400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан» атты интеллектуалды-танымдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушылары арасында өткізуге болады. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан» атты

интеллектуалды-танымдық ойыны


Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

«№27 ЖББОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Нурмустапанова Нурбану Молдашовна


Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдық  мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын  арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін  өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің  шексіз, мәңгі  болуына  адал қызмет  ететін   білімді де  жан-жақты дамыған,  интеллекті  жоғары, батыл  текті, намысты  ұрпақ,     шынайы  патриоттар   тәрбиелеу.   Өз Отанын сүюге,  туған  елінің тарихын, зиялы  тұлғаларын тануға  шақыру;

Қолданылған  құрал-жабдықтар: «Үздік бестік» кестесі, компьютер, дискілер, нөмерленген  асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер  салынған  конверттер.

Ойынның барысы:

Жүргізуші: — Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға  қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  28 жылдық  мерейтойына  арнап  ұйымдастырылып отырған «Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан»  атты  интеллектуалды-танымдық ойынымызға  қош  келіпсіздер!

Тәуелсіз Қазақстан елінің  тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің  не  екенінін  дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз  қаласынан, өз өлкесінен басталады.

Сонымен біздің  интеллектуалды- танымдық  «Мәңгілік жансын бағың, тәуелсіз Қазақстан» атты  ойынын бастайық. Олай болса,  ортаға  ойынға  қатысушы  топтарды  шақырайық. Ортаға  «Жарық  жұлдыз», «Бәйтерек» және  «Тәуелсіздік  тірегі»  топ мүшелері шығады, орындарына  жайғасады. \Топтарға арналған  үстелдер  әзірленеді  және  әр үстелде  топтың  атауы  жазылған  кесте  көрсетіледі\

Әр топ  өздерімен таныстырып  өтеді.

Жүргізуші: -Рахмет, құрметті  ойыншылар,  бүгінгі  ойында  сіздерге  үлкен сәттілік  тілейміз. Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын төрт кезеңнен  тұрады:

І кезең   «Ойлан тап!»,  ойынды бастамас  бұрын  ет қыздыру, яғни,  балаларды ойынға  бағыттау  кезеңі.

ІІ кезең «Суреттер  сыр  шертеді тереңінен». (Бәйтерек, Нұр-сұлтан, Көктөбе)

Ш кезең   «Адасқан сөздер» (қима қағаздардан сөйлем құрастыру)

ІҮ кезең   «Сөзжұмбақ сайысы»  (сөзжұмбақ шешеді)

Міне, құрметті  ойынға  қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар  ойынның  барлық  ережелерімен таныстық,  іске  сәт.

Атыңнан  айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің  туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы  келе берер! – дей отырып  ойынымыздың

І кезеңін бастайық. І кезең: «Ойлан тап!». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 10 сұрақ  қойылады, ал  сіздер, сол  сұраққа тез арада, сол  сәтте жауап  берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Бірінші  болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды  бастайды.

Біз 16 желтоқсанда қай мерекені тойлаймыз? (Тәуелсіздік мерекесін)

Жүргізуші: -Рахмет, Ал, «Тәуелсіздік тірегі» тобына  іске  сәт делік.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

2. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

3. Астана қаласының символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

4. Қазақстанның тәуелсіздік алған күні? (16 желтоқсан 1991 ж.)

5. Карта жинағы? (Атлас)

6. Жер шарының моделі? (глобус)

7. Алматыдағы айналасында 12 мүсіні бар субұрқақ қалай аталады? (Шығыс күнтізбесі)

8. Көктөбеге қалай барады? (аспа жолмен көтеріледі )

9. Қазақстан мемлекетінің астанасы? (Нұр-Сұлтан)

10. Бәйтерек неге ұқсайды? (үлкен ағашқа)

Жүргізуші: -Рахмет, құрметті сайыскерлер, мінекей, І-ші  кезеңіміз аяқталды. Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз  оянып, ой-өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан  бірнеше тарапқа  барып та  қайттық,  сіздер  келесі  кезеңдерде   де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар   деймін. Көп ұпай жинаған тобымызға қошеметтеп алғысымызды айтамыз.

Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне  көшейік.

ІІ кезең: «Суреттер сыр шертеді  тереңінен»  атты  бұл кезеңде сіздер  мына   дорбадан нөмірленген  асық  аласыздар  және сол нөмір  түбіндегі  конвертті  ашып  суретті пазлға қол жеткізесіздер. Сіздердің  негізгі әрекеттеріңіз суретті пазлды құрастырып мұқият  қарап, суретте не бейнелегенін 3-4 сөйлеммен айтып бересіздер.

Ойынды  І -ші кезеңде   басым ұпайға  ие  болған  топ  бастаса  болады.

Ал, іске  сәт.

№1. Бәйтерек «Бәйтерек» кешенінің сәулеті әдемі. Ол үлкен ағашқа ұқсайды. Оның төбесінде самұрық құстың жұмыртқасы бар.....

№2. Нұр-сұлтан Нұр-сұлтан - әсем қала. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Хан  шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, «Өмір өзені» атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Сарыарқаның төрінде орналасқан Нұр-сұлтан - Қазақстанның жүрегі.

№3 Көктөбе Көктөбе –сәулеті әдемі демалыс орны. Көктөбеде «Демалыс және спорт» кешені, биік телемұнара, әсем ғимараттар бар. Көктөбеге аспа жолмен көтерілеміз. Оның төбесінен қала толық көрінеді. Әсіресе, түнгі Алматының көрінісі керемет!

 Жүргізуші: — Жарайсыңдар,  тәуелсіздік  таңының  жұлдыздары,  тамаша   ойын көрсете білдіңіздер. Ой-өріс  көкжиегінің  биіктігі  осы  кезеңде керемет байқалды  десем  артық  емес шығар.

Міне  құрметті көрермендер  ойынға қатысушы  оқушылардың жан-жақтылығын, ой ұшқырлығын  байқаған шығарсыздар?  

Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі  кезеңге  көшпес бұрын  сіздердің де  жанкүйерлер ретінде  осы  ойыншылардың қоржынына үлес  қосуларыңызға  мүмкіндік  берелік. Ол  үшін  мен  сіздерге  1 минут  уақыт  беремін және   мына  алдарыңыздағы шатаспа  кестесінен   Тәуелсіз  Қазақстанымыздың   қала  аттарын  тауып  айтуыңызды  сұраймын. Қай топ жанкүйерлері  көбірек қалаларды   атаса  сол топтың  қоржынына 3 ұпай  қосылады. Шатаспа  кестесі   тақтаға  ілінеді. СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА,ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК,ШО, КБКЕШИ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА,  ТУАЫРА.  (Сәтбаев, Балхаш, Астана,  Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе,Жезқазған, Ташкент, Бишкек, Ош, Атырау).

ІІІ кезең.   

Жүргізуші:-Тамаша, жанкүйерлерге де  үлкен рахметімізді  айтамыз. Ал, ойыншыларды  ойынымыздың ІІІ кезеңі, яғни  «Адасқан сөздер» атты  мектепте  алған  білімдеріңіздің  деңгейін  көрсетуге шақырамыз. Бұл кезеңде шашыраған сөздерден Тәуелсіздігімізге қатысты сөйлемдер құрастыруларыңыз керек.

Ойын шарты  түсінікті  болса ойынымызды  бастаймыз.                                                        

  1. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Елтаңба, Ту және Әнұран жатады.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-жомарт Кемелұлы

Жүргізуші:-Иә, құрметті ойыншылар, менің ойымша, мектеп  бағдарламсынан да  жаман  нәтиже  көрсетпедіңіздер. Сөз  кезегін  сараптауға және ұтып алған ұпай санын атауға әділқазы алқасына берелік.

ІҮ кезең.

Жүргізуші: - Енді ІҮ  «Сөзжұмбақтар сайысы» кезеңіне  шақырамын. Бұл  кезеңде барлдық топқа сөзжұмбақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 2 ұпайдан беріледі. Соңында ұпай сандарын санап жеңімпаз тобымызды анықтаймыз.








1.

Қ

А

З

А


Қ


Т


І


Л


І











А











2.

Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З

Д

І

К














3.

Б

А

Й

Т

Е

Р

Е

К













Қ



















С













4.

Х

А

Н

Ш

А

Т

Ы

Р

















А











Н

Ұ

Р -

С

Ұ

Л

Т

А

Н












  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  2. 16 желтоқсанда қай мерекені тойлаймыз?

  3. Астана символы не?

  4. Нұр-сұлтандағы ірі ойын-сауық орталығы

  5. Қазақстан Республикасының астанасы.

Жүргізуші: – Енді, дұрыс жауабын экраннан қарайық. Компьютерге барлығымыз назар аударамыз.

Сөз сарапшыларда.Сарапшылар өз ойларын ортаға салады, ұпай санын айтады
Жүргізуші: - Рахмет , міне  бүгінгі  ойынымыздың  соңғы  кезеңі де  аяқталып, оның  нәтижесімен де  таныстық.

Ендеше,

Тәуелсіздік  таңы  сендер, білемін,

Болашаққа  бар білімін  берерін.

Барыс  текті  жастар,  сендер, білемін,

Жалыңдатып  биік  шыңда   жүрерін – дей  отырып,  бүгінгі  білім  додасын  аяқтамастан бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік, жеңімпаз топты атасын.

Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды. Әділқазы алқасының төрайымы жеңімпаз топты атап марапаттайды.

Қорытынды: 

-Осымен бүгінгі білім додасын  аяқтауға рұқсат  етіңіздер,  қашанда  ойымыздың көк жиегі биік болсын,  жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз  намысты, ұлдарымыз  қайратты, қыздарымыз  сымбатты да  білімді  болсын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
816
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі