400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында жеке тұлғаны қалыптастырудағы патриоттық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жалпы білім беру орта мектептеріндегі мұғалімдермен қатар оқушыларға да көптеген көмегін тигізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында деке тұлғаны қалыптастырудағы патриоттық тәрбие


«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын білім саласына енгізудің маңыздылығы зор. Елбасы білім мен тәрбиені қатар жүргізуді жиі айтып отырады. Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, ұлттық құндылықтарды тұлғалық қасиетке, қазақстандық білім мен тәрбие жұмыстарын ұштастыру мәселелерін қарастырудың алар орны ерекше.

Ата–бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп, артына із қалдыруы көрегенділіктің көрінісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген–білгенін, тоқып–түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны - табиғи заңдылық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. 

«Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. 
Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор[1]. 

  Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – Жастар! Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт Көшбасшысының, ел ертеңі – жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының айшықты дәлелі.

Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына ену керек болса, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру, ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген, яғни, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, жастардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін бүгінгі жастар өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық, сыйластық негізінде қол жеткізілуі қажет. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта тәрбиелеудің маңызы зор.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаңа оқыту технологияларының басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Баланы қызықтыра тәрбиелеп, басқару олардың білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Мәңгілік ел педагогы өзін-өзі ұстай білуі, ілтипаттылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, төзім мен сабырлылығы және жан-жақты болу қасиеттерімен қатар сенімді болуға тиіс.

Мәңгілік ел ұрпақтары ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта тәрбиелеудің маңызы зор[2].

Қорыта келе, «Мәңгілік Ел» – бұл Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайына қажетті болашақ мамандардың санасында және іс- әрекетінде ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, интеллектуалды әлеуеттің және жаңа қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған жаңа феномен[3].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2014 ж. 17.01.) Астана, 2014.

2. А.Әлімбекова. "Мәңгілік ел идеясы - ұлттың ұлы мұраты", «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық пәндердің мазмұнын жаңарту мәселелері»/ «Вопросы обновления содержания общественно-гуманитарного образования на основе национальной идеи «Мәңгілік ел»: Материалы Республиканской on-line конференции. 30 мая 2016г.8-бет

3. Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Мәңгілік Ел: – Оқулық / МАбай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 10б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі