жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі
«Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі» КММ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утешкалиева Жайнагүл Орынбасарқызыңың «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбындағы эссе жұмысы
Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұстаздық- ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Анамның ақ
сүтімен бойыма дарыған ана тілім, туған тілім, қазақ тілім.
Тілімнің мәртебесін биік те заңғар шыңға көтеру мақсатында арманыма
қанат бітіртіп - тіл маманы болдым. Мамандығым - мақтанышым. Әр
шәкірт жүрегіне, рухани жан дүниесіне - қазақ тілімнің тереңдігін,
байлығын ұғындыру тікелей міндеттім. Әр халықтың мәңгі жасауы -
оның тілінде. Тіл - әр халықтың өмірі, тарихы, болашағы.
Қазақ тілім - терең дем алар тынысым,
Қазақ тілім - еркіндігім, теңдігім
Қазақ тілім - кәусәр, мөлдір бұлағым,
Қазақ тілім - мәңгі жасар байлығым,- деп жүрегім алып ұшады.
Мен сияқты әр тіл маманы - ұлтымыздың ертеңі үшін шыр - пыр болып
жүрген, қазақ тілін қайткенде бар қазақтың санасына егемін деп түн
ұйқысын төрт бөліп жүрген ізгі жандар. Кешегі өткен ұлы даналарымыз
Абай, Ахмет, Мұхтар заманында тіл үшін күрес еліміздің тәуелсіздігі
үшін күреспен тең болған. Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде
егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымағы жарасқан халқы
бар. Әр халықтың өз ана тілі бар. Әр ұлт өкілі мемлекеттік тіл
қазақ тілін құрметтеп, қазақша сөйлесіп дидарласады. Қазақша
айтысып, тіл қаймағын былғаған айтыскер анамыз - Надежда Лушников
есімі, қазақша әндерді керемет шырқайтын – Татьяналар, қазақ
тілінің тағдырына көп қазаққа қарағанда шын жаны ауыратын - Асылы
Оманова есімдерін ерекше құрметтпен айтуға болады.
Туған тілімнің әр сөзінің терең мағынада болуы, тілімнің
құдіреттілігі.
Күнделікті өмірде әр адамның сөйлеген сөзіне мән берсем, кей
адамдар жаныңды ауыртып, жүрегіңе қаяу түсіреді, кей жандардың шын
көңілімен айтқан бірауыз сөзіне мәз болып, марқайып қаласың. Қазақ
тілінің құдіреттілігі сонда әр адамның сөйлеген сөзінде, ісінде,
оның жан дүниесі, ішкі әлемі анық көрінеді. Сондықтан да әр
сөзімізге абай болғанымыз жөн. Сені биікке шығаратын да, тірідей
орға жығатын да – тіл. Тіліміздің қолдану аясын кеңейту - әр
перзент борышы.
Қазақ халқының қызы болып дүниеге келгеніме мақтанамын. мен өз
халқымның қаны мен жанынан жаралған тұлғамын. Борышым – қазақ
тілінің тағдыры, бүгіні мен болашағы.
Адал, мейірбан, ақ көңіл, жайдарлы мінезім бар, арым - намысым, күш
- жігерім – тілім бар. Мемлекетттік тіл - мемлекеттің
мәртебесі.
Қазақ тілінің Отаны - Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік -
тарихтың мәңгі болып өмір сүруіне бөлінген еркіндігі, тынысы.
Еліміздің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы, тұрмысы оның әр
мүшесінің парасатты пайымы, санасы. Қазақстанның қазақша
өркендейтініне сенгім келеді. Жастарымызды, өскелең кейінгі ұрпақты
тіл мәдениетіне, көркемдігіне тәрбиелеу, олардың бойына тілге деген
шынайы сезімді ояту - орындалар арманым..
Салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің
көкейіне үміт отын ана тілінде жағып жүретін, елжанды, патриот,
рухани жан дүниесі бай тұлғалармыз біздің
болашағымыз.Қазақ тілі мен әдебиеті –баланың жүрегіне,
бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып
ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген
батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық
жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани
құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын,
жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу
арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін
таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен
сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен
адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп,
жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене
біледі.
Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, Егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген