Материалдар / "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" тілдер апталығының іс шара жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" тілдер апталығының іс шара жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" тілдер апталығының іс шара жоспарыжәне атқарылған жұмыстар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
333
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітілді»

С.Мұқанов атындағы жалпы

орта мектебінің директоры

Табылды Н.Қ.

Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында өткізілетін онкүндік

іс-шара жоспары

Іс – шараның атауы

Форматы

Мерзімі

Жауапты

1

Іс-шараның бұйрығын, іс-шара жоспарын бекіту

Бұйрық, хат, іс-шара жоспары

04.09.2023ж

Бірлестік жетекшісі

А.Қожасейітова

2

«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты

Концерттік іс -шара

05.09.2023ж

Мектеп басшылары.Тілдер бірлестігі

А.Қожасейітова

Л.Хасанова

Н.Бауыржанқызы

3

«Үздіктен үйрен»

Язык ключ к знаниям

Дөңгелек үстел

06.09.2023ж

Л.Хасанова

Орыс тілі пән мұғалімдері және 5-6-сынып оқушылары

4

«Шәкәрім баба өсиеті»

7-сыныптар аралығында байқау

(Шығармаларынан үзінді оқу)

07.09.2023ж

Тілдер бірлестігі

7-сынып жетекшілері

Жетпісбаева Г

Жұмабекова И

5

«Өнер алды -қызыл тіл»

9-сыныптар аралығындабайқау

(ақындар айтысы)

08.09.2023ж

Бірлестік жетекшісі А.Қожасейітова

6

«Ж.Аймауытов педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі»

Зерделеу жоба жұмыстары (қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде)

08.09.2023ж

10-11-сынып оқушылары

Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері

7

«Тілім менің- тірлігімнің айғағы»

Сырттай эссе байқауы (қазақ,орыс,ағылшын пәндерінен)

11.09.2023ж

8-9-сынып оқушылары

Қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдері

8

«Қ.А.Ясауи түркі халықтарының ар мен жан тазалығы дәріптеушісі»

Қ.Ясауидің 930 жылдығына орай

сыныптар арасында көркем сөз оқу челленджі

12.09.2023ж

7-8-9-сыныптар аралығы

Пән мұғалімдері

Күленов С.

Жетпісбаева Г

Жұмабекова И

А.Қожасейітова

9

«Өз тілің-бірлік, өзге тілің – тірлік»

Мәнерлеп оқу байқауы

13.09.2023ж

2-5-сыныптар аралығы

10

«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбындағы онкүндікті қорытындылау

Қорытынды іс-шара.

Марапаттау

15.09.2023ж

Мектеп басшылары. Тілдер бірлестігі.

5-11-сынып оқушылары

Сынып жетекшілер


С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай “ Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” тақырыбында 5-15 қыркүйек аралығында онкүндік іс шара жоспары түзіліп, дайындық жұмыстары жүргізіліп,ашылу салтанаты өтілді.Салтанатты жиынға қазақ, орыс, ағылшын тілдері бірлестігінің пән мұғалімдері көркем сөз оқылған бейнебаян түсіру арқылы барлық ұстаздар қауымы мен оқушыларға арнайы шақырту жасады.Салтанатты жиында іс- шара жоспарында атқарылатын жұмыстар тізімі оқушылар мен ұстаздарға таныстырылып,мемлекеттік тілді дамыту,тіл мәдениетін,тіл мәртебесін көтеру,оқушылардың ана тілге деген құрметін арттыруға байланысты әңгімелер қозғалды.9-сыныптың оқушылары қазақтың ұлттық биі мен әндерін орындап, « Тіл- ұлттың жаны» тақырыбындағы қойылымын көрсетіп, концерттік іс-шара ұйымдастырылды.



06.09.2023ж күні орыс тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен (Бірлестік жетекшісі Л.Хасанова)

орыс тілі пән мұғалімдері және 5-6-сынып оқушыларымен «Үздіктен үйрен» айдары бойынша «Язык ключ к знаниям» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел өтудегі мақсаты:

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, өзге ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар,- деп басталып, оқушыларға мемлекеттік тіліміздің мәртебесі туралы көптеген мәліметтер берілді.

Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. 

Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін оқушыларға сезіндіре білді. 

   




07.09.2023 күні 7-сыныптар аралығында «Шәкәрім баба өсиеті» тақырыбында шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. Пән мұғалімдері Жетпісбаева Г, Жұмабекова Индираның . ұйымдастыруымен байқау өз дәрежесінде өтілді.Оқушылар Шәкәрімнің шығармаларының мән мағынасын түсініп, адамгершілік рухани құндылықтарды ашып көрсете білді.


08.09.2023ж айтыс өнерін насихаттау мақсатында айтыс өнерін насихаттап, оқушылардың қызығушылығын оятуға ат салысып жүрген ұйымдастырушы пән мұғалімі Қожасейітова Ақтолқын «Өнер алды -қызыл тіл» тақырыбында байқау өткізді. Байқауда дарынды талант иелерімен айтыс өнері жайлы сөз қозғалды. Шәкірттеріміз қазақ қоғамындағы ана тіліміздің қадір- қасиеті мен болашағы жайлы өз ойларын бүкпесіз айтып, тілге, елге жанашырлықтарын көрсетіп, суырып салма импровизаторлық өнерлерін ортаға салды. 9- сынып оқушылары Төлбасы Жансерік пен Әбдімәлік Інжу, Толыбай Мейіржан мен Жарылқасын Нұрай айтыс өнерінің ерекшелігін паш етіп, өз ойларын тапқырлықпен жеткізіп, көрермендер ықыласына бөленді.


\

11.09.2023ж күні 8-9-сынып оқушылары арасында қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы эссе жазу байқауы өткізілді.Үздік деп танылған эсселерге бейнебаяндар түсіріліп, мектеп оқушыларының арасында көрсетілді.



12.09.2023ж күні 7-8-9-сыныптар аралығында пән мұғалімдері Күленов С.. Жетпісбаева Г, Жұмабекова И . , А.Қожасейітованың ұйымдастыруымен «Қ.А.Ясауи түркі халықтарының ар мен жан тазалығы дәріптеушісі» тақырыбындағы Қ.Ясауидің 930 жылдығына орай оқушылар және мұғалімдер арасында көркем сөз оқу челленджі дайындалып «Ұлағат» жалпы орта мектебіне жолданды.




13.09.2023ж «Өз тілің-бірлік, өзге тілің – тірлік» тақырыбында бастауыш сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы және де ән байқауы өз дәрежесінде жақсы өтті.Белсене қатысқан оқушылар:Ораз Айша,Әбдіқасым Азамат,Дархан Айсұлу Мухидин Аршат марапатталды.



15.09.2023ж күні «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбындағы онкүндіктің қорытынды іс-шара жиыны салтанатты түрде ұйымдастырылды. Қазақ, орыс, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тілдер апталығының әдеби –танымдық қорытынды  кеші жасалды.Мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Қойжігітов құттықтау сөзінде елімізде  қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін,мәдениетін,сондай-ақ  мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып,маңызды апталықта белсенділік танытқан жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. Он күн бойы жоспарлы өткізілген іс -шараға белсене қатысқан оқушылар жеке- жеке марапатталды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!