жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мәңгілік елдің бақытты отбасы коучинг
Ата-аналар коучингі |
Күні:14.05.2018 |
Коуч:Мәжібай Айдын Төреханқызы |
Тақырыбы: |
Мәңгілік елдің бақытты отбасы |
|
Мақсаты: |
Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу |
|
Күтілетін нәтиже: |
- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады; |
|
Идеясы: |
« Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің » ! |
|
Әдісі: |
Әңгімелесу- пікір алмасу, сұрақ-жауап сыни тұрғыдан ойлау,ассоциация, құрастыру, тренингтер,ситуациялық сұрақтар шешу,шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау |
|
Ресурстары: |
Интербелсенді тақта, сызбалар, ватман, А4 қағаздары, түрлі түсті текшелер, маркер,доп, ойын элементтері, жағдаяттар,стикерлер,бағалау парақшалары т.б. Түрі: дөңгелек үстел, топтық жұмыс |
|
Кіріспе сөз :
|
- Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз! |
|
І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық тренинг «Көңілді күн»
|
Таныстырылым жасау Ата-аналарды таныстыру
Нұсқау:
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына
адамның бойында бар жақсы қасиеттің
біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша
мәлімет беруіңіз керек. |
|
ІІ.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»
|
Ата - аналар дөңгелене тұрады. Мұғалім сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді. 1. Балаңыздың туған күні қашан? 2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім? 3. Балаңыздың парталас көршісі кім? 4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 5. Балаңыздың сүйікті асы не? 6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді? 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді 8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай? 9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі? 11.Балаңыздың достары кім? 12. Балаңыздың хоббиі жайында не білесіз? |
|
ІІІ.Топқа бөлу (геометриялық фигураларды таңдау ұсынылады) |
ІV. Топтық жұмыс. Сұрақ- жауап: «Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады»- деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. 1.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? 2.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар? 3.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
Ата-аналардың пікірі тыңдалады Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
|
|
V. Бейне үзінді көрсету: «Боз орамал» |
1. Ата –аналар, бұл жағдайға не айтасыздар? 2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар едіңіздер? 3. Кімнен қателік кетті деп ойлайсыңдар? |
|
Жаднама (Слайдтан көрсету)
|
Одан әрі ата-аналарға «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратылады. 1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін» 2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір» 3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын» 4 - қателік Балаларды тым еркелету; 5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» 6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету; 7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау |
|
VI. Топтық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
|
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.
1. Мықты денсаулық 2. Ортақ қызығушылық 3. Қамқорлық 4. Тәртіп 5. Бос уақытыңызды бірге өткізу 6. Сенімділік 7. Ата - ананың сөзі заң 8. Ата - ана отбасының үлгісі
|
|
Сергіту сәті |
«Күміс құмған- ай!» биімен |
|
VII. Жағдаятқа ену. Топтарға сұрақтар беру |
1-жағдаят Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы,үйге берілген тапсырманы жаттамап едім,апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы. 2- жағдаят Анашым, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып ,барлық оқушыларды ұтып,мақтау қағазын алдым.Сіздің қуанышыңыз қандай? 3- жағдаят . Сіз жұмыстан кеш келдіңіз.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз: Ата-аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын,реніштерін іс-қимылын салып) көрсетеді |
|
Ата - анаға жадынама
|
-Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің - Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады - Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады - Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады - Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді - Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады - Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді |
|
ІХ. Рефлексия. Кері байланыс:
|
«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі сіздің қолымызда!» Немесе «Тілек ағашы» - кері байланыс .Стикерлерге ата- аналар тілектер, ұсыныстар жазып, оны жапсыру.Топтан 1 -2 ата-ана өз ойын жеткізіп, құттықтау тілегін білдіру |
|
Х.Қорытынды
|
Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отыры «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан - Өле - өлгенше соны таныр қиядан Өнер - білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан. Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген