Мәңгілік ел – болашағымыз
Еліміздің даму жолын
жоспарлап, қандай әрекеттерге басымдық көрсету керек екенінде
Елбасы жолдауының жөні ерекше. Әсіресе біздің білім саласына. Олай
дейтінім «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығы мен
Елбасының «2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы
балаларды мектепке дейін біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда»
деген сөзінің үндестігі тектен тек емес деп ойлаймын. Өйткені
қазіргі жаһандану заманында дамыған 30 елдің қатарына ену жолындағы
алғашқы қадамды осылай бастау көрегендік пен даналықтың белгісі деп
білемін.
«Өткен тарихымызға тағзым да,
бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де
«Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген Елбасы
сөзінде үлкен мән бар. Өйткені, бабалар жолы біз үшін асыл жол. Өз
өткенін, тарихын құрметтемеген ұрпақ азады. Осы ұлан –ғайыр мекенді
бабаларымыз қасық қаны қалғанша қалай қорғаса, біз де білегімізбен
де, білімімізбен де қорғамақ ниеттеміз және бүгінгі бейбіт
замандағы бақытымыздың баяндылығы , келешегіміздің де кемелденуі
бірлігіміз бен татулығымызда, ұрпағымыздың өнегелілігі мен
зеректігінде жатыр. Мәңгілік ел болу жолында біз біріншіден, өз
өткенімізге көз жүгіртіп кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім
боламыз деген сұрақты өзімізге жиі қойып, нәтижесін саралап
отыруымыз керек. Екіншіден, дана Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос,
көрмесең істің бәрі бос» деген нақыл сөзін өмірлік ұран етіп алу
керекпіз. Себебі, ат төбеліндей қазаққа ең әуелі ауызбіршілік
жетіспейді, біреу тың идея тауып талқыға салса, ең әуелі соның осал
жағын іздеп табамыз. Қаралаймыз, күстаналаймыз, іске татымастай
жарамсыз етеміз. Мәселен, министр Ерлан Сағадиев мырзаның
бастамалары елдің сынына жиі ұшырайды десек артықтық емес. Осы
мінезден арылсақ екен деймін.
Қорыта келе ,әлемдік бәсекеге
төтеп берудің басты шарты –күшті рух пен білім деген Елбасы сөзіне
қосарым, еліміз мәңгі болсын десек, әрекетіміз мәнді болсын,білімді
ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздық рухымыз әрқашан үстем
болсын!
«№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп»
КММ
Тақырыбы:
Мәңгілік ел – болашағымыз
Мұғалім: Бөрібекова М.Т
2016-2017 оқу жылы