Материалдар / «Мәңгілік елдің тұғыры!» мерекелік іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік елдің тұғыры!» мерекелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл!Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кеш туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2022
330
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Мәңгілік елдің тұғыры!» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

арналған патриоттық кештің сценарийі



Көрініс.10 сынып оқушылары ашылуы

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейне-материал көрсетіледі

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар мен ұстаздар! 2021 жыл  еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл!Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

Жүргізуші:Иә, бүгінгі мерекенің орны ерекше. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.

(Барлығы орнынан тұрады, 1 минут үнсіздік)

Жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма, 
Бас иемін ата-баба рухына.

Тарихымда тағзым етіп мәңгілік,
Туған елім күнің бүгін жарқыра.

Жүргізуші:Тәуелсіздік- ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар-ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

Жүргізуші: Таңғажайып атыңда дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туған елім көкке жетті көк туың,
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.







Жүргізуші:Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

Жүргізуші:Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбітшілік тілейміз!

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! 

















































Фон: Бекболат Тілеухан «Алаш ұраны»

1991 жылы - Қазақстан егеменді ел болды. 

1992 году- 2 марта Казахстан стал членом Организации Объединенных Наций.

1993 жылдың- 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.

1997 жылы- 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады

1998 года- столицу переименовали в Астану.

2001 жылы - 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. 

2006 жылдың - қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.

2008 жылы - 6 июля в Казахстане поевился новый праздник День сталицы РК


2017 жылы - Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.

2019 жыл - 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

2019 год - былообъявлен годом молодежи в Казахстане .

2020 жыл - еріктілер жылы

  1. - Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!