400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік Ел тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышсезімін нығайту.тәуелсіздіктің қадірін сезіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтан тыс іс-шара

«Тәуелсіз Ел -Мәңгілік Ел»

Мақсаты:

-Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін нығайту;

-Тәуелсіздіктің қадірін білу;

-бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту;

-ойлау ,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ

Ойын –сабақты өткізіу барысындағы ереже мен тәртібі.

Ойында екі топ қатысады.Әр бір ойының бөлімдерінде тақырыбы мен ұпай сандары жарияланып отырылады.Екі топ мүшелері тақырыпты таңдайды да сұрақтарға жауап береді ,егер дұрыс жауап берсе ұпай сандары сол топтың қоржынына салынады.Сұрақтарды талқылау мерзімі 15 секунд .Уақытты жүргізуші белгілеп ,айтып отырады.Дұрыс жауаптарды айтқан топқа ұпай сандары беріледі,көп ұпай жинаған топ жеңімпаз есептелінеді.Жүргізуші ұйяшықтардағы сұрақтарды оқып,дұрыс не бұрыс екенін айтып отырады.

Ойының барысы

Мұғалімнің сөзі:

-Құрметті оқушылар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатыр.Еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жыл аралығында жеткен жетістіктері мен табыстары қырыуар болып саналады.Дамыған 50 елдің қатарына енгені осының бір дәлелі.Ендігі еліміздің барлық азаматтары мен мемлекеттің басты міндеті –әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру болып отыр.Ал біздің міндетіміз жақсы оқу ,Отанды сүйю,жетістіктерімізді мақтанышпен айту,бірегейлік пен бірлікті сақтау,ұлтар мен достық қарым-қатынаста болу.Өз үлесімізді осылайша қосу.Сол себептен «Тәуелсіз Ел -Мәңгілік Ел» атты сыныптан тыс іс-шарамызды ашық деп жариялаймын.







Рәміздер

1.Рәміздерге нелер жатады?(Елтаңба,жалау,гимн) 10 ұпай

2.Жалау қай жылы қабылданды және авторы кім? (1992 жылы ,авторы Шакен Ниязбеков) 20 ұпай

3. Елтаңба қай жылы қабылданды және авторлары кімдер?

(1992 жылы,Ш.УалихановЖ.Малибеков) 30 ұпай

4.Гимн қабылданды қай жылы және музыкасын жазған кім?

(1992 жылы,Ш.Қалдаяқов) 40 ұпай

5.Гимнің авторлары кімдер? (Ж.Нажмидинов,Н.Назарбаев) 50 ұпай

Тарих

1.Тарихтың атасы кім? (Геродот) 10 ұпай

2. Түрік қағанатының негізін қалаған хан ( Бумын қаған) 20 ұпай

3.Қазақ хандығын құрған хандар және құрылған жері ? (Керей мен Жәнібек,Қозыбасы) 30 ұпай

4.Ноғай Ордасы өз алдына жеке мемлекет болып кімнің тұсында бөлінді?

(Нуұаддин) 40 ұпай

5. Түрік қағанаты қай ғасырда құрылды? (6 б.з.д.ғасырда) 50 ұпай

Тәуелсіздік жылдары

1.Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. ( 1990 жылы 25-қазанда) 10 ұпай

2.   Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

(1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “) 20 ұпай

3. Н. Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды.

(1991 жыл 1 желтоқсанда) 30 ұпай

4. ҚР БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. ( 1992 жыл 2 наурыз) 40 үпай

5.Ескісі 1993 жылы қабылданды жаңасы қабылданды ? (1995 жылы Ата Заң) 50 ұпай

Президент

 1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туылған уақты қашан?

(1940 жылы 6 шілде) 10 ұпай

 2.   Н.Ә. Назарбаевтың  еңбек жолы қай қалада басталды?  

«Казметаллургстрой» Теміртау қаласы)  20 ұпай  

3.Елбасының анасының аты кім? (Әлжан)    30 ұпай

4.Елбасының әжесінің аты кім?     (Мырзабала) 40 ұпай

5. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.( 2010 жылы 15 маусымда) 50 ұпай

жүргізуші:

«Елім менің» әні орындалады баянның сүйемелдеуімен . Ән біткенше біз ойынымызды қорытындылаймыз.

Қорытынды

Мұғалім:біз өзіміздің Отанымызбен мақтанамыз.

Біздің өткізілген «Тәуелсіз Ел -Мәңгілік Ел» атты іс-шарамыздан

өздеріңізге керекті мағлұмат пен ақпаратты толық алды деп сенеміз.Егемендігіміз мәңгі болсын ,еліміз тыныш болсын. Тыңдап,қатысып отырғандарыңыз үшін көптен- көп рахмет!





















Ашық тәрбие сабақ "Мәңгілік елдің мызғымас жеті негізі"

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

 Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаудамыз.Біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

1.Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

2.Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

3.Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

4.Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

5.Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

6.Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

7.Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

IV.Видеоролик көрсету.

V.Поcтеру құру. Топтар өздеріне берілген тақырыптарына постер дайындау.

ҚАЗАҚСТАН



1.топ «КЕШЕ»

2.топ «БҮГІН»

3.топ «ЕРТЕҢ»



Қорытындылау: «бос конверт» әдісі

Топтар бір-біріне сұрақтар дайындайды.

«Қазақстан - 2050 – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!»- деген елбасымыздың қорытынды сөзімен аяқтағым келеді.







Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

Алға, Қазақстан!

 

ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

Ұлттық рәміздерімізді атаңдар?

Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? 

2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады?

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

8. 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады?

-Иә, балалар, елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. «Жолдау» атты сөзжұмбаққа зер салайық.
5. Сөзжұмбақ шешу. Қызығушылықтарын ояту.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі