Материалдар / Мәңгілік елдің ұрпағы - біздің болашағымыз.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мәңгілік елдің ұрпағы - біздің болашағымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
3886
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы

Мәңгілік елдің – ұрпағы біздің болашағымыз

Сабақтың мақсаты

Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері

1.Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.
2.Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.
3. Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Тілдік құзіреттілік

Мәңгілік ел,

Ресурстар

интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат..

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, «Шеңбер», «Болжау» «Ой қозғау» әдістері, .

Тапсырмалар

Топтық, жұптық тапсырмалар.

Критерийлар


  • Топта, жұпта жұмыс жасап, өз пікірлерін айта алады.

  • Өз ойын нақты жеткізе біледі және тіл туралы өлең жолдарының мағынасын таниды.

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


  1. Келген қонақтарға үш тілде амандасу. (қазақша, орысша, ағылшынша)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау.

Қонақтармен амандасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындайды.

Шаттық шеңбері

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

Топқа бөлінеді, тілектерін айтады.


«Ой қозғау» әдісі

Біз еліміздің болашағымыз! Оқушылар өз пікірлерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы

Мұғалім сөзі.

(Туғанжер туралы слайдтар көрсетіледі)Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға,мақтануға да тиіспіз.Осының барлығыната-бабаларымызнайзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Біз еліміздің болашағымыз
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы еліміздің мектептерінің тәрбие жұмысының басты мақсаты болып табылады. Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін ! Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты мақаласында өлкетану бағытындағы Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынды.Осы бағыттыңжүзеге асырылуына сендердетуған жерді дәріптеу, құрметтеуарқылы үлес қоса аласыңдар.Осыған байланысты бізде Туған өлке атты факультативтік сабағымызда өз Отанымыздың тарихымен танысып жүрміз.

Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?
Айша:Отан(М.Мақатаев)
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, 
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем, 
Мен оның құдіретті үнін сүйем. 
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 
Бәрі маған: Отан деп сыбырлаған.
Жаным менің, 
Кеудемді жарып шық та, 
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан! Бәрінен биік екен. 
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен...


Отан дейміз - от жаққан жерімізді, МерейОтан дейміз - өсірген елімізді.Отан дейміз - туған жер, атамекен,Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан, ҚарлығашАман өткен талай дүлей азаптан.Бар әлемді өз аузына қаратқан,Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Отан!! Отан! АлинаСен болмасаң, не етер ем?Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да, ЖанкелдіАяулым, алтын бесік, қара орманым да.Бір нәрсе жетпейді деу қате боларӨзіңдей ұлан байтақ далам барында.Гүл дала – Қазақстаным.
Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?
Көрініс: Туған жер(Аяғын ақырын басып Ата шығады.
Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі:Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы:Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі:Ата, Өткен өмір деген не?
Атасы:Ә, балам, Өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:Ол қандай болған?
Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:Болмаса да оқыған тарихшы атым,Жинадым ескілерден тарих хатын.Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,Айтылған аталардың аманатын.Есімі ешадамның өшпейді екен,Артында ұрпақжүрсе жаңғыратын,ҰмыттырмауЖеті атасын парыз екен,Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезденбіздің ата - бабаларымызтуған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.
Немересі:
Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?
Атасы:Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.
Немересі:Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы:Жарайсың, балам!
Мұғалім:
1. Көрініс не жайлы болды?
2. Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.Қазақстан кеше,бүгін,ертең 
Кеше(өткен тарихқа шолу)
1–оқушы:Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді. Шолу жасап өтейін.
Жоңғар шапқыншылығы ;
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;
1928-1932 жылдардағы аштық;
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;
1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.Бұның барлығы датуғанжерімізгеауыржарасалды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек тебізкешегі тарихымыздыешқашан ұмытпаймыз.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
2-оқушы :Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.Елімізтәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
3-оқушы:Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткенжетістіктерімен әлем назарына ілігуде.
4-оқушы :Еліміз мұнайға,пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
5-оқушы :Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамығанелдер қатарына қосылу үшін, Болашаққа бағдар:рухани жаңғырубағдарламасы аясындақарқындыжұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптеркүн санапдамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Ертең (Сұхбат алу әдісі арқылыертеңгі күнге болжау жасау )
Үш тілділік;
Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.
Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.
Халық саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.
Рухани жаңғыру бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.
Мұғалім:Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсаттаелбасымыз Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. - Осы бағдарлама жайлы не айта аласыңдар?
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар; Еркебұлан
Әлемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
Бабалар салған сара жол МерейӨшпейтін мәңгі дара жолҰрпаққа бүгін аманатҚорғай біл халқым пана бол

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе? РамизСан - салалы жетістік көп бұл күнде.Отыз елдің қатарында дамыған,Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.Тарихта Есімханда болды ескі жол, АйшаТұсында Қасымханның бар қасқа жол.Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Көздегені, мақсаты, басқы арманы - КамилаЕгеменді елінің жақсарғаны.Болашақты болжамдап алдын - ала,Қазақстан - 2030 - ды жоспарлады.
Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан, АсаналыКүн - күн сайын қарыштап алға басқан.ТМД елдерін артқа тастап,Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан.Сейілді күмән бұлты ойындағы, АлиханЖігер күші артты елдің бойындағы.Қазақстан - 2030 жоспары кезеңімен,Мезгіліне жетпей - ақ орындалды.

Дамыды, өсті өнер - ғылым, мәдениет АрманСызба сызып жазылды тарих, әдебиет.Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын,Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.

Қадыр Мырза Әлидің Не үшін өлеңін түсіндіру.— Екі көзін не үшін керек?— Жақсылықты көру үшін.— Екі қолың не үшін керек?-Елге көмек беру үшін керек?— құлақ деген не үшін керек?-ақыл-кенес тыңдау үшін керек?— жүрек деген неүшін керек?— Жауларыңнан қыңбау үшін .-Тіл мен жағын енүшін керек?— ақиқат айту үшін керек?-Ал аяғың? .— Шетте жүрсем,Туған жерге қайту үшін.
Жарқын болашаққа саяхат
Менің елімнің болашағы ... (Қалай көз алдыңа елестетесің?) Сурет
Менің болашағым ... (Қалай елестетесің?)
Егер мен Президент болсам .... (Не істер едің? Нені өзгертер едің?
Туған жер туралы мақал-мәтел айту.
Туған жер тақырыбынаөлең құрастыру.
Мұғалім:Енді сендердің Туған жер туралы қаншалықты білетіндерінді тексеріп көргім келеді. 
Иә және жоқ ойыны
1.Еліміздің Ордасы Алматы қаласы?
2.Еліміздің Ата заңы 30 тамыз 1995 күні қабылданды
3.Ұлттықвалюта- сом
4.Тәуелсіздігімізді16 желтоқсан 1991 жыл. жылы алдық? 
5.Мемлекеттік рәміздер –ту, елтаңба, әнұран
6. Қазақтың үш биі- Абылай хан, Төре би, Қазыбек би
7.Тудың авторы Шота Уәлиханов
8.Елтаңбаның авторы (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
9. Тұңғыш Президент күні 16 желтоқсан
10.Қазақстанның көршілес елдері – Қырғыстан, Түркіменстан,Өзбекстан, Таджықстан,Қытай
11. Біздің мекенжайымыз Қызылжар облысы, Чкалов ауданы , Қарағаш ауылы
15. Еліміз Африка құрлығында орналасқан?
16 Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт? (15 қараша 1993 жыл)
17. Еліміздің 13 облысы бар?
18. Қазақстандағы Экспо көрмесі 1917 ж өтті




Өз ойларымен бөліседі.





































.

































Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды.


Сабақтың соңы

Хор:Жаса, Қазақстан!ҚорытындыҚұрметті оқушылар!Біз бүгін" Біз еліміздің болашағымыз!" атты ашық тәрбие сағатын өттік.Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.
- Айналайын!Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!