстық
деңгейдегі дзюдо, жекпе-жектен үнемі жүлделі І,ІІ,ІІІ орындар алып
жүр. Жоғарыда аталған оқушыларым мектепішілік , республикалық,
халықаралық сайыстарға үнемі қатысып отырады. Осындай оқушыларым
барын мақтан етемін, әрине бұл біздің ата-аналармен бірлесіп
жасаған еңбегіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Сондықтан әр ата-ана
әрдайым мектепте берілген біліммен шектелмей,сонымен қатар
салауатты өмір салтын қолдап ,балаларды түрлі спорт түрлеріне
баулыса,осы оқушылардың ата-аналары сияқты балаларын әрдайым
қолдап,жан-жақты білім алуларына,спортпен шұғылдануға жағдай жасап
отырса ,мұғаліммен қоян-қолтық жұмыс
жасаса,әр оқушы –
бір-бір дарын иесі бола
алатынына және “Мәңгілік ел- болашағы”болатынына кәміл
сенемін.