400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Мәңгілік ел-мәңгілік тарих"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл іс-шара басқа да мектеп ұстаздарына қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



10-20 желтоқсан аралығында Кемелұлы жалпы орта мектебінде өткізілген «Мәңгілік Ел-мәңгілік тарих» атты тарих апталығының мәліметі

Оқу жылының басында құрылған жоспарға сәйкес тарих он күндігі 10—20 желтоқсан аралығында өтті.Оған 5-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері алдын ала құлағдар болып,іс-шараның өтуіне өз үлестерін қосты.Аталған он күндікке төмендегіше жоспар құрылып, жұмыстар атқарылды

10.12.18 күні апталықтың алғашқы күні барлық оқушыларға іс-шара жоспары тарихи қойылым қойылу арқылы таныстырылып, ашылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді.10 сынып оқушылары қазақ хандарының бейнесін бейнелеп, өткен ғасырларға шолу жасады.

11.12.18 күні «Мәңгілік Ел-мәңгілік тарих» тақырыбына сай қабырға газеттерін,лэпбук,бүктеме,сөзжұмбақ, ребус сияқты тапсырмалармен жұмыс жасады.Оқушы шығармышылықтарын тарих пәні мұғалімдері саралап бағалады.

12.12.18 күні М. Маманов «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласымен 8-11 сынып оқушылары арасында талқылау жұмысын жүгізіді. Оқушы ой пікірімен бөлісті. Осы күні сабақтан тыс «Тарихыммен шыңдалам» тақырыбында Ордабаева Еңлік 5-6 сыныптар аралығында танымдық сайыс өткізді.Бұл топтық сайыста алғашқы түркі кезеңдерінен бірнеше турға бөлінген тақырыптық тапсырмаларды оқушылар жарыса орындады.Нәтижесінде 6 а сыныбынан құралған «Алтын адам» тобы жеңіске жетіп мақтау қағазымен марапатталды.

13.12.18 күні «Жанымыз желтоқсаншылармен бірге» атты Р.Аймағанбетова және Л. Тәшкеева апайлармен кездесу кеші ұйымдастырылды.Алдын ала желтоқсан оқиғасына қатысты видео роликтер дайындалып көрсетілді. Л. Тәшкеева сол кездегі оқиғаның көз алдында қалай өткені, бұл қасіреттің тарихта алатын орны жайында тебірене еске түсріп, оқушыларға тәуелсіздіктің, еркіндіктің қадірін білу қажеттілігін айтып өтті.

14.12.18 күні «Өткен тарих бүгінгінің көзімен» атты тақырыпта әр сынып тарих пәні мұғалімдері берген тақырыптар бойынша кесенелердің кішірейтілген үлгісін жасап, сол кесене тарихымен таныстырды.Үздік деп танылған 7 а сынып оқушыларының жұмысы (Айша бибі кесенесі) марапаталды.

19.12.18 күні М. Ахметова «Қазіргі заманның құндылықтары неде?» тақырыбында 10 сынып оқушылары мен дөңгелек үстел өткізді.Оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.10 сынып оқушысы Қ. Тәңірбереген ұшқыр ойымен, сөз саптауымен көзге түсіп үздік сарапшы атауымен мараппаталды.

20.12.18 күні «Өткен тарих-шежіре» атты 7а, ә сыныптары арасында орта ғасырларға шолу жасалынған интеллектуалды сайыс өткізді. Интелектуалды ойынның мақсаты:Оқушылардың шығармашылығын арттыру, өз бетімен іздене білуге, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.Ойын 5 кезеңнен тұрды.Оқушылар 2 топқа бөлінді.Сайыс тартысты түрде өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды. 7ә сынып оқушылары жеңіске жетіп марапатталды.

21.12.18 күні думан залда 7-10 сыныптармен қорытынды кеш өткізілді.Патриоттық ән, би, күй, тарихи көріністер қойылған бұл кеш жоғары деңгейде өтті. Оқушылар арасында актерлық шеберліктерімен, ерекше әсер қалдырған 7а сынып оқушылары І орынға ие болып мақтау қағаздарымен марапатталды

Қорыта келе тарих он күндігі оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тарихи сананы жағңыртуда өткізілген тартысты қызықты күндерге толы болды.Кезекті лездемеде белсенді қатысқан сыныптар, оқушылар мектеп директорынан мақтау қағаздарға ие болды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі