400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел-Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралытүсінікберу.Туғанжергедегенсүйіспеншілігінарттыру. Баршақазақстандықтардыңмақсаты,мүддесі,тағдырыбірекендігінұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.Тәуелсіздігіміздің 26жылдығынатапөтуарқылыата-аналардыбалалардыотансүйгіштіккеелжандықоғамның белсенді мүшесі болуға дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мәңгілік ел-Қазақстан.

Мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралытүсінікберу.Туғанжергедегенсүйіспеншілігінарттыру. Баршақазақстандықтардыңмақсаты,мүддесі,тағдырыбірекендігінұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.Тәуелсіздігіміздің 26жылдығынатапөтуарқылыата-аналардыбалалардыотансүйгіштіккеелжандықоғамның белсенді мүшесі болуға дағдыландыру.Слайд қойылып тұрады

1. Сәлемдесу: Армысың жарық күн, Армысың сүйікті мектебім

Армысыздар қонақтар, жарқын жүзді достарға жалынды салем.

Құрметті ата-аналар қонақтар балалар Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы баршамызға құтты болсын .«Мәңгілік ел -Қазақстан» атты кешіміздің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

- біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

- ол-Мәңгілік Ел идеясы

- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

- ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

- Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

         Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді

         Берекелі кең байтақ,  жалпақ елді

         Қазастанадымдап бара берді

         Көрінеркөкжиектендаламенді

         Кімтанымасайтсаңшыайтыңдаршы

         Қазақстанегеменменіңелімді

         Кімтанымастербелген тал бесікті

         Болашаққаайқарааштық  кеңесікті

         Барша ел аузынашыптамсанумен

         Қандай ғана егемен ел десіпті



3. Қазақстан республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Жүргізуші:Бүгінгі кешімізді ашу үшін, Құттықтау сөз мектеп директоры Шамшатова Ануза Аманжолқызына беріледі.

4. Енді 7 сынып оқушыларының Тілек шоғын қабыл алыңыздар:

Ақжан: Куат алган өзінен Туған елдің қызымын!
Бақытты етіп өсірген Отанымның гүлімін!


Гүлсезім:Ақ ниеті алтын күн Асқақ арман қыраны
Жалауы бұл халқымның Мәртебесі мақтаны.


Айдын:Отанымның төрінде Сарыарканың өрінде
Ту ұстаған астанам Әсем қалам Бас қалам!


Бекзат:Ту алады қолдарына, Қуанады халық бүгін
Мадақтаймыз, ардақтаймыз Республика жарық күнін.


Аружан:Бұл гүлденіп жайнаған, Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған, Туысқандар Отаны.


Аслан: Күніміз шуақты болсын!

Алина: Аспанымыз ашық болсын!

Айжан : Бейбітшілік заман болсын!

Әнуар: Нанымыз көп болсын!

Шұғыла: Көк байрағымыз биікте болсын!

Ақнұр: Еліміз тыныш болсын!

Айзада: Балалар аман болсын!

Құралай: Аналарымыз аман болсын!

Ердәулет: Сабақты беске оқиық!

Әлішер:Топта тату болыпжүрейік!

Нұрбек: Бірбіріміздіренжітпейік

Рахатәлі:Тәртіптіболыпжүрейік!

Дильназ:Әдепті болып өсейік!

Назбибі: Ата –анамыздың мақтанышы болайық!

Дана:Достарымыз көп болсын!

Әйгерім:Деніміз сау болсын!

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!

Тек жақсылық болсын!

5.Жүргізуші:


6. Келесі кезекте әнге берейік, 7 сынып оқушыларының орындауында «Туған ел» әні қабыл алыңыздар


Видео ролик койылып тұрады Желтоқсанға байланысты.

7. Жүгізуші: Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл қасиетті арманға жету жолында небір қазақтың марқасқа азаматтары, қанша ару қыздары құрбан болды. Бұл тәуелсіздік бізге бабаларымыздың қасық қанымен, маңдай терімен келді. Бұл біз үшін ұлы мереке, әрбіріміз жан дүниемізбен сезініп, қадірін біліп, аялайтын айбынды мереке.1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды Артымызға бұрылып қарасақ осы ширек ғасырлық қымбат Тәуелсіздікке жету жолы әрідегі тарихтан бастау алғанын көргендей боламыз. Қазақ тарихы күреске толы болды. Сол күрестің барлығы дерлік қазақ қолына қылыш алып, найза ұстап елін-жерін қорғаумен өтті. Солардың қай-қайсысы болмасын ұлтының жолында кеудесін жауға тосқандар. Сексен алтыншы жылдың  аязында Алматының алаңындағы қазақ боздақтары тағы бар. Міне, біз осы ұлы тәуелсіздікке қаншама тартыс, қаншама күрестің, төгілген қанмен, тамған тердің, жылаған жүректің арқасында жеттік. Сондықтан біз үшін бұл тәуелсіздіктің, еркіндіктің құдіреті мықты, қасиеті жоғары.

8.Ендігі тыңдайтындарыңыз 3 сынып оқушыларының Тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. Тақпақтары кетеді

Ән. «Мен қазақтың қызымын»

Ән. Мектебім

Ән. Қазақстан елім менің  


8. Жүргізуші:  Міне оқушылар біздің елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.- «Мәңгілік  Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға  айналуы  тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік  болуына аянбай  еңбек  етуіміз  керек. Елбасы  белгілеп  берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық  ұлы бағдары. Мәңгілік  ел  біздің  өз  қолымызда. Ол үшін  өзімізді   үнемі  қамшылап, ұдайы  алға  ұмтылу  керек.


9. 7ә,7в сынып оқушыларының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

10.  Ән.Мәңгілік ел хор


12. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар қонақтар, балалар! Бүгінгі «Мәңгілік ел – Қазақстан» тақырыбындағы өткізіліп жатқан шарамызды, көк туымыз мәңгі желбіресін, Қазақстан мәңгі жасасын!- дей келе кешімізді аяқтаймыз! Сау саламатта болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі