400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ- ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ- ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ


Ахметова Айгүл Орынбасаровна

Ш.Уәлиханов атындағы жом

Бастауыш сынып мұғалімі


«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.

Қазақ халқының өмір салтындағы әдет-ғұрыптары мен рухани үрдісіндегі сан қилы болмыстары қайран қалдыратын құбылыстарға толы. Қазақ халқының түркі заманынан күні бүгінге дейін келе жатқан мұрасы ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары деп толықтай айта аламыз. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбие құралы, болашағының қалыптасуын қамтамсыз етуі іспеттес тәлімдік жүйе болды десек артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасының жаһандану сипатын дамыту жолында, қоғам алдында ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды етіп тәрбиелеу жолын дұрыс жолға қою міндеті тұр.

Қазақ халқы баланы отбасының және жеке өмірінің жалғасы мен болашағы деп есептегендіктен, оның тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлген. Жалпы, тәрбие мәселесіне, әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы үлкен мән береді: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Ата-ана, үлкендер! Көргенділікті әуелі көп алдыңда өзің көрсет. Балаңды да бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент», «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді», «Әуелі, өзің үлгілі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады. Әйтпесе, ертең опық жейсің» деп жан-жақты талдаған және де отбасындағы әр мүшенің өзіндік орнын даралап, үлкенді аға, кішіні іні деп бір-біріне деген сыйласымдық үлгісін дарыта білген. Осы тұрғыда халық отбасындағы тәрбиеге әрбір жанұя мүшесінің тәрбиелік міндетін дәстүрлі түрде қасиеттермен қалыптастырған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Ағасы бардың жағасы бар», «Інісі бардың тынысы бар» деп айтқан. Отбасындағы тәрбие жеке тұлғалар тәрбие ісінде отбасының өзінің орнына, ұлттық тәжірибеге (халық педагогикасына), туыстық қатынастарына, әлеуметтік дәстүрлерге т.б. сүйенеді. 

Белгілі педагог К.Д.Ушинский «Халықтық (этностық) тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ» - дейді. Ал, Арестотель «Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»деп қарастырды. Дана халқымыз өзінің ұлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Бұлар- халықтың іс-әрекеттерінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен ұстанымдарының көрінісі деп түсінген дұрыс. Қазақ халқы өмір сүрген ортаның әлеуметтік экономикалық жағдайына , мәдениеті мен тарихына сай жастарға тәлім мен тәрбие берудің басқа халықтарда қайталанбайтын талап – тілектерін дүниеге әкелген. Қазақ халқының ең құнды байлығы – салт-дәстүрі. Салт – дәстүрлердің пайда болуы мен қалыптасуының өзінің тарихы бар екені белгілі. Себебі, қазақ елі жеке ұлт ретінде құрылғанға дейін небір қиын қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, қазіргі таңда өзіндік сипатымен орныққан бүгінгі күнге жетіп отыр.

Ұлттық тәрбиенің түп төркіні халық педагогикасымен байланысып жатқандықтан, ол халықтың рухани әрекетінің барлық саласын қамтиды. «Қазіргі қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық», - деп, Елбасы өз жолдауында нақтылағанындай, қазіргі заманның жаһандану сипатымен үйлестіре адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру өзекті мәселелердің біріАдамның бойындағы қандай да қасиеттер, мейлі жақсы, мейлі жаман болсын ол адамгершілік, білім-парасаты, инабаттылық, кісілік мінез, еңбек дағдысы, – бәрі-бәрі үлгі-өнегені үйрену арқылы жұқпақ. Оның негізі ұлттық тәрбие беруде. Бұрынырақта баласын тәрбиелеу мақсатында адамның өмірі мағыналы болсын деп, ұлы адамдардың қасына қосып қойып, солардың қасында жүру арқылы, аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен. Сондай адамдардан тәрбие алған адамдардың біразы кейіннен халқымыздың біртуар азаматы болып ержетіп отырған. Кейін ел ісі де осындай жастардың қолына өтіп отырған.

Бәсекеге қабілетті, рухани-адамгершіліктік тұрғыдан жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстаным – ұлттық мүдде, ұлттық намыс, ұлттық рух деген қасиетті ұғымдардан хабары бар, өз халқының тарихын, әдебиетін терең меңгерген, рухани – мәдени мұраға деген аялы көзқарасы қалыптасқан ұрпақ тұласын қалыптастыру болуы тиіс. Өйткені ұлттық сана мен рухты тәрбиелеп, бойында рухани-адамгершіліктік қасиеттері жинақталмаған ұрпақсыз ұлттық мемлекет қалыптастыру мүлдем мүмкін емес. Сондықтан да біз жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие берудегі басты құралымыз, ең алдымен этномәдени рухани құралымыз деп білеміз.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Басты міндетіміз – рухани және әлеуметтік, адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен ұлттық дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру. Сондықтан да, Отанымыздың болашақ дамуына үлес қосатын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз – адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең сезімі. Ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, оқушылардың саяси білімдерін жетілдіруге, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін қалыптастыра білуге тәрбиелейміз. 
Жас ұрпақтарымыз - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете түсініп, бағасын біліп, қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет.

Қорыта айтқанда, жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа  айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі