«Мәңгілік жаса, қыран елім ҚАЗАҚСТАНЫМ!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік жаса, қыран елім ҚАЗАҚСТАНЫМ!»

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан – Республика күніне орай өтетін «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты ашық тәрбие сағатының СЦЕНАРИЙІ
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






Picture 1
















25 қазан – Республика күніне орай өткізілетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Мәңгілік жаса, қыран елім

ҚАЗАҚСТАНЫМ!»








Топ кураторы: А.Ильясова






Picture 2 Picture 2









Қазалы қаласы

2023-2024 оқу жылы


БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары Г.Жаңылова





25 қазан – Республика күніне орай өтетін «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты ашық тәрбие сағатының

СЦЕНАРИЙІ

Мерзімі: 24.10.2023 жыл

Уақыты: 12-00

Колледж АКТ залы


(/АКТ залы мерекелік тақырыпқа сай безендірілген, шарлар, залда колледж студенттері, оқытушылар, колледж әкімшілігі/)

(Хабарлаусыз Қазақша би билейді қыздар. Ата-аналар шашу шашып тұрады)


(Кадрдан тыс дауыс және бейнеролик)

(Нұрдәулет: Біз, қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық, арман тілегімізді ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Күннен күн келді, аңсаған таң атты, тілегіміз қабыл болып, егемендік болдық. Жүрегімізбен жар салып, жер жаhаннан сүйінші сұрадық. Алдағы күннен сенім арттық. Бүкіл ел болып әр жетістігіне балаша қуандық, алар асуымыз алда. Сен мықтылардың қатарындасың. Шарықта, самға, Тәуелсіз Республикам менің!!! Тек алға!!!


Әкімбек: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кіргізілсін.)


Хор /Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні/ орындайтын №22-1 топ студенттері


(ФАНФАР /заставка/)

(Ортаға жүргізулер шығады)

1-Рамазан:

Аударып жұрттың назарын,

Бардың да көрген базарын.

Жоқтын да көрген азабын,

Даладай дала Қазағым!

Алты алаштың арманы болған,

Арда елдің айбары болған,

Ең ұлық мереке Республика күні құтты болсын!!!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен колледж студенттері, бүгінгі  Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты мерекелік салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!


2-Ұлбосын:

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы.

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай.

Республикама қарашы!


1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.




1-Рамазан:

Ендеше алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі колледжіміздің директоры
Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.


1-Рамазан:

1992 жылы 4 маусымда біздің мемлекетіміздің тарихына алтын тармақ ретінде тарихқа кірді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.


Көгілдір аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқыраған жарқын болсын!

Төзілген мейірім мен шапағатқа,

Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!


Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан! (Тәуелсіздік монументін алып шығады - Нұрболат)


2-Ұлбосын:

Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»- деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.


Шарықта, шарла көкті көк Байрағым, (Ту-Нұрдаулет)

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.


Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, (Гимн-Бекзат)

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым. (Елтаңба-Диас)

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Әруағын!


(хабарлаусыз ән «Тәуелсіздік таңы» орындайтын: Айшолпан)


(сахна төрінде Мемлекеттік рәміздеріміз тұрады)


(КӨРІНІС облыс орталықтары туралы)

2-Ұлбосын:

Тәуелсіздік халықтың арман қанаты. 1991 жылы біз қанатымызды байлап тұрған құрсауды бұзып, биікке құлаш сермедік, әлемге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жарияладық. Біз, өз Отанымыздың жаңа дәуір тарихын бірге жаздық, негізін бірге қаладық. Халықтың ынтымағы бізді мызғымас тәуелсіз мемлекетке айналдырды, береке мен бірлік, татулық пен келісім бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі және өркениет көшіне ілесуінің кепілі болып табылады.


1-Рамазан:

Олай болса ортаға тобымыздың биші қыздарын шақырайық, қарсы алыңыздар!

«ТЕК АЛҒА»

1-Рамазан:

Бүгінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналдыруды жалғастыруда.




2-Ұлбосын:

Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.
Жыршылардың,жыраулардың мекені,
Тек өзіңнен жаралған, ақындардың жүрегі.


1-Рамазан:

Ырысың қайнап, күрішің жайнап,

Жатырсың жайлап, Сыр елі.

Оранған гүлге, сенімен бірге,

Соғады бірге жүрегім.

Туған жер менің тірегім.


ЖАСАЙ БЕР, ЖАЙНА, СЫР ЕЛІ! (1-Жүргізуші 2-Жүргізуші бірге)


2-Ұлбосын:

«Қазалы вальсі» әнімен ортаға тобымыздың ұстаздарын шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

(2 жұп вальс билейді)

Әсет: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!


1-Рамазан:

Хор: «Туған Ел» орындайтын №22-1 топ

(мерекелік от шашу)


2-Ұлбосын:

Осымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қазақ елі мәңгі жасасын!!!


САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!! (1-Рамазан 2-Ұлбосын бірге)









Топ кураторы: А.Ильясова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2023
894
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі