"Мәңгілік Ел" таңдау курсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәңгілік Ел" таңдау курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысының

Ақжайық ауданының білім бөлімінің

Әдістемелік кабинеті
















«Мәңгілік Ел» таңдау курсы











Чапаев, 2016 жыл









Батыс Қазақстан облысының

Ақжайық ауданының білім бөлімінің

Әдістемелік кабинеті







«Мәңгілік Ел» таңдау курсы






Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Байсакалова Алия Изтургановна













Чапаев, 2016 жыл











Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының

білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.


Хаттама № 1 19.02.2016 ж



Құрастырған: Байсакалова Алия Изтургановна

Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің

ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі



Рецензенттер:

Сапарова Гүлзада Жұбанышқызы - Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің І санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі


Сәрсеков Алдаберген Қайырғалиұлы - М.Әуезов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы санатты тарих пәні мұғалімі


«Мәңгілік Ел» таңдау курсы бағдарламасы жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімдеріне арналады.


Шығарылымға жауапты:

Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі Ә.Қ.Сапарғалиева














Мазмұны:



  1. Түсінік хаты................................................... 4-бет


  1. «Мәңгілік Ел» таңдау курсының күнтізбелік жоспары ........................................................6-бет


  1. Қорытынды....................................................13-бет


  1. Пайдаланған әдебиеттер.............................. 14-бет











































Түсінік хат


Биылғы жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын ерекше атап өткен болатын.«Қазақ даласына» 15-ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып

отыр. Қазақ халқы қадам заманнан ұлықты ұлт, қонысы құтты жұрт болды.Ежелден

еркіндікті аңсаған ер қазақ,  зорлығы көп зобалаң заманда туған жеріне көз тігіп, 

жан- жақтан анталаған дұшпанға қасқая қарсы тұрды.  Бөрілі байрағын, айбарлы

аймағын ардақтап,  алты алаштың баласы ел басына күн туғанда ауыз бірлікте болып, 

төрт құбыласын түгендей білді. Бұның бәрі  өткен күрделі тарихымыздың ащы

тағылымдары. Тағдыр әділеттілігінен тек ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздігі мізге қол

жеткіздік. Қасиетті қазақ жерінде де азаттықтың ақ таңы атып, егеменді мемлекет

орнаттық. Халықаралық аренаға именбей, еркін шықтық. Бүгінде Батыс пен

Шығыстағы азуын айға білеген іргелі ел, ірі мемлекеттердің өзі санасатын елміз.Біздің

болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» ету мұратымыз.

Бұл курста оқушы негізінен Қазақ халқының қалыптасуын, ХІV-ХV ғасырлардың І жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтардың саяси-экономикалық дамуы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы, көрнекті қазақ хандарының мемлекетті басқару ісіндегі қызметтері, қазақ жерінің Ресей империясына қол астына өтуі мен салдарлары, Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі, Қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ ғғ Ресей отаршылдығына қарсы күресі, ХХ ғасыр басын-

дағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар мен Қазақ автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы, Қазақ КСР-інің құрылуының тарихи маңызы. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы мен халықаралық маңызымен бірге ұлт көшбасшысы-Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, Қазақ Елінің Ұлттық идеясы- «Мәңгілік Ел» жайында толық түсініктер алады. Бұл курс барысында оқушылардың ізденуіне, кітапхана, мұрағат, мұражай мекемелерімен байланыс жасауға мүмкіндіктер болады. «Елтану » курсы дүниежүзі тарихы, Қазақстан географиясы,қазақ әдебиетімен, Адам.Қоғам.Құқық, экономика пәндерімен пәнаралық байланыс жасайды.Аптасына 1 сағат, жалпы 34 сағатты құрайды.










Курстың мақсаты:

  • Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы белгілеп берген тарихи бекем тұстарымыз арқылы, халқымыздың дүниежүзілік мұраға қосар үлесі мен орнын зерттей отырып, оқушының дүние танымдылығын дамытумен бірге «Мәңгілік Ел» идеясын баянды ету;

  • оқушылардың ел тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясымен бірге сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру;

  • ұлы адамдар өмірінен өнеге алуға және халқының тарихын білуге, құрметпен қарауға үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Курстың міндеттері:

  • оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастары мен пікірлерін білдіру, күнделікті өмір барысында білімін кәдеге жарату дағдыларын дамыту;

  • туған ел тарихын тарихи тұлғаларынның саяси-қоғадық қызметері арқылы зерделеу;

  • тарихи талдау жасау, ғылыми монографиялар ,құжаттық материалдармен бірге мұрағат деректерімен таныстыру, осы негізде Қазақ хандығы тарихын жете меңгерту;

  • еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу

  • оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын қазақ елінің тарихы арнасында қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Ел тарихы жайлы толыққанды мәліметтер жинақтай отырып, жауапкершілік қасиеттері қалыптасқан қабілетті тұлға қалыптасады;

  • Өз еліне деген, Отанына деген сүйіспеншілігі артып, өзін қандай жағынан болса да көрсете алады;

  • Маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға өзіндік сипаттама бере алады;

  • Өз бетімен жұмыстанады , шығармашылық қабілетін дамыта отырып, пәнге қызығушылығы артады.


Ұйымдастыру формалары:лекция, слайдтар, мұрағат деректерімен жұмыс,семинар, видеофильмдер т.б.









«Мәңгілік Ел» таңдау курсының күнтізбелік жоспары

Р/с

Тақырыбы

Негізгі мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Бірінші тарау.Қазақ халқының қалыптасуы 3 сағат

1

Кіріспе.

Қазақ халқының қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

Ежелгі ру-тайпалардың халықтық дәрежеге жетуі.Ерте орта ғасырлардағы қазақ халқының негізі қалыптасуының тарихи кезеңдері.Түркі тілдес этностардың қалыптасуы кезеңдері.


1


2

Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.

Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орны.

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.


1


3

«Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

«Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы.

«Алаш» атауының мағынасы.

Жүздердің пайда болуы.

1


Екінші тарау. ХІІІ-ХV ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақстан 2 сағат

4

ХІV-ХV ғасырлардың

І жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар

Алтын Орда.Ақ Орда.Моғолстан.

Ноғай Ордасы.Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы).ХV ғ. 50-ж. Аяғы Керей мен Жәнібектің Әбілхайырдан бөлінуі.

1

1



5

Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандықтары мен Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы , әлеуметтік-экономикалық дамуы

Әлеуметтік құрылысы.

Салық түрлері және міндеткерліктер.

Қоғамдық және әкімшілік құрылымы.

Шаруашылықтың дамуы (мал, егіншілік, қолөнер)




1


Үшінші тарау.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 3 сағат

6

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары

Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы.

1


7

Қазақ хандығының құрылуы (1465-1466 жж)

Хандық негізінің қалануы. «Тарихи-Рашиди».

Жәнібек пен Керей қызметі.Хандықтың аумағы.Халқының этникалық құрамы.Көрші елдермен қарым-қатынасы.

1


8

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы (ХV ғасырдың соңғы ширегіне дейін)

Хандықтың басқару ісі, ішкі-сыртқы саяси жағдайы.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы.

1


Төртінші тарау.Қазақ хандығының ХV-ХVІІ ғасырлардағы дамуы 6 сағат

9

Қасым хан (1511-1518 (1523 жж)

Қасым хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі. «Қасқа жол» салған Қасым хан.Елдің ішкі- сыртқы саясаты.

1


10

Хақназар хан

(1538-1580 жж)

Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі.Моғолстанмен қарым-қатынас.

Ноғай Ордасы кейбір бөліктерінің Қазақ хандығының құрамына кіруі.Қазақ-өзбек хандықтарының қарым-қатынастары.

Ресеймен қарым-қатынастың басталуы.




1


11

Тәуекел хан

(1582-1598 жж)

Тәуекелге дейінгі Қазақ хандығының жағдайы.Шығай хан.Баба сұлтанмен күрес.Хандықтың сыртқы саясаты.Қазақ-өзбек қатынастары.Ресеймен қарым-қатынас.

1


12

Есім хан (1598-1628 жж)

Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты.Тұрсын ханның бүлігі. «Есім ханның ескі жолы».


1


13

Жәңгір хан ( 1628-1652 жж)

Жәңгір хан тұсындағы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайы. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы.


1


14

Тәуке хан (1680-1715 (1718 жж)тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.Тәукенің хан тағына отыруы.Хандықтың ішкі-сыртқы жағдайы. «Жеті Жарғы».Үш жүздің төбе билері (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)


1


Бесінші тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы 3 сағат

15

ХVІІІ ғ бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси жағдайы

Тәуке ханның ХVІІІ ғ бас кезіндегі сыртқы саясаты.Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі.Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері.Қазақ-орыс қарым-қатынастары.


1


16-

17

Жоңғар шапқыншылығы.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы

Жоңғар мемлекетінің құрылуы.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».Қазақтардың жеңілу себептері.Жоңғар агрессиясының салдары. Қазақ халқының күш біріктіре бастауы.Ордасбасыдағы құрылтай.Бұланты бойындағы шайқас.Аңырақай шайқасының тарихи маңызы.


2


Алтыншы тарау.Қазақ жерінің Ресей империясына қол астына өтуі 4 сағат

18

Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі


Әбілқайыр хан ( 1693-1748 жж)

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері.Келіссөз жүргізудегі хандардың мақсаты. А.Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы. Жеңілмейтін жоңғарды басқа ұрған...

Әбілқайырдың ішкі-сыртқы саясаты.

Ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы.

Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілер-

дің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы.


1


19

Абылай хан (1711-1781 жж)

Абылай-қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.Абылайдың ішкі-сыртқы саясаты.Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.Қазақ тарихында алатын орны.


1


20

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.

Ресейдің Ұлы жүзді қосып алуына түрткі болған жағдайлар.Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуді қабыл алу себептері.Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының Қоқанға қарсы көтерілісі.Ресей-Қоқан шиеленісі. Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдарлары.


1


Жетінші тарау.Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі 2 сағат

21

Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары.1822 ж, 1824 ж «Жарғылар»

1


22

Патша өкіметінің 1867-1868 жж қазақ жерін әкімшілік-саяси басқару реформасы.80-90 жж әкімшілік реформалардың жалғасуы

Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен оны әзірлеу барысы.Реформалардың басталуы.Басқарудың ерекшеліктері.Реформаның отаршылдық сипаты.Реформалардың жүзеге асырудың салдарлары.


1


Сегізінші тарау.Қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ ғғ Ресей отаршылдығына қарсы күресі 3 сағат

23

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)

Әділдігімен аты шыққан би, әрі батыр.Көтерілістің себептері мен қозғаушы күштері.Кіші жүздің ішкі жағдайы, оның көтеріліске әсері.Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

1


24

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838 жж)

Көтерілістің шығу себептері мен қозғаушы күштері.Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алынуы.Тастөбе түбіндегі шайқас.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары.

1


25

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж)

Азаттық аңсаған ақберен.Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі.

Кенесары Қасымұлы-аса көрнекті мемлекет қайраткері.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.Көтерілістің басталуы, негізгі оқиғалары.Кенесарының хан сайлануы және мемлекетінің өзіндік ерекшеліктері. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

1


Тоғызыншы тарау.ХХ ғасырдағы Қазақстан сағат 9 сағат

26

ХХ ғасыр басындағы халықтық-демократиялық қозғалыстар

Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысы.

Ұлттық интеллигенция және ұлттық-демо-

кратиялық қозғалыс.

Отаршыл саясатқа қарсы қазақ баспасөзінің жандануы: «Айқап» журналы, «Сарыарқа», «Қазақ» газеттері.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

1


27

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар

Ресейлік саяси партиялардың Қазақстандағы қызметі.Алаш партиясының құрылуы.1917 жылғы революциялар және Кеңес үкіметінің орнауы.Алашорда үкіметінің құрылуы.Алаш қайраткерлерінің атқарған қызметі.

1


28

Қазақтың ұлттық мемлекеттілігінің қайта қалпына келтірілуі

Қазақ автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.Қазақ жерінің Қазақ АКСР-інің қарамағына бірігуі.

1


29

Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.Қазақ КСР-інің құрылуының тарихи маңызы.

1


30

Қазақстан түбегейлі бетбұрыс кезеңінде

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, тарихи маңызы.Д.Қонаев-мақтан тұтар алып тұлға.Қоғамды жаңарту шаралары.

1


31

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіздік жолындағы қадам.Егемендік жағдайындағы саяси даму.КСРО-ның ыдырауы.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау.ТМД-ның құрылуы.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы мен халықаралық маңызы.


1


32

Н.Ә.Назарбаев-ғасырдың ғұлама азаматы

1989 жылы Қазақстан КПОК-ның І-ші хатшысы кезіндегі Н.Ә.Назарбаев. Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы. Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлауы. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі.Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми еңбектері.


1


33

Қазақ Елінің Ұлттық идеясы «Мәңгілік Ел»

Қазақстан Республикасының рәміздері.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары. «Қазақстан - 2030» , «Қазақстан – 2050» стратегиялары. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жариялануы.


1


34

Қорытынды қайталау


1








Қорытынды


Қай елдің болмасын қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамып өркендеуі, өркениетті елдердің қатарынан орын алуы оның Ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.Оқытушының мақсаты-білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып сапалы білім беру.Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру шығармашылық арқылы туындайды.Сондықтан пән мұғалімі оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында зерттеуге бағытталған жұмыстарға тартуда өзін-өзі ұйымдастырып, өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік жасайды.

Курс барысында оқушы өзіндік тапсырмалар орындап, нашар оқитын оқушылар, үндемей отыратын оқушылар белсенділік танытады.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мен шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы есте сақтау қабілеттері артады.Оқушы өз ойын еркін жеткізеді, сабақ барысында оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасайды.

Қысқасы, бүгінгі жас ұрпақты ертеңгі егемен еліміздің өркендеуіне, өз елінің қарқынды түрде дамуына қомақты үлес қосады десек, білімді, өз ұлтын, тілін, тарихын құрметтейтін ұрпақ шығару-біздің парызымыз.





Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы: талапкерге арналған оқулық, Алматы «Шың кітап» , 2015ж.

  2. Ә. Төлеубаев,Ж. Қасымбаев,М. Қойгелдиев,Е. Қалиева,Т. Далаева Қазақстан тарихы: оқулық 10-сынып Алматы «Мектеп» 2014 ж.

  3. Жолдасбаев С.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы: оқулық 7-сынып, Алматы: «Атамұра», 2012ж.

  4. Ж.Жақсығалиев. Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал, Орал: «Полиграфсервис», 2008 ж.

  5. З.Е.Қабылдинов, А.Т.Қайыпбаева. Қазақстан тарихы: оқулық 8-сынып,Алматы « Атамұра» 2012 ж.

  6. Қазақтар І том тарихи оқиғалар: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық, Алматы: «Білік», 2003 ж.

  7. Ш.Күмісбаев. Тұңғыштар.Алматы: «Алматыкітап», 2007 ж.

  8. Батыс Қазақстан облысының тарихы. Редакциясын басқарған т.ғ.д. Рысбеков Т.З., Орал 2001 жыл.

  9. 2002-2015 жж елбасының Қазақстан халқына Жолдаулары

  10. Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журнал

  11. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.Алматы: Атамұра, 1999жж.

  12. И.Кенжалиев.Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары. 1917-1920 жж. ІІ бөлім.Орал 2001 жж.

  13. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, ІІ том



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
1908
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі