Материалдар / «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты.Қазақстандық патриотизмнің,азаматтықтың,руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну,адамгершілік бағдарлы,әлеуметтік белсенді,үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр.Ұлттық жалпықазақстандық ділін,мәдени,ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра,зияткерлік,рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі,өз денсаулығын сақтаудағы эканомикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда;отбасы,достары,денсаулығы,материалдық игіліктер,қызықты жұмыс,мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.Сонымен бірге,ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас,патриоттық сезім,ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
690
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында оқушыларға

патриоттық тәрбие беру

Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру,бекіту,көріну және трансляциялануына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани,ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады.Мемлекет пен қоғам ұлттық зияткерлік әлеуетін,адамгершілік,дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау,тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты.Қазақстандық патриотизмнің,азаматтықтың,руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну,адамгершілік бағдарлы,әлеуметтік белсенді,үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр.Ұлттық жалпықазақстандық ділін,мәдени,ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра,зияткерлік,рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі,өз денсаулығын сақтаудағы эканомикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда;отбасы,достары,денсаулығы,материалдық игіліктер,қызықты жұмыс,мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.Сонымен бірге,ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас,патриоттық сезім,ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.Сондай-ақ тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізу механизмдерінің өңделгендігі,педагогикалық және жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Сонымен,білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет стратегиясы ретінде басқару органдары мен білім беру ұйымдары үшін өзінің білім беру тәрбие кеңістігінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындау мен енгізудің обьективті алғышарттары қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050», «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей,егеменді даму жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін,ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Жолдауда бұл құндылықтар аталған: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім;зайырлы қоғам және жоғары руханият;индрустрияландыру мен инновацияларға негізделген эканомикалық өсім;Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;тарихтың,мәдениет пен тілдің ортақтығы;еліміздің ұлттық қауіпсіздік және бүкіләлемдік,өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Президент сондай-ақ,белсенді,білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру,жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды.2020 жылғы қазақстандық жастарды потриоттық,білімді,дені сау,жауапкершілігі және жігерлі,иновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын,қазақ,орыс және ағылшын тілдерін меңгерген,қазақ халқының құндылықтры мен мәдениетін бойына сіңірген,толерантты,әлемде танымал және құрметті тұға ретінде көреміз.

Ұлттық тәрбие – Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайлар талап етіп отырған тұлғаның,азаматтың және патриоттың ұлттық өзіндік санасын қалыптастырудағы мақсатты процесс.Ұлттық тәрбиенің феноменіне үш құрамдас: балаларда ұлттық қадір қасиет,ұлттық мақтаныш және ұлттық намыстың өзара әсері есебінен қол жеткізіледі.

Критерийлері: -этникалық өзіндік сана,этникалық ұқсасты.


16 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге мектеп залдарына, аулаларына жалаушалар, билбордтар ілініп безендіріліп,тәуелсіздік күніне орай «Бабалар аманаты Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік-биік болсын тұғырың», «Тәуелсіздік»,

«Елдің еркіндігі Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік бастауы Желтоқсан», «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы», «Тәуелсіз елдің болашағы жарқын» атты плакаттар байқауы өткізіліп отырады.

«Достық шұғыласы»атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған мектепішілік іс шара

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, топтамалар,слайдтар
Барысы.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі оқушылар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достық шұғыласы » атты мектепішілік іс шара өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні

1 Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз құрметті қонақтарға беріледі. (Құттықтау сөз )Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Бүгінгі мерекеге біздің 5-7 сынып оқушылары барлық өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.
1-мамыр Достық мерекесіне арналған «Достық шұғыласы» атты мектепішілік мерекелік кеш
Фанфара ойналады.
2-жүргізуші сахнаға шығады.
1-жүргізуші:
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.

2-жүргізуші:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін мектеп директорына сөз беріледі.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

1-жүргізуші:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 1-ән, 1-қазақ биі.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған
Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

(Татар халық әнінің сазы естіліп,сахнаға Татар халық ұлт өкілдері шығады.
1-ән,1-биін көрсетеді.
Жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы!
(Сахнаға Грузин халқын шақырамыз.
Жүргізуші:
Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
Жүргізуші:
(Енді сахнаға Үнді ұлтының өкілдерін шақырамыз)


Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
(Келесі сахнаға Ұйғыр ұлтының өкілдерін шақырамыз)

1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.
2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

1-жүргізуші: Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!Құттықтау сөз ата-аналар атынан сөз беріледі.
2-жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Ақпаратпен бөлісу:

Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.

9 Мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында мектеп мұғалімдері,оқушылары әскери шеру өткізіп,барлық сынып әскери шеруден әр ұлттың киімімен,туымен өту дәстүрге айналған.

«Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» тақырыбында мерекелік әскери шеру өткізілді.

Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы - жаңа, гүлденген Қазақстанды - «Мәңгілік елді» алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз керек. «Қазақстан-2050» Стратегиясы елдіктің, бірліктің, ерлік пен еңбектің жемісі болмақ. Сол арқылы ғана зор жетістіктерге жетеміз. Ата-бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған. Сол мұратқа біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қол жеткіздік. Бүгін сол армандар ақиқатқа айналды. Еңселі еліміз, тұғырлы тәуелсіздігіміз бар. Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары».- деді Елбасы Н. Ә. Назарбаев жаңа Жолдауында.

  • Қорыта келгенде, осы жоғарыда баяндалғандай әдістерді пайдала отырып, оқушының көкейіне осындай іс-әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай , қоғамға керекті отансүйгіш патриот, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!