«Мәңгілік ел» ұлттық
идеясы
Астанада Бейбітшілік пен
келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды
«Халық өмірі оның келесі
ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы
арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік
ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын
және берік тұрақтылықтың символы...»
-
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік
және Астана.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық
бірлік, бейбітшілік пен келісім.
-
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы
Мемлекет және Жоғары Руханият.
-
Мәңгілік Ел, бұл -Инновация
негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы
-
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың,
Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық
қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік
проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік
және Астана.
-
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың
тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі
ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол — Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір —
тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы
Мемлекет және
Жоғары Руханият.
Мәңгілік Ел, бұл - Инновация
негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық
және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған
ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің
зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамы.
-
Елдің барлық табыстары мен
жетістіктері — барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы
еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек
Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды
нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың,
Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және
Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысуы
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының
қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің
халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін
боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа
аламыз.
Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ
дарысын!