№1.
Мәңгілік Ел болу – ұлы арман
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Әрбір адам бала кезінен« Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс емес пе? «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді ,туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.Ұстаздарымыз айтқандай адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.Олай болса ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт — дәстүрімізді білсек, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт – дәстүр — ұлт болуымыз үшін қажет.
Елбасы Н.Назарбаев атамыз біз өмір сүріп отырған мекенге қаншама жақсы жағдайлар жасауда..Біздердің сауатты болып өсуімізге, сапалы білім алып елді өркендету, қызмет ету үшін бағыт беруде.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.Туымызды,Елтаңба,Әнұранымызды тұмардай қасиет тұтсақ деймін.Нұрсұлтан атамыздың рәміздер жайлы айтқан ойтолғамын оқығанымда қатты толқыдым. «Тудың түсін дәл табу оңай болған жоқ.Зеңгір көк түстің мағынасы өте терең.Мұнда біздің ашық аспанды, яғни бейбіт күнді айшықтайтын кіршіксіз көңіліміз бар, мұнда көкті тәңір тұтқан ата-бабаларымыздың арман-аңсары бар, мұнда біздің халқымыздың біртектілігін, мемлекетіміздің бөлінбейтінін білдіретін ұлы тұтастық идеясы бар.Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан да ақ, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.«Біздер Қазақстандықтар — бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Осындай елде туылып, өмір сүргенімді мақтан етемін.Отан алдындағы парызым-ұлы жауапкершілікпен білім алып, елдің өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.Қазақ хандығының 550 жылдығы- ұлтымыздың рухы мен мемлекетіміздің мерейі үшін ерекше оқиға. Сыр бойы-қазақ даласында дәуірлеген мемлекеттер ту тігіп,астанасын салған қасиетті жер.Мұнда Сақ мемлекетінің ордасы,әрі көне қала мәдениетінің орталығы-Шірік-Рабат шахары,Оғыз мемлекетінің астанасына айналған Жанкент,Қыпшақ және Қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы салынған.ХХ ғасырдың басында, Қазақ елінің алғашқы астанасы болған бүгінгі Қызылорда қаласының киелі Сунақата ауылында тұрамын.Сыр бойы-бүкіл түркі халықтарына ортақ абыз,бүгінгі Мәңгілік ел идеясының бір тамыры өзінен бастау алатын, ойшыл, мәңгілік өмірдің кілтін руханияттан тапқан сазгер, ыспалы музыкалық аспаптардың атасы Қорқыт бабамыз өмір сүрген, мәңгілік мекен еткен киелі топырақта дүниеге келгеніме шүкір деймін.15 ғасырдың 70- жылдарында Қазақ хандығы Сырдария бойымен жүріп отырып,Қаратаудың бөктерін иеленді.Хандықтын жері кеңейіп, оған түкпір-түкпірден туыс рулар келіп қосылып жатты.Қазақ хандығының құрамына алғаш қосылғандардың қатарында Сырдың жағасындағы Созақ пен Сауран қалалары бар еді.Қасым хан жас мемлекеттердің астанасы етіп, Сығанақ қаласын таңдаған.Соның нәтижесінде тоғыз жолдың торабында орналасқан Сыр елінің қалалары көркейе түсті.Ал Тәуке ханның тұсында Сыр бойындағы қалалардың саны 32-ге жетті.Жоңғар шапқыншылығынаң зардабын тартқан халық тұс-тұстан ауып келіп, алты Алаштың табан тірері-Сыр бойын паналаған.Сондықтан да, сыр өңірі қазақ хандығының рухани-мәдени орталығы ретінде ұлтқа пана болған,Ұлы даланың киелі мекені ретінде танылады.Елбасының Сырды Алаштың анасына балайтыны да сол себептен болар.Тарихи тағдырымызға жүздеген жылдық күрделі кезеңдері үшін, бізге дейінгі және келешекке ең асыл мұра болып қалған Ұлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан үшін рахмет деймін.Ендігі міндет-бабалар аманатына адал болып,Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Келешекте елімді көркейтуге тер төгемін, адал қызмет етемін.Ә.Асылбеков ағамыздың сөзіне жазылған «Қазақ елі осындай» әнін үлкен сахналарда шырқап,Мен- мәңгілік елдің перзентімін, Менің елім-Қазақстан деп мақтана бергім келеді.
Арайлы алтын таңдары,
Жайдары жарқын жандары.
Асқарлы арманы бар,
Аспанды таулары бар,
Бақшалы баулары бар.
Даламдай дархан пейілді,
Анамдай артқан мейірі,
Біртұтас халқымыз бар,
Мызғымас қалпымыз бар.
Әлемге даңқымыз бар!
№2.
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050
жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты
мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын
жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі
бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенімде «Мәңгілік ел»
деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деп «Мәңгілік ел» идеясының
маңыздылығын айрықша атап өткен еді. Осы жолдауы арқылы қазақ
халқын бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасы ел
тізгінін ұстаған азаматтарға ғана емес, өскелең ұрпаққа сапалы
білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан біз секілді педагог
тәрбиешілерге де үлкен жауапкершілік жүктеді.Дана Мұхтар Әуезов «Ел
болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырды. Ұғына
білген адамға бұл нақылдың астарында терең мағына жатыр. Мәні
«Мәңгілік ел» идеясымен бір арнаға тоғысады. Бесігі түзу елдің ғана
ғұмыры мәңгілік. Мұхтар ағаның айтып отырған бесігі – тәлім -
тәрбие бесігі. Бұл ретте елдің осы алтын бесігін тербетіп отырған
балабақша тәрбиешілері екендігінде сөз жоқ. Ал адам баласының
өмірінде бес жасқа дейінгі алған тәрбиесінің барша ғұмырына ғибрат
сыйлар іргетас секілді екендігін ескерсек, онда мектепке дейінгі
мекемелердегі педагогтарға жүктелер жауапкершілік жоғары болмақ.
Өйткені біз тәрбиелеп отырған бүлдіршін халықтың басты мұратына
айналған Мәңгілік ел ертеңінің азаматы. Сондықтан да әр тәрбиеші өз
міндетін мінсіз атқаруға күш салып, Елбасы Жолдауы да көрсетілген
нақты тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырғаны абзал.
Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ - ертеңгі Қазақ елінің
мәңгілік перзенті. Олардың санасына «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп,
мән - маңызын ұғындыру басты ұстанымыз. Ол үшін балабақшадан
басталатын тәлім - тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың
бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп
келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік таңымен арайлап атқан азаттықтың
қадір - қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің, Мәңгілік
патриоты ретінде таныта алады.
Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір
сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие
беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі
бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел
келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын
атпал азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық
жүзеге асқаны.
№3.
Қазақ елі – Мәңгілік Ел
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек. Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан 2050 Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол деген Президентіміз. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Қазақтың армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
№4.
Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың!
Мәңгілік ел идеясы– бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды: ашаршылық, соғыс,елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу- барлығын бастан кешірдік.Бірақ осының бірде – біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.Шүкір, міне осының өзі – ақ мәңгі ел керегесі.550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей,қуанышқа асып – таспай бүгінгі күнге аман – есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт.Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы,құрылуы осының айғағы.Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін , қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батырларымыз жоңғарлармен бетпе – бет келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғап,халық қорғаны бола білді.Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір – біріне жауыз,ашкөз жәндіктей қылып , бірінің етін біріне жегізіп, қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемелекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе? Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы созылған соғыста аталарымызды айтпағанда , апаларымыз Әлия Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр апаларымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасты . Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы аталарымыз бен апаларымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп , күрсінген жүректің демімен дамыл таппай , ішінен тынып , балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген , еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел – Аналар – ай!Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады.Ресейдің қол астында болып ең басты , ең маңызды байлығымыз болған салт- дәстүрімізді , әдет – ғұрпымызды , тілімізді, дінімізді жоғалттық.Жетпіс жыл орысша сайрадық.Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп,алаңға шығып, білектің күшімен күрессе,әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді.Бұл күн үшін біз үшін,бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас,асқан бір мейрам да болды,қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды.Бұлт артынан күн шығады деп, қазақ барлық қайғыны ұмытты да,осы күнге шүкірлігін айтты....
Иә, бұл күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған,тәуелсіздігімізді алған,тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін,дербес те,тәуелсіз ұлтпыз.алда да солай бола береді.Асан қайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған » заманы қазақтың басына енді туды.Ол – Тәуелсіздік.Біз армандарды ақиқатқа аиналдырдық.Ол арман – Мәңгілік ел.Тәулсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі , тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.Ендеше , қазақ елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз.«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қзақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім.Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады.Бұл орайда елең еткізген жаңалық тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін - тұжырымы. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес,Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу."Мәңгілік ел"ұғымын тереңнен түсіндіру,тарихи негіздерін көрсету маңызды болып табылады.Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшңн азаматтарымыз білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет.Себебі,кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы,адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек.Бұл әрине оңай шаруа емес.Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың сөзімен айтатын болсақ, «Қазақтың ендігі ұлттық идеологиясы осы «Мәңгілік ел» деп ойлаймын.2050 жылы «Мәңгілік ел» бола саламыз деп ешкім кесім жасай алмайды.Елбасы оны айтып оырған жоқ.Қазақтың түпкі арманын меңзеп отыр.Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт,мақсат- мұрат керек.Бұл кешегі жолдауда айтылған,қазақтың көкейіндегісін дөп тапқан сөз болды деп санаймын.»
Тәуелсіздік – қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым.Тәуелсіздіктік туын желбіретіп,жықпай ұстау,біздің қолымызда.Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оның көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз.Ұлттық санамыз саяси сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата – бабамыздың қандай болғандығын,ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын , бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екінімізді ұғынып,келешекке жеткізу парызымыз.Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізде екеніне мақтанамын.Мен мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымын.ХХI ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа , кемел келешекке апаратын біз – жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен,тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп,асыл мұраты алға жетелесін демекпін.
№5.
Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігіне ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтасақ қана Мәңгілік Ел бола аламыз. Біз – Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағын тәрбиелеу оларға сапалы білім беру жолында тынбай, аянбай еңбек етіп келеміз. Бүгінгі төгілген маңдай тер ертеңгі өскелең ұрпақтың болашағына жұмсалатын алтыннан да қымбат қазынасына айналады.Еліміздің гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуымыз керек. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуіміз тиіс!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз