400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәңгілік ел жарқын болашақ (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел жарқын болашақ. Мақала мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

МӘҢГІЛІК ЕЛ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗ

Ташимова Қ.А

ЖББОМ №13 КММ



Қазақ елінің арманы болған «Мәңгілік ел» идеясы – халықымыздың әл-ауқатын арыттырып, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін басты да жаңа қадам. «Мәңгілік ел» ұстамының маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050» атты жолдауының басты міндеті етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты болашаққа жетелеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті құрметтеп, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойы арманына айналған дүние болатын. Бұл армандарымыз – басқа халықтармен теңесіп, әлемге атын шығаратын Тәуелсіз Мемлекет болу еді.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың қанша жылдан бергі асыл арманы және басты тілегі болатын.

Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел  отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек те болады.

Ол тілік арманымыз – тұрмысы жақсы және ұрпағы ертеңіне нық сеніммен қарайтын бақытты мемлекет болу.Халқымыздың сан жылдар бойығы арманы болған Мәңгілік Елдің іргесін осылай қаладық.

Ең алдымен халқымызеліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғызды.

Болашақ ұрпақ – Мәңгілік елдің ұлы перзенттері болады.

    Тәуелсіздікті ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап келгенін әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отыру керек.        

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Орта ғасырлардан , көне тарихтан бастау алатынын көрсету керек.

       Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін болашақ ұрпағымыз бабаларымыз аңсап өткен  тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсағандарын біз және келешек ұрпақ жақсы біледі.Оқушылар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.

   

    Қазіргі кездегі қолжетімді ақпараттардың көбі оқушылар мен жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды түсініктерге қарсы тұра білуге қалыптастыру қажет. Өйткені қазіргі кездегі теріс ниетті ағымдардың ықпалына еріп кететін осы жасөспірімдер мен жастар болып отыр. Жас өспірімдердің мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Теріс пиғылды идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай теріс ағымдар кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына іріткілер салып отыр.


    «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын болашақ мектеп оқушылары болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлтшыл өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы - «Мәңгілік ел» идеясы. Мектеп оқушылары мектеп табалдырығын аттағаннан бастап осы идеямен танысып, білімдерін шыңдайды.

    Қазақ елі үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы байлығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік.

  Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік маңызды іске айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқанымызға өте ыразымыз. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, ежелден аңсаған еркіндіктің туы жоғары, елдігі берік болсын дегім келеді!










Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.

2. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012. — 568 б. 3. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі