400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БЕЙНЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БЕЙНЕСІ

Жанулова Гульшат Мухамбетрахимовна

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы» КММ

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары, мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану.

Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мораль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді.

Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған болатын. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тәжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды.

Бұл құндылықтар уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

- Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы;

- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

- зайырлы қоғам және руханият;

- индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім;

- Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы;

- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу [1].

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015) жаңартылған білім беру мазмұнына төмендегі талаптар қойылған:

Бастауыш білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған. [2].

Бастауыш білім беру мазмұнында:

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.

Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:

1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;

2) сын тұрғысынан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;

2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;

4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.

Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:

1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;

2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны білім беру саласы бойынша бастауыш білім берудің басты миссиясына сәйкес айқындалады, оған сәйкес білім алушыны тек оқытып қана қоймай, сонымен бірге оның рухани дамуының және әлеуметтік маңызды дағдыларының іргетасын қалау керек.

ҚР МЖМБС-та белгіленген құндылықтар

  • ҚҰНДЫЛЫҚ-ИДЕАЛДАР: рухани, танымдық, эстетикалық, гуманистік және әлеуметтік.

  • ҚҰНДЫЛЫҚ-ҚАСИЕТТЕР: өмірлік әрекетте бекітіліп, тұлғаның қасиеттері ретінде байқалады.

  • ҚҰНДЫЛЫҚ-МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАР: құндылық-қасиеттерді жүзеге асырудың және нығайтудың ерекше құралдары.

Құндылық-идеалдар білім берудің мақсаттары мен міндеттерінде , Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жөніндегі мектеп миссиясында қамтылады. Құндылықтардың әр біреуі , педагогикалық сұрақ ретінде белгіленіп, тәрбие міндетіне айналады. Отан дегеніміз не? Отаншылық пен азаматтық жауапкершілік дегеніміз не? Құрмет дегеніміз не? Ынтымақтастық дегеніміз не? Ашықтық дегеніміз не? Өмір бойы білім алу дегеніміз не? Бұны түсінгендерін көрсету үшін сұраққа жауап береді. [3].

Мектептегі білім берудің құндылықтары оқушылардың төмендегі қабілеттерінде көрінуі керек:

  • жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу;

  • мәдениеттер мен пікірлердің сан-алуандығын құрметтеу;

  • шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау;

  • көпшіл және жылы шырайлы болу;

  • әлеуметтік жауапкершілігі және жанашыр болу;

  • ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез-келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті болу;

  • өмір бойы білім алуға дайын болу.

Оқыту үдерісін ұйымдастыру арқылы құндылық-мәндік нұсқауларын құру

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Құрмет

Өзгеге деген, олардың мәдениеті мен басқа ұлттарға деген құрмет қатынастарын, өз ісіне жауапкершілікті, өзге адамдардың сезімдерін түсіну және оларға жаны ашу, адамға деген адами қатынастарды тәрбиелеуді дамытуға бағытталған оқу жағдайлары мен тапсырмаларын құрастыру.

Өзіне бағытталған эмоционалды-жағымды қатынасты, өзгелерге және олардың пікірлеріне, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, әр ұлттың тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру.

Ынтымақтас тық


  • ұжымда жұмыс дағдыларын құру

  • жағымды өзара әрекет пен ынтымақтастық атмосферасын құру

  • сынып, мектеп, жергілікті қоғамдастық төңірегіндегі ынтымақтастық

Мүдделі тараптармен бірігіп жұмыс істеуге дайындық, олардың пікірлері мен ұсыныстарына ашықтық, шешімді бірігіп қабылдау


Ашықтық


Оқу үдерісінің ашықтығы мен мөлдірлігі: белгілі оқыту мақсаттары, бағалау критерийлері мен шешім қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Оқушыларда ашықтық пен адалдық қағидаларын қалыптастыру. Жаңа білімге деген ашықтық.

Қазақстан дық отансүйгіш тік және азаматтық жауапкерші лік


Өз Отанына деген мақтаныш сезімін, отбасында, жергілікті, аудандық, ұлттық және жаһандық қоғамдастықтарда өз орнын көре білу сезімдерін қалыптастырушы, қазақстандық қоғамның құндылықтарын ұғынуға септік тигізетін жағдайлар үлгі болады.


Өз Отаны, халқы мен тарихына деген мақтаныш пен ортақтастық, Қазақстандағы қоғам мен дамудың әл-ауқатына жауапкершілігін сезіну сезімдерін қалыптастыру.


Өмір бойы білім алу


Өмір бойы білімін арттыруға, жаңаны тануға және шығармашылыққа деген ынтаны қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту мен өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру.


Әрі қарай білім алуға және біліктілігін қайта арттыруға психологиялық дайындық. Өзінің танымын әр қилы өмірлік жағдаятта өз бетімен реттеу қабілеті.


Бұл бағдарлама балалардың өздігінен білім алу дағдыларын, талдау, өз көзқарасын дәлелдей білу, командада жұмыс істеу, алған білімдерін өмірде пайдалану қабілеттерін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі