Тақырыбы:
Мәңгілік ел-тәуелсіздікке
тарту
Мақсаты: Балалардың Отанға деген
сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, Отан туралы
түсініктерін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның
келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Елін, жерін сүюге, Отанын
қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылған
көрнекілігі: АКТ, презентация,
көрме.
1-жүргізуші:
Айзере
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар
мен оқушылар!
2-жүргізуші:
Сұлтан
Армысыздар, азат елдің айбынды
ұрпақтары!
1-жүргізуші:
Айзере
Аударып жұрттың
назарын,
Бардың да көрген
базарын.
Жоқтың да көрген
азабын,
Даладай дана
қазағым!
2-жүргізуші:
Сұлтан
Алты алаштың арманы болған,
арда елдің айбары болған ең ұлық мереке Тәуелсіздік
күні.
Осыдан тура 32жыл бұрын ұлы
даламызға ата бабамыздың арманына айналған ұлы өзгеріс келді. Ол
еркіндіктің ернеуінен өрілген егемендік.Тарихымыздың тұғырына
бекіген тәуелсіздік.
Жас мемлекетіміз содан бері
қанатын кеңге жайды. Атын әлемге оздырды. Сондықтан бүгінгі күн
біздің ұлы жолымызға бастау болған ең ұлық
күн.
1-жүргізуші:
Айзере
Бүгін тәуелсіздік мерейтойы
қарсаңында 2 «Б» сыныбының
«Мәңгілік ел - тәуелсіздікке
тарту» атты ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Көрініс: Ата мен
бала
Бала:(сабақтан үйге кіріп
келеді) Ата, бүгін бізге ұстазымыз 86 жылғы оқиға жайында айтып
берді. Еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы да
әңгімеледі.
Ата: (музыка ойнайды) Еее,
балам (ауыр күрсінеді) несін сұрайсың. 86жылы 16
желтоқсанда Алматы қаласында жаппай толқу
басталды. Жастар алаңға жиналды. Алаңда «Біз қазақ, ежелден
еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік
керек!» - деген ұрандар айтылды. Көп күшпен алаңдағы жастарды
қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері
жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан
жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды.
Көптеген жастар түрмеге қамалып, оқу орындарынан шығарылды. Талай
жастарымыз ерлік көрсетті, құрбан болды.
Оқушы:
(поэзия) Зере
Ә.
Сол бір сәтте бұлт торлады
аспанды,
Алатаудың көзінен де жас
тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен
бітпейді,
Тәуелсіздік күресі енді
басталды.
Оқушы:
Абдуали
Нашақор деп ұлтшыл
деп,
Қазаққа күйе жаққан
күн.
Базары кетіп, бір
түнде
Қайғығы халық батқан
күн.
Оқушы: С.
Ділдә
Намыс үшін күрессең мазақтар
кім?
Құлға айналу азабы
азаптардың
Қаны төгілді желтоқсан
алаңында,
Бодандыққа көнбеген
қазақтардың.
Оқушы:
Ердәулет
Болған ғой қазаққа осы далам
нәсіп.
Еліме емірене болам
ғашық.
Тәуелсіз, тағылымды ұлы
Отаным
Барады келешекке қадам
басып…
Көрініс: https://youtu.be/vkDTl9R_2rI
Ата мен бала бақта отыр
(бүркіт ұшады музыка ойнайды)
Бала: Ата құсты
қараңыз.
Ата: Бұл тәуелсіздіктің арман
қанаты. Біз қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық. Арман тілегімізді
ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Аңсаған таң атты, балам.
Ақ тілегіміз қабыл болып, егемендік алдық. Жүрегімізбен жар салып,
жер жаһаннан сүйінші сұрайық. Алдағы күнге сенім артып, ел болып әр
жетістігіне балаша қуанайық.
Оқушы: (поэзия)
Іңкәр
Тәуелсіздік бақытым, бағым
менің,
Тәуелсіздік жақұтым, жаным
менің.
Жүрегімнің төрінен орын
алар
Тәуелсіздік айбыным, арым
менің!
Оқушы:
Мейрамбек
Азат жылда азаттық таң
сыйлаған,
Азат жылда құлпырған бар
айналам.
Тәуелсіздік тірегім, жан
жүрегім,
Әрбір жері жайқалып гүл
жайнаған!
Оқушы:
Ақайша
Сарылып күткеніміз ақ таң
екен.
Тәуелсіз қазағымды мақтан
етем.
Елтаңба, Көк туымды биік
ұстап.
Әнұранды бас иіп жаттап
өтем.
Оқушы:
Бекарыс
Сүйемін аспанын да, Күнін де
мен.
Шаттығы бал жүзінен
түрілмеген.
Қазақпыз – Тәуелсіздік таңы
атқан.
Жастарымыз көңілді
күлімдеген.
Көрініс: https://youtu.be/vkDTl9R_2rI
Ата мен бала бақта отыр
(бүркіт ұшады музыка ойнайды)
Бала: Ата құсты
қараңыз.
Ата: Бұл тәуелсіздіктің арман
қанаты. Біз қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық. Арман тілегімізді
ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Аңсаған таң атты, балам.
Ақ тілегіміз қабыл болып, егемендік алдық. Жүрегімізбен жар салып,
жер жаһаннан сүйінші сұрайық. Алдағы күнге сенім артып, ел болып әр
жетістігіне балаша қуанайық.
Оқушы:
Нұрсұлу: Тәуелсіздік менің байтақ
Отаным,
Бір өзінсің
Мұхтар,Абай,Шоқаным.
Тәуелсіздік сәбилердің
күлкісі,
Тәуелсіздік ақ батасы
атамның.
Арман: Көз ашты гүл-жазира бақ
көңілде,
Кең далам бақ жұлдызын тақты
өңірге.
Арманы ата-баба
орындалып,
Шалқып тұр Астананың қақ
төрінде.
Айша: Әр жыл
сайын,
Тәуелсіздік таңы
атты.
Дүниені қуанышқа бөлеп
тұр,
Ән айтылып, жыр төгіліп
қанатты.
Алинұр: Тәуелсіздік
жолында,
Талай, талай тер
тамған.
Билігіміз
қолымда,
Еркіндігіміз
елтаңбам.
Алтынай: Ие боп жасампаздық
жарасымға,
Айналды Елбасымыз дара
шыңға.
Қалықтап ұя салды бейбіт
құсы,
Астана ақ ордалы
қаласында.
Нұрали: Сен әкелдің шаттығымды,
күлкімді,
Ата-баба армандаған бұл
күнді.
Тәуелсіздік өркендесін
өрісің,
Бақытпенен қауыштырған
жұртымды.
Сезім: Алты алаштың
баласы,
Қауымдасқан күні
бұл.
Бір-бірімен
жарасып,
Бауырласқан күні
бұл.
Абзал: Тәуелсіздік таң нұрысың
арайлап,
Бабалардың арманысың талайғы
.
Ғасырлардың кұшағында ер
жеттің,
Халқым сені өз бақыты
санайды.
1-жүргізуші:
Айзере
Сахнада «Тәуелсіздік ел ұраны»
әнімен оқушыларымызды қарсы
алыңыздар.
1-жүргізуші:
Айзере
Тәуелсіздік халықтың арман
қанаты. 1991жылы біз қанатымызды байлап тұрған құрсауды бұзып,
биікке құлаш сермедік, әлемге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінді
жарияладық. Біз, өз отанымыздың жаңа дәуір тарихын бірге жаздық,
негізін бірге қаладық. Халықтың ынтымағы бізді мызғымас тәуелсіз
мемлекеттке айналдырды. Береке мен бірлік татулық пен келісім бұл
біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі.
2-жүргізуші:
Сұлтан
Сан ғасырлық бабалардың
аңсаған арманы болған азаттыққа қолымыз жетті. Тұғырымызға
тәуелсіздіктің туы қонды, аспанымызда әнұранымыз әуелеп, елтаңбамыз
төрде жарқырады. Шекарамыз шегенделіп, ата заңымыз қабылданды, төл
теңгеміз айналымға шықты. 1991жылы 29
тамызда
Семей полигоны жабылды. 19
маусымда ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
Көрмені таныстырады: Б.Кәусар,
Жанел, Арман
Оқушы: (поэзия)
С.Раяна
Отан деген-
атамекен.
Отанымды сүйемін
мен.
Отан жерім, Отан
елім
Міне, менің Қазақ
жерім.
Оқушы:
Х.Айзере
Тұғырында туым
бар,
Орман менен нуым
бар.
Сылдырап аққан суым
бар
Бұл менің
Қазақстаным!
Оқушы:
Айдын
Тәуелсіздік – тартуы ол
тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым
бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы
халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын
тағым бұл.
Оқушы: Зере
И.
Егінді далам
бар,
Еңселі қалам
бар.
Бұл менің
Қазақстаным!
Дархан дала қырым бар,жырым
бар.
Көктен құйылған нұрым
бар,
Бұл менің
Қазақстаным!
Оқушы: Қ.
Раяна
16-шы
желтоқсан,
Тәуелсіздік алған
күн.
Ерекше
болып,
Ел жанында қалған
күн.
Оқушы:
Жанел
Өркениетке ілескен көшім
бар,
Сүйенетін досым
бар,
Бұл менің
Қазақстаным!
Жазым бар, жаңбырым
бар,
Тарихым, тағдырым
бар,
Бұл менің
Қазақстаным!
Оқушы:
Тасмин
Көз ашты гүл-жазира бақ
көңілде,
Кең далам бақ жұлдызын тақты
өңірге.
Арманы ата-баба
орындалып,
Шалқып тұр Астананың қақ
төрінде.
Оқушы:
Дулат
Біз бақытты
баламыз,
Тәуелсіз елдің
ұланы.
Мәңгі жасап,
гүлденеміз,
Ұлы елдің
қыраны.
Оқушы:
Е.Кәусар
Қазағым, қуанамын мен ел
үшін!
Әлемнің маңдайалды
Беделісің.
Аққу – күй, Алатау – ән,
дария-жыр,
Келісті кең пішілген кемел
ісің.
Оқушы:
Б.Кәусар
Тәуелсіздік – бабам берген
аманат.
Тәуелсіздік келешектің
кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені
бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің
өтілі.
2-жүргізуші:
Сұлтан
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт,
жері-дархан
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
2-жүргізуші:
Сұлтан
Сахнада би «Жаса,
Қазақстан!»
Қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Айзере
Тасысын шалқып
әніміз,
Жадырасын
жанымыз.
Мерекеңмен
құттықтап,
Ән саламыз бәріміз -дей
келе «Қазақстан» әнімен Зере, Айша,
Кәусар қызымыздарымызды қарсы
аламыз.
2-жүргізуші: Айзере
Ақнұр, осы тамаша әннен кейін
көрермендермен ойын ойнап жіберсек қалай болар
екен?
Ойнасақ ойнайық. Сіздер
дайынсыздар ма?
Ойын шарты мынадай кім де кім
сұрақтарымызға дұрыс жауап берсе, сол жеңімпазға арнай сыйлығымыз
бар. Ендеше,
бастайық!
Викториналық
сұрақтар:
-
Қазақстан Республикасының
негізгі нышандарын ата.
Жауабы: (ту,
елтаңба,гимн)
-
Қазақстан Республикасымен
шекаралас 5 мемлекетті
ата.
Жауабы: (солтүстігінде Ресеймен,
шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан,
Қырғызстанмен, батысында Ресеймен шекаралас
көршіміз)
-
Қазақстан Республикасында неше
облыс бар?
Жауабы: (17 облыс бар. Атап
айтсақ:Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл,
Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу
)
-
Қазақстанның символы қандай
жануар?
Жауабы:(барыс)
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім,
қай жылы ғарышқа ұшты?
Жауабы: ( дәлірек айтсақ, Тоқтар
Әубәкіров 1991ж. 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен 7күн,
22сағат, 13минут Мир орбиталды кешенінде жұмыс
істеді)
-
Қазақ халқының ұлттық валютасы
қалай аталады, ол қай жылы айналымға
шықты?
Жауабы: (теңге, 1993ж.15қараша
)
Ойынымызға қатысып,
атсалысқандарыңызға алғыс білдіреміз.
1-жүргізуші:
Айзере
Флешмоб «Алға,
Қазақстан!»
2-жүргізуші:
Сұлтан «Батаменен ел көгерер,
жаңбырменен жер көгерер» демекші Нұрбол атамыздан бата
алайық.
Бата (ата)
Тыныш болып
еліміз,
Қиындықтар
баспасын!
Жастарымыз
бірлікте,
Ел үмітін
ақтасын!
Көк туымыз
желбіреп,
Болашаққа
бастасын!
Тұғырлы боп
азаттық,
Егеменді ел
сақталсын!
Қазақ елім, азат
ел,
Сені Аллам
сақтасын!
Әумин!
2 жүргізуші:
Сұлтан
Қадамың нық, алар асуың алда
болсын! Шарықта, самға халықтың тілегі тәуелсіздік. Біз сенімен
мақтанамыз. Абыройың асқақтасын Отаным! Тұғырың әркез биік болсын
Тәуелсіздік!
1-жүргізуші:
Айзере
Қазақ елім! Туды жастық