400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным” ертеңгілік балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным! »


Мақсаты
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.



Үш қатарға бөлініп, қолдарына жалауша ұстап балалар билеп шығады. Үш қатарға келіп тұрады.

«Қазақстан елім» әнің орындайды.

Екі жаққа бұрылып орындарына отырады.


  1. Ән: «Қазақстан елім»


Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, әріптестер мен балалар! Бүгінгі еңселі егемендігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы ұлттық мерекеміз Республика күні баршамызға құтты болсын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін. Олай болса, 25-қазан Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.


Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын еліміздің керегесі
Тату тәтті бұл халқымыз әрқашанда
Кетпесін туған жердің берекесі.

Құттықтауларымызды тақпақтардан бастайық:


  1. Тақпақтар:

1.

2.

3.

4.

 

Жүргізуші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз м
емлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Осындай егеменді елде тұрып жатқан біздер бақытты, балалар бақытты!

Алтын адам кіреді.
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.

-Армысыңдар балалар! Қандай бақыт осы күнді көргенім. Отаным деген жүректеріңнен айналдым. Мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: - Қош келдіңіз ,Алтын адам! Ата-бабамыздың аңсаған күні,  арманы орындалып өз алдымызға ел болып, өз тіліміз, жеріміз, ата заңмен рәмізіміз бар. Сіз дұрыс байқадыңыз Отаным деп өз елін мақтан етер білімді, патриот ұрпағымыз өсіп келеді.

Алтын адам:- Керемет! Олай болса балалардан өз туған жерлерін білеме екен сұрап көрейін.

Балалар сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Алтын адам: Қазақстан елінің қандай қалаларын білесіңдер?

Балалар: Астана, Алматы, Көкшетау, Ақтау, Орал, Тараз…

Алтын адам: Сендер қай қаласында тұрып жатырсыңдар?

Балалар: Орал қаласында.

Алтын адам: Орал қаласы таза, әдемі қала екен. Ал, балабақшаларын қандай керемет! Балабақшаларын қалай аталады?

Балалар: Заңғар балабақшасы.

Алтын адам: Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл-қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз би дайындап келді. Ұлдарымыздың биін тамашалайық!


  1. Би: «Болашақ ұландар»


Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген. Бізде осы ата-апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.

-Сендердің еңбектерін – сендердің жақсы оқығандарын, тәртіпті бала болғандарың.

- Ал ендеше Отан туралы әнімізді шырқайық!


  1. Ән: «Қазақстаным Отаным»


Алтын адам: Керемет, балаларыңыз өте өнерлі екен.

Жүргізуші: Иә, біздің балалар өте өнерлі. Ал енді, балалар, осындай мерекеде, бой сергітіп, көңілді ойын ойнап жібереміз бе?

Алтын адам: -Балалар мен сендерге сиқырлы сандық ала келдім, ішінде сыйлықтары бар. Ашып көреміз бе? Қане, бәріміз шеңбер жасап, ортаға жиналайық.


  1. Ойын «Сандық»


Алтын адам: Балалар ойын ұнадыма сендерге? Жарайсыңдар балалар! Балалар сендердің өнерлеріңді көріп риза болдым. Ал рұқсат болса мен кері қайтайын. Басқа балабақшадағы бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалауым керек. Республика күні тағы да құтты болсын! Келесі  кездескенше аман-сау болайық. Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыз, Алтын адам!

Жүргізуші: Сау болыңыз!


Жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,

                    Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.

                    Атандың сен барлық әлем тілінде,

                    Атыменен «Қазақ» деген халқыңның. – дей отыра, біздің елдің бақытты балғындарымыздың биіне кезек берейік!


  1. Би: «Текемет»


Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

Балалар, Республика күні қай мезгілде тойланады?

Балалар: Күз

Жүргізуші: Күз мезгілі берекелі көкөністер мен жемістерге толы. Қандай көкөністерді білесіңдер?

Балалар: Картоп, сәбіз, асқабақ, жуа…

Жүргізуші: Жемістер мен көкөністер дәрумендерге бай. Көкөністерді тамақ пісіргенде қолданамыз. Ал жемістерді жейміз, тосап, шырын қайнатамыз. 

Жүргізуші: Ендеше, балалар күз мезгіліне арнап ән шырқап жіберейік.

  1. Ән: «Алтын күз»


Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Қазақстан – менің туған анамсың,

                           Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
                              Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
                         Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.


  1. Тақпақтар

1.

2.

3.

4.


Жүргізуші: Ал ендігі кезекті қыздарымыздың «Қолшатыр» биіне кезек берейік!


  1. Би: «Қолшатыр»


Қорытыңды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным!» атты мерекелік шарамызды аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
13.10.2023
1216
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі