Материалдар / «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін іске асырудағы тәрбиенің рөлі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік ел» Патриоттық актісін іске асырудағы тәрбиенің рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар арасында коучинг өткізуде көмегі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг-семинар

Тақырыбы:  «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін іске асырудағы тәрбиенің рөлі.  
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысу.

Түйінді идея: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.     

Сабақта қолданылатын материалдар:  маркер, стикер, ақ парақ, видеожазба, интерактивтік тақта

Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру,салыстыру, талдау, өзара пікірлесу, тест сұрақтарына жауап беру.

Кіріспе сөз : Тәуелсіздіктің жиырма жылдан артық тарихи жолын саралай келе, елбасының тұңғыш мемлекеттік ресми идеология - «Мәңгілік Ел» идеясын жариялауы болашаққа тізгін болып табылады. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Мәңгілік Ел болу барша қазақстандықтардың тарихи мақсаты. Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді. Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді.

- Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!


Коучинг сессиясының өту жоспары


Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері

      Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Жайлы атмосфера орнату.      

  2 мин

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, амандасып алайық.                         

Топқа бөлу

  2 мин

Парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады. 

Жиналыстың мақсатымен таныстыру

  2 мин

   Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысу. 

 «Миға шабуыл»

  3 мин

Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

 «Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша жұмыс.

 

 5 мин

І топ.   Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?

2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!т.б)

ІІ топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3
. . Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).

ІІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

Рефлексия 

«Тілек ағашы»

  2 мин

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш. Ендеше ,осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі -мұғалім , жапырағы – балаларымыз. . Тамыр істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгек берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. 
Енді стикерлерге өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көріңіздер. 




Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отыры

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!