Материалдар / Мәңгілік жаса, туған елім, Қазақстан.

Мәңгілік жаса, туған елім, Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. - Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
Авторы:
30 Қазан 2024
77
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңгілік жаса, туған елім, Қазақстан.

25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Әнұран ойналады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!!


Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері, еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының бары айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.


Сұрақ-жауап .

1.Біздің тұңғыш президентіміз кім?

2.Біздің казіргі президенттіміз кім?

3.Р.Қ.Конституциясы қай жылы қабылданды?(1991 жылы 16-желтоқсан)

4.Қай жылы Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге)айналысқа енгізілді.(жауабы 1993 жылы 15 қараша)

5.Қазақстан Республикасы тауелсіздігін қай жылы алды? (1991ж 16 желтоқсан)

6.Біздің раміздерімізге не жатады?

7.Тууда қандай сурет бейнеленген?

8.Елтаңбада қандай сурет бейнеленген ?

Мағжан
Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

Самир
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.

Жасурбек


Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн – жазғы күнгі гүл алаң.

Жүргізуші: 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналым


Мафруза: Ту.

Желбіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.

Айсәуле Елтаңба

Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.


Гүлмира Теңге.

Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Хор:"Көк тудың желбірегені


Ұлттық құндылықтар жайлы сергіту сат

Ұлттық ойындар :

1.Қазақстан ұлттық ойындарының логилалық ойлау мен математикалық ойнануды дамытуға негізделген ойын (Тоғызқұмалақ)

2.Бұл ойынды жазда көгалды алаңда спорт залында өткізуге болады. Ойыншылар қос қолдап ұстап тартады. бұл ойын ұлттық ойын (Арқан -тартыс)

3.Қазақ халқының дастүрлі ұлттық ойыны.Иірген кезде төрт түрлі қалыпты түседі;алшы , бүк,шік,деп аталады .(Асық ойыны)


Жұмбақ :

1.Даусы бар,жаны жоқ

Шертсең күйі ані көп. (Домбыра )


2.Ұқсайды шеңберге

Қабырғасы жиылып,керіледі

Жиқазы мол бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй)

3.

Мақал мәтел

1.Отансыз адам -ормансыз бұлбұл

2.Отан үшін күрес -ерге тиген үлес.

3.Отан қымбат ,Отбасы шуақ.

4 . Отан үшін отқа түс-күймейсін

5.Отан оттан да ыстық

6. Отан сүю -отбасынан басталады.

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел-Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан . Р.Амонбой


Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстан менің! Айша


Алтын қанат көмкерген.

Шаңырыақ бар,уық бар.

Әсем бине сен қыран ,

Жай бине емес ұғып ал.

Көгілдір түс аясы.

Бейбіт дала елесі .

Шаңырық жұрт панасы.

Уықтан күн сәулесі

Аңызға ұшқыр төзімді,

Пырақ халық арманы.

Жоғары да түсер көз,

Бас бармақты жұмуға,

Ал, Қазақстан деген сөз .

Таныс барлық үл,қызға.

Маған ,саған қымбатты.

Ел таңбасы ол-Елтаңба. Айсауле


Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы

Республика күнімен құттықтаймын .

Өйткені ол-Ұлт күні,Қазақ күні! Нұрдәулет


Мақтансаң мақтан елім деп ,

Тани біл,елдік таңбаңды.

Елтаңба ,Туың, Әнұран-

Шырқатты биік арманды .

Тәуелсіздікке тән белгі-

Қасиетті осы рәміздер

Еліме рух,мән берді,

Иесі оның -мына біздер. Мафруза


Би; Қазақстан


Қорытынды;

Егемен елім десем ,сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жарқырып жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймың.

Өйткені ол-Ұлт күні,Қазақ күні!!

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің -дей отырып,

Құрметті қонақтар ,, балалар осымен Республика күніне арналған. "Мәңгілік жаса,туған елім, Қазақстан " атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ