Материалдар / Мәңгілік ел эссе

Мәңгілік ел эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
1455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мәңгілік Ел» идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны«Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел!»Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Ұстаз балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ұстазы, әрі ақылшы кеңесшісі. Ол өз сыныбының оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылыкты бала тәрбиесі ісіне біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын олсынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың өмірдегі әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сынып жетекшісі сыныптағы оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру ісімен айналысады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға, Қазақстанның патриоты-азаматын тәрбиелеуде ата-аналармен қатар мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің ықпалы зор. Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Сынып жетекшісі тәрбиелеудің әр алуан түрлері мен басты бағыттары арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуі, қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасайды.

Мен де идеяны жүзеге асыруда өз үлесімді қоспақшымын.Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Осы міндеттерді атқаруға сынып жетекші ретінде өз үлесімді қосып жүрмін. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған сынып жетекшілерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта сынып жетекші ретінде сыныбымның пән мұғалімдерімен тығыз байланыста боламын. Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Менің сыныбымда ұйғыр,қазақ ұлттарының балалары оқидыір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осылайша Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.















































«А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ



























«Мәңгілік Ел» идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны



















Орындаған: Байшева Асел Умиржановна















Жаңақұрылыс ауылы2017-2018 оқу жылы

-

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ