Тақырыбы: «Мәңгілік Ел» -
қазақ елінің ұлттық идеясы
Бүгінгі
таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда.
Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік
міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру
үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, өскелең
ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары,
мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени
және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және
инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық
азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне
сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен
деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын
қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің
ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді
қолдану.
Осы
мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV
сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық
актісі әзірленіп, қабылданды.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Астана, 17 қаңтар 2014
жыл» Қазақстан жолы-2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
жолдауында:
«Мен
қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға
бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз
Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ
Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!»- деп өз сөзінде айқындаған
болатын.
Құжатта
Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің
елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері
ұсынылған. Олар:
1)
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және
Астана.
Біз
Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал
боламыз.
Біз
Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде
әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
2)
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен
келісім.
Біздің
Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір –
тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
3)
Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары
Руханият.
Азаматтық
және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және
өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік
берді.
Біз
еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен
өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын
боламыз.
4)
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық
өсім.
Біз
мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып,
табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда
білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде
бекітетін боламыз.
5)
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы.
Елдің
барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн
сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің
әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай
жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына
құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
6)
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің
ортақтығы.
Біз ортақ
тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз
Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра
түсеміз.
Біз
мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің
бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын
ұстанатын боламыз.
Біз –
Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
7)
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы
әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
Біз өз
жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық
қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті
парызы болып саналады.
Біз
бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің
халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін
боламыз.
Біз
Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа
аламыз.
Біз
Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа
биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл –
біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі
үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас
Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және
ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Қазіргі кездегі жаһандану
үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды
електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра
білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі
таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік
әрекеттердің қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны
белгілі. Жастардың мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде
олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады.
Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани
құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени,
тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология
кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі
тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді.
Бұған қарсы тұра білудің жолы
жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына
сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр
азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің
қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани
құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де
жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық
даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып,
өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан
тəрбиелеу - алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз
жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни,
төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз
бен тілімізді өркендету.
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге
асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен
білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына
біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары
ретінде қалыптасуға талпынуы керек.
Біз әр кез баламыздың бойына Қазақ елі мен
жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып отыруымыз
керек.
Мен - қазақпын, биікпін,
байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім
мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта
бергім!
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен
болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді
сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге
асыру жолында аянбай еңбек ете
білейік!
№1
Сауалнама
Құрметті ата-аналар!
Сіздерден «Мәңгілік Ел» тәрбиелеудің жаңа
құндылықтары туралы кәсіби-қоғамдық пікірге қатысты мониторингтің
бірінші кезеңіне қатысып, келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді
сұраймыз:
-
«Мәңгілік Ел»
патриоттық актісін енгізу мен жүзеге асыруда сіз үшін ақпараттың
негізгі көздері болып табылады (үштен кем емес жауап нұсқаларын
таңдаңыз):
а) сынып жетекшісі
және (немесе) мектеп
әкімшілігі;
б) сіздің
балаларыңыз;
в) баспа бұқаралық
ақпарат құралдары (газет, журнал және
т.б.);
г) электронды
бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және
т.б.);
д) мектептің
интернет-сайты;
е) басқа
(көрсетіңіз)
2. Сіз
жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы мен патриоттық тәрбиенің дәстүрлі
құндылықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдай аласыз ба? Ол
сіздің балаңыздың дамуы мен білім алу қабілеттінің нәтижесіне қалай
әсер етеді?
а)
иә;
б)
жоқ;
в) жауап беруге
қиналамын.
г) әлі «Мәңгілік ел»
идеясымен танысқан жоқпын
3. Сіздің
балаңыздың «Мәңгілік Ел» құндылықтарын игеру кезінде сіз өзіңіздің
рөліңізді сезінесіз бе?
а)
иә;
б)
жоқ;
в) жауап беруге
қиналамын.
4. Сіз балаңыздың
жеке басы дамуында қай саланы патриоттық деп есептейсіз: (бірнеше
жауап таңдауыңызға
болады)
а)
спорттық-сауықтыру;
б)
рухани-адамгершілік;
в)
әлеуметтік;
г)
жалпызияткерлік;
д)
жалпымәдениеттілік;
е) жауап беруге
қиналамын.
5. Сіз
балаңызға «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
игеру кезінде сіз өзіңізді еліміздің патриотымын деп есептейсіз
бе?
а)
иә;
б)
жоқ;
в) жауап беруге
қиналамын.
г) әлі ойланып
көрмеппін
6. Сіз балаңыздың
еліміздің патриоты болып қалыптасуы үшін өз тарапыңыздан қандай
үлес қосуды маңызды деп санайсыз? /өз ойыңызды
жазыңыз/
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ынтымақтастығыңызға
рахмет!