Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мәңгілік ел ұлттық идеясының тарихи негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ колледж студенттеріне лекция ретінде дайындалған нұсқасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«Жалпы пәндер» бірлестігінің

жетекшісі Б.Қалмаханова_______________

Күні:-------------------------


Модуль /пән атауы Техника-технологиялық бағыттың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша

Оқу орны :Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр Жоғары колледжі_

Оқу сабағының жоспары

Тақырып

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі»

Педагог

Кузембаева Мираш Кемаловна

Күні


Курс, группа



Оқыту нәтижелері (ТОЖ келісілген)

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау


*Бағалау критерийі (ТОЖ келісілген)

Қоғамдық-саяси ойды дамыту үшін орта ғасыр ғұламаларының идеяларының мәнін бағалайды, қазіргі заманмен салыстырады

*Тарихи ойлау дағдылары

Фокус:Тарихи талдау және түсіндіру

Қосымша: Тарихи дереккөздерді түсіндіру ,Уақыт пен кеңістікке бағдарлану,

*Тарихи концепті

6) Интерпретация:

Оқушылар:

- белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.

*Зерттеу сұрағы

-құндылықтар мен жалпыадамзаттық және дәстүрлі құндылықтар девальвациясы;

-тұтыну қоғамындағы құндылықтар трансформациясы туралы білеміз

Қажетті ресурстар

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.1-2 том. Алматы: «Атамұра» 2010 ж

2.Қайырбекова Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық. А, «Мектеп» 2019 ж


* Қосымша элементтерді енгізу тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтай отырып және пәннің немесе модульдің ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады




Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы



1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрап, оқушыларды диалогқа түсіру;

3. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру


1. Мұғаліммен амандасады.


Ауызша бағалау


1-2 слайд

https://www.youtube.com/watch?v=KeSHaelE2-I

Сабақтың ортасы

1.Слайдпен таныстыру;

2.Тақырыпты түсіндіру 3.Тапсырма беру;

1.Слайдтағы өзіне қажетті мағлұматты дәптерге түртіп алады.

2.Оқулықтан шолу жасау.

3.Мәтінмен жұмыс

.


Формативті бағалау

3 -12 слайд

13-16 слайд


Сабақтың аяғы

Қорытындылау сұрақтарын беру, жауап алу


Ауызша жауап беру, оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Қысқаша конспект




















































Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Кестемен жұмыс





«Мәңгілік Ел» – түркі жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея…» Түркітанушы, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы

Автордың пікіріне қатысты өз ойыңды білдір.

Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады

«Мәңгілік ел» ұғымының идея ретіндегі теориялық негіздері, қалыптасу алғышарттары әл-Фараби және Ж.Баласағұн еңбектерімен сабақтастықта баяндалған. «Мәңгілік ел» ұғымын көркемдік тұрғыда жан-жақты зерттеу нысанына айналдырған еңбектердегі ғылыми ой-тұжырымдар «Мәңгілік ел» концептінің теориялық базасын сан қырынан толықтырады.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың өткен ғасырлардан бергі асыл арманы болғаны баршаға аян. Болашағымызға бағыт-бағдар беретін де, ұлтымыздың арманын бір арнаға тоғыстыратын да, асқақ ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық. «Мәңгілік ел» Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк бабамыз негізін қалаған идея екендігін қазіргі тарихымыздың шежіре  беттері дәлелдейді. «Ол алғаш Қытай мектептерінің бірінен білім алып, сол жұрттың түрлі губернияларында прокурорлық қызмет атқарып, заң саласын жетік меңгереді. Кейін Құтлық қаған Елтерістің көмегімен екінші Түрік қағанатын құрған кезде оған қолдау көрсетеді. Қағанат орнап болғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын насихаттауды жүзеге асырады».

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін елімізде жаңа қоғамдық идея қажет болды. Коммунистердің кеңінен жариялаған «жарқын коммунистік болашақ құру» идеясы социалистік лагерьдің және тоталитарлық жүйенің құлдырауымен келмеске кетті. Қоғамды біріктіруші идеяның жоқтығы әлеуметтік, экономикалық, саяси, конфессиялық және мәдени қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Халыққа біртұтас идея, алға өрлейтін бағыт керек.

Есіңе түсір
Алаш ұлттық идеясының негізгі тұжырымдамалары қандай еді?
«Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті»

Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған экстремизм материалдық қана емес, рухани мешеуліктің салдарынан да таралады. Жастарға түрлі секталық ағымдар үлкен қауіп төндіруде.

Жаһандану-немесе Глобализация (Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық

  Жаһандану жағдайында еліміз халықаралық қатынастар жүйесінде қандай орын алады? Біз көршілерімізбен қарым-қатынасты қалай орнатамыз? Ұлттық идея этникалық, діни, тілдік тегіне, саяси көзқарасына қарамастан ұлттық құндылықтар арқылы елде барша халықты ортақ мүддеге топтастыра алады.

Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.

2. Ұлттық идея төңірегіндегі пікірталас. Жалпыұлттық ауқымдағы идея мәселесі тәуелсіз Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдары әсіресе ХХІ ғасырдың басында көтеріліп, бірнеше үлгілер ұсынылды. Ұлттық идея төңірегінде қызу пікірталастарға көрнекті ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері: Ә. Кекілбаев, М. Жолдасбеков, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов, М. Әшімбаев, Ә. Нысанбаев т.б. қатысты. Ұлттық идеяны анықтауда әртүрлі нұсқаулар мен көзқарастар ұсынылды.

ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасов ұлы ақын, ойшыл А. Құнанбайұлының поэзиясы мен философиясына сүйеніп, «ұлттық идея» ұғымын «мемлекеттік идея» мағынасында қабылдауды ұсынды. «Мемлекеттік идеяны» жүзеге асыру – тәуелсіздікті сақтау; ұлттың сана-сезімін жетілдіру; салиқалы сыртқы және ішкі саясат; қазақ халқының ауызбірлігі мен ұлттық менталитеті; елімізде тұратын басқа этникалық ұлттар өкілдерінің қазақтармен және өзара бір-бірімен тату тұруы болып табылады.
Сабағымызды қортындылай келе
«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық» деген Елбасының сөзімен аяқтағым келеді. Ендігі міндет мына жастар сіздердің қолдарыңызда.

Сабақты қорытындылау:

1тапсырма

Жинақтау «Ара ұяшығы» әдісі. Кім? Не? --Қайда? Қашан?- Себебі? Неге?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап беріп сабақты жинақтайды»

  • Қалаған тұлғаны таңдап алады

  • Қалаған мәселені таңдап алады

  • Өз пікірін ұсынады


2. тапсырма.

«IDEA формуласы» әдісі

«Зар заман» өкілдерінің көзқарастарын IDEA формуласын қолдана отырып, талдаңыз.


I (Identify)


D(Describe)


E(Explain)


A (Analyze)


Кері байланыс.

Ж) Кері байланыс – «БББ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім






Үйге тапсырма:

Оқу. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау,

Эссе жазыңыз








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12