Материалдар / «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2022
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақмола облысы

Степногорск қаласы

«Изобильный ауылының ЖОББМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Даирова Галия Жетписовна


«Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясы

және салауатты өмір салты мәдениеті


Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру, өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Мектептерде бүкіл қазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін оқытуда басым мақсаттарды басшылыққа аламыз.

Берген білім мен тәрбиемізден не күтеміз?

Қандай нәтиже шығады?

Оны қалай жүзеге асырамыз?

Деген сұрақтарға жауапты 1-4 сыныпта оқыту мен тәрбиелеу арқылы табамыз.

Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. 2-4 сыныптарда берілген тақырыптар ата-ананы құрметтеуге, елін-жерін сүюге, отансүйгіштік қасиеттерін оятады. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Дүниетану пәнін оқытуда «Қоғам», «Туған ел. Отан» тарауларында ұлттық құндылық негізінде білім мен тәрбие аса жоғары дәрежеде беріледі.

Математика пәні оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін әсіресе, мына шарттарды есте ұстағанымыз жөн.

1. Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сейлейтін жас ұрпақты баулып тәрбиелеу

2. Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек

«Дене тәрбиесі , салауатты өмір салты» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқушыға тәрбие беруде кез-келген тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты оқушы бойына отансүйгіш, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету және мінез құлығын дамыту.

Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ.





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!