400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Мәңгілік ел-мәртебелі тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың, деп жырлағандай қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Боранбаева Ақмарал


Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Ақбалшық бастауыш білім беретін мектебі жанындағы

Мектепалды даярлық тәрбиешісі






Ертеңгілік

Мәңгілік ел – Мәртебелі тіл!


Жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Сап тік тұрыңдар!


(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады)


Жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың, деп жырлағандай қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.


Олай болса «Ана тілім» әніне кезек береміз!

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның-дей отырып, бүлдіршіндеріміздің дайындаған өлеңдеріне кезек береміз!


Тіл – тарихым,

Тіл ардағым.

Ана тілім - өз тілім

Ана тілім үйретеді,

Неше түрлі сөз түрін.

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.


Ән «Ана тілім – туған тілім» Меруерт Нұртасқызы


Ақындардың өлеңін,

Жүрегіне түнетіп,

Көтеріпті ұлы елім

Ана тілін ту етіп.

«Бейбітшілік» биімен биші қыздарымызды ортаға шақырайық


Ән «Әрқашан күн сөнбесін»


Өсірген ой-білімді,

Сүйемін туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – Мәртебелі тіл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі