400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән / модуль атауы: Қазақстан тарихы


Оқу орны: «Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК


Оқу сабағының жоспары


Тақырып

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі.

Оқытушы

Мұратова Лаура Қайырханқызы

Күні

30.06.2023ж

Курс, топ

1 курс «ЕТ - операторы»

Оқыту нәтижелері (Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтау.

*Бағалау критерийі (Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының пайда болу тарихын түсіндіріп, тарихи негіздерін анықтайды;


*Тарихи ойлау дағдысы

Уақыт пен кеңістікте бағдарлау

*Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

Қажетті ресурстар

11-сынып Қазақстан тарихы 2-бөлім – Атамұра (atamuraweb.kz)

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.«Мәңгілік Ел»: идеясының біріктірушілік рөлі неде? - поиск Яндекса по видео (yandex.kz)


Сабақ барысы

Сабақ кезеңі / уақыты

Оқытушының қызметі



Білім алушының қызметі

Ресурстар




3 минут


7 минут












5 минут


Ұйымдастыру кезеңі:


Ресурста берілген сілтеме арқылы электронды тақтадан студенттерге тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіледі. Сұрақ беріп, ойлануға мүмкіндік беріліп, ойлануға мүмкіндік беріледі.

Сұрақтары:

- «Мәңгілік Ел» дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңызы қандай?




«Миға шабуыл» әдісі


«Мәңгілік Ел» ұғымына ассоциация жасау.

Кілт сөздер: Тәуелсіздік, ұлттық идея, автономия, татулық, болашақ.

Студенттердің жауаптарын білгеннен кейін, оқытушы студенттермен жаңа тақырыптың оқу нәтижесін, бағалау критерийлерін талқылайды.


Максаты: Жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Студенттің стандартты немесе шығармашыл ойлауын дамытады. Нақты саналы шешім қабылдауға негіз бола алады. Функцианалды түрде сыни ойлауды дамыту.


Тиімділігі: қысқа мерзімде көп мөлшерде идея жинақтайды. Мәселелерді талқылайды, өзіне сенімсіз білім алушыларды талқылауға қатыстыру үшін ынталандырады. Сонымен қатар, ақпараттануын немесе дайындығын анықтап, оқу нәтижесіне бағыттайды.



Студенттер: бейнеролик көрсетілімінен кейін «Интервью» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп

кері байланыс жасайды.





Студенттер: «Миға шабуыл» әдісі арқылы, «Мәңгілік Ел» ұғымына ассоциация жасайды.

Кілт сөздер: Тәуелсіздік, ұлттық идея, автономия, татулық, болашақ. Осы ұғымдарын бере отырып, өзара байланысын анықтайды, кері байланыс береді.

ҚБ: Сұрақтарға жауап беру арқылы.



«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.«Мәңгілік Ел»: идеясының біріктірушілік рөлі неде? - поиск Яндекса по видео (yandex.kz)





11-сынып Қазақстан тарихы 2-бөлім – Атамұра (atamuraweb.kz)


Сабақтың ортасы




15 минут
















































































10 минут


1 тапсырма: «Мәңгілік Ел» идеясының өзгеріс пен сабақтастығын зертте. Студенттерді топқа бөліп, кестені толтыру ережесімен таныстырылады.


«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы болған көне кезеңін сипатта

Тасқа жазылған дастандарды ата

Көшпелілер мемлекеттілігінің тұтас даму үрдістерін сипатта





1.Күлтегін

2.Тоныкөк

3.Білге



Мәңгілік ел идеясының түркілік кезеңімен тығыз байланыстылығына мысал келтір



1.

2.

3.



Орын алған өзгерістер мен сабақтастықтардың себептері


1.

2.

3.

Жаһандық контекст

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеологиясының тарихи негізіне баға бер





«Мәңгілік Ел» идеясының өзгеріс пен сабақтастығын зерттеу 1 тапсырмасының максаты: Мәңгілік Ел» идеясының бастауы болған көне кезеңін сипаттайды. Күлтегін, Тоныкөк , Білге қаған тас жазуларындағы деректермен сабақтастығын анықтайды. Орын алған өзгерістер мен сабақтастықтардың себептерін аныктау арқылы уақыт пен кеністікте бағдарлап, тарихи ойлау дағдысы калыптасады.


Тиімділігі: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындайды.Білім беру мазмұнын табысты игеруге, студенттің қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы ортасын құру.


Саралау. білім алушының танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.Ол үшін студенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ЕБҚЕ студентке жетелеуші сұрақ: Мәңгілік ел ұғымының тарихына тоқталу. (С тобындағы оқушы) ЕБҚЕ студенттің жеке танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді жолы болып саналады.


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы кесте толтырады. Жеке ойлауға, серіктесімен ақылдасуға, ой бөлісуге шақырады.


Мақсаты: Идеялармен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. Жеке ойлау, ой бөлісу арқылы кесте толтыру.


Тиімділігі: Ойлау арқылы жауаптар немесе идеяларды барынша кеңінен жазу арқылы,өз идеяларымен бөліседі. Жеке ойлауға, серіктесімен ақылдасуға, ой бөлісуге шақырады.Тарихи ойлау дағдысын қалыптастырады.



2 тапсырма: Маңызды жалпыұлттық 7 құндылықтың тарихи негізін кестеге жинақта.

Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.


қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.


зайырлы қоғам және жоғары руханият.


индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.


Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.


тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.


еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелер



Саралау: Білім беру процесінің барлық субъектілеріне өзін-өзі дамытудың тиімді мүмкіндіктерін беретін білім беру ортасын қалыптастыру қажет. Мысалы, қарқыны жоғары студентпен қатар қабылдауы жәй, қолдауды қажет ететін «А» тобындағы студентті ажыратпау үшін жеңіл осы кестедегі маңызды жеті құндылыққа түсінік беру тапсырмасы беріледі.


Мақсаты: Студенттер өз көзқарасын, ұсынылған проблемаға көзқарасын білдіреді. Ойды ынталандырадыру, тақырыптың терең талдануына, қорытындылауына мүмкіндік беру.


Тиімділігі: Берілген кесте бойынша өз көзқарасын білдіріп шешім қабылдайды. Білік дағдылары қалыптасады. Функционалдық сауаттылығы дамиды.


Студенттер:

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топқа бөлініп, «Мәңгілік Ел» идеясының өзгеріс пен сабақтастығын зерттейді. Ақпарат көзі ретінде оқулықты пайдалануға болады. Кестені толтыруға кажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табады.

Кестеге толтырған мәліметтерді салыстырады, бағалайды, бір-біріне кері байланыс береді.

Өзгерісі мен сабақтастығын зерттейді, өз тұжырымдарымен дәлелдейді.


Дескриптор:

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы болған көне кезеңін сипаттайды.

Тасқа жазылған дастандарды атайды.

Көшпелілер мемлекеттілігінің тұтас даму үрдістерін сипаттайды

Мәңгілік ел идеясының түркілік кезеңімен сабақтастығын анықтайды.

Мәңгілік ел идеясының түркілік кезеңімен тығыз байланыстылығына мысал келтіреді.

3 өзгерісін табады

3 сабақтастығын табады

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеологиясының тарихи негізіне баға береді.



ҚБ: Өзара бағалау








Студенттер: «Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама екенін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге ала отырып жасақталғанын анықтайды.

Тарихи негіздерін талдап, рет – ретімен кестеге орналастырады. Барлық студент оқу үдерісіне қатыса алады.


ҚБ: өз-өзін бағалау


Призентация


11-сынып Қазақстан тарихы 2-бөлім – Атамұра (atamuraweb.kz)


«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде: 2015 жылғы 12 қазан, 21:15 - inform.kz жаңалықтары



«Мәңгілік ел» идеясын қалай түсініп жүрміз? (e-history.kz)
































































11-сынып Қазақстан тарихы 2-бөлім – Атамұра (atamuraweb.kz)


«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары — ULAGAT


«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері /Дереккөз:

http://e-history.kz/





Жеңісұлы Ж. Бұл идеяның қазақ үшін маңызы неде? /http://almaty-akshamy.kz/


Соңы

3 минут

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» кестені толтырыңдар. Сабақта алған білімі бойынша

рефлекция жүреді.


Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласыңба?

Саған қиындыық тудырған түсініктер






«Ойды аяқта» әдісі арқылы алған білімін саралап, кері байланыс береді

Студенттер: сабақта алған білімі бойынша ойын білдіреді. Қандай жаңа білім алғанын, алған білімді қолдана алама, қиындық тудырған түсініктер болдыма деген сұрақтарға жауабын кестеге толтырады.


ҚБ: Сұрақтарға жауап беру арқылы

Призентация



Үй тапсырмасы

2 минут

«Мәңгілік Ел» – XXI ғасыр идеясы» тақырыбында 100–150 сөзден тұратын эссе жазыңдар. Тірек сөздер: Тәуелсіздік, ұлттық идея, «Мәңгілік Ел», татулық, болашақ.

Эссе жазу.




Жоспардың түсіндірмесі

Менің сабағым: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтау. Бұл тақырып өзгеріс пен сабақтастық тарихи концептісі негізінде жүзеге асырылады.

Оқу нәтижесі оқу бағдарламасына сай. Себебі оқу нәтижесі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін анықтайды. Типтік оқу бағдарламасының VII бөлімі. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы; Бөлімшесі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы.

Типтік оқыту жоспарындағы бағалау критерий тақырыбыма сай келеді. Себебі: Тәуелсіздік, ұлттық идея, автономия, «Мәңгілік Ел», татулық, болашақ ұғымдарын пайдаланады.

Менің бағалау критерийлерім оқу нәтижесіне сәйкес келеді. СМАРТ форматына тұжырымдалған. Себебі, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының пайда болу тарихын түсіндіріп, тарихи негіздерін анықтайды. Осы критерийлерге жету үшін тарихи концепті «Өзгеріс пен сабақтастық» алынды. Тарихи ойлау «Уақыт пен кеңістікке» бағдарлау. Тарихи ойлау прогрессиясы: өзгеріс пен сабақтастықтардың ұзақ уақыт аралығында көптеген үдерістері бар екенін түсіну.

Сабақ процесінде қолданылатын әдістеріме тоқталайық. Студенттердің барлығын бірдей оқу үдерісіне қатысуға ықпал етуі қажет. Кейбір студенттерге «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының пайда болу тарихын түсіндіріп, тарихи негіздерін анықтау оңай болмауы мүмкін. Сол себепті, ойлау денгейі әр – түрлі студенттерді (инклюзиялы) оқу үдерісіне тарта алатындай кызыкты әдіс кана көмектеседі. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Мәңгілік Ел» ұғымына ассоциация жасайды. Максаты: Функцианалды түрде сыни ойлауды дамыту. Мысалы: жазылған Тәуелсіздік, ұлттық идея, автономия, татулық, болашақ. ұғымдарын бере отырып, өзара байланысын анықтайды, кері байланыс береді.

Сабақтың негізгі бөлігінде 1 тапсырмамда «Мәңгілік Ел» идеясының өзгеріс пен сабақтастығын зерттеу беріліп тұр. Студенттерді топқа бөліп, кестені толтыру ережесімен таныстырылады. Мұнда Мәңгілік Ел» идеясының бастауы болған көне кезеңін сипаттайды. Күлтегін, Тоныкөк , Білге қаған тас жазуларындағы деректермен сабақтастығын анықтайды. Орын алған өзгерістер мен сабақтастықтардың себептерін аныктау арқылы уақыт пен кеністікте бағдарлап, тарихи ойлау дағдысы калыптасады. Уақыт пен кеністікке бағдарлау тарихи дағдысын дамыту арқылы барлық студенттерді оқу процесіне тарту бір кестенің ішіне жинақталған. Қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған сұрақтар. Топтасып орындау арқылы, көне кезең мен өазіргі кезді салыстырады. Өзгеріс пен сабақтастығын анықтайды. Дескрипторлар арқылы кері байланыс жасайды. Мысалы:

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы болған көне кезеңін сипаттайды.

Тасқа жазылған дастандарды атайды.

Көшпелілер мемлекеттілігінің тұтас даму үрдістерін сипаттайды

Мәңгілік ел идеясының түркілік кезеңімен сабақтастығын анықтайды.

Мәңгілік ел идеясының түркілік кезеңімен тығыз байланыстылығына мысал келтіреді.

3 өзгерісін табады

3 сабақтастығын табады

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеологиясының тарихи негізіне баға береді.

Білім алушының танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз ету қажет. Саралау: Ол үшін студенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ЕБҚЕ студентке жетелеуші сұрақ: Мәңгілік ел ұғымының тарихына тоқталу. (С тобындағы оқушы) Оның да жоғары деңгейлі тапсырманы орындай алатынына сенімділігі пайда болады. ЕБҚЕ студенттің жеке танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді жолы болып саналады. Бұл орайда маған осы тапсырманы орындау үшін «ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданамын. Тиімділігі: Ойлау арқылы жауаптар немесе идеяларды барынша кеңінен жазу арқылы,өз идеяларымен бөліседі. Жеке ойлауға, серіктесімен ақылдасуға, ой бөлісуге шақырады. Нақты, қажетті деректерді тез тауып, функционалды сауаттылықты дамытады.

Келесі 2 тапсырмада маңызды жалпыұлттық 7 құндылықтың тарихи негізін кестеге жинақтау деп алдым. Себебі, бағалау критерийіме сәйкес, маңызды жеті құндылыққа түсінік берілуі қажет. Мысалы, «Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама екенін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге ала отырып жасақталғанын анықтайды. Тарихи негіздерін талдап, рет – ретімен кестеге орналастырады. Мұндай жеңіл тапсырманың түрін топта қарқыны төмен білім алушы (А тобындағы) ЕБҚЕ студент болған жағдайда өте тиімді. Саралау: Білім беру процесінің барлық субъектілеріне өзін-өзі дамытудың тиімді мүмкіндіктерін беретін білім беру ортасын қалыптастыру қажет. Мысалы, қарқыны жоғары студентпен қатар қабылдауы жәй, қолдауды қажет ететін «А» тобындағы студентті ажыратпау үшін жеңіл осы кестедегі маңызды жеті құндылыққа түсінік беру тапсырмасы беріледі. Барлық студент оқу үдерісіне қатыса алады.

Сабақ соңында «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» кестені толтырады. Сабақта алған білімі бойынша рефлекция жүреді. Мысалы: студенттер сабақта алған білімі бойынша қандай жаңа білім алғанын, алған білімді қолдана алама, қиындық тудырған түсініктер болдыма деген сұрақтарға жауап береді.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12.02.2025
228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі