Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілікке өзімен ала кеткен, менің нәзік жанымды кім түсінер» Мұқағалимен сырласу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге өте колайлы, дайын сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы




ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы

«Абай атындағы меткеп-балабақша кешені» КММ










«Мәңгілікке өзімен ала кеткен,

менің нәзік жанымды кім түсінер»

Мұқағалимен сырласу кеші



Picture 1



Дайындаған: М.Е.Бейсембаева







2018-2019 оқу жылы


Күні

Уақыты : 15:00-16:00

Өтетін орны: Акт залы

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Дәйек сөз:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Кіріспе сөз

  3. Ақынның өмірбаянын айтып өту

  4. Ақын жырларын мәнерлеп оқу

  5. Поэзияға тоқтау

  6. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.

  7. Қорытынды.

Кеш соңында ән орындау.


(Мұқағали Мақатаевты өз дайсында өлеңі қосылады)

1 жүргізуші: Иә құрметті достар бұл иісі қазаққа аты мәлім болған Мұқағали ақынның тірі дауысы. Олай болса «Мәңгілікке өзімен ала кеткен менің нәзік жанымды кім түсінер» Мұқағалимен сырласу кешіне қош келдіңіздер!

Өткен күннің бір елесіндей болып, бүгіггі күнге жеткен тума таланттың дауысы, біздер бақыттымыз, өйткені ақиық ақынның өзі 21 ғасыр жастарын өзіннің құрдастары деп санаған болатын.

2 жүргізуші: Яғни мына біздер Мұқағалидай тау тұлғаның құрдастары болғанымыз ғой. Біз ойымыздағыны дөп басып оның жауқар жырларын ақтарып таба аламыз. Көкейіміздегі сан алуан сұрақтарға жауап аламыз. Мәселен әр бірімізді толғандыратын сұрақтың бірі өмір жайлы? Өзімнің және өзгенін өмірі, өрмекшінің торындай өрілген шиырланған өмір жодары кімге де болса ойға салады. Менің ше, өмір дегеніміз қымқуат тірілігі мол бұрық-сарт етіп қайнап жатқан қазандай, арқырап жатқан асау өзен тәрізді.

1 жүргізуші: Солай болса солай шығар, дәл осы сұраққа жауапты Мұқағалидің өзінен іздейік көрейік

(Мұқағали Мақатаевты Пай-пай өмір өлеңі қосылады)

2 жүргізуші: Өмір. Өмірбаян. Адамның бұл жалғандағы кешіп өткен әрбір минуты, сағаты, әр күні айы, жылы – оның өмір парақтары. Ендеше тап бүгін ақиық ақынның өмір баянымен танысайық.

( сахнаға Муратова Диана шығып «Менің анкетам» өлеңі оқиды)

-        Туған жерің? 
-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-        Туған жылың? 
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің. 
-        Жынысың кім? 
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін... 
-        Партияда барсын, ба? 
-        Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
-        Шыққан тегің? 
-        Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
-        Білімің ше? 
-        Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
-        Ана тілің? 
-        Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 
Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге? 
-        Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
-        Сөгіс алып көрдің бе? 
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
-        Шетелдерде болдың ба? 
-        Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
-        Мекен-жәйің? 
-        Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

1 жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

2 жүргізуші: Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

(сахнада «Отан », «Қазақстаным», «Туған жер-ай» өлеңдері оқылады)
Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен қарайды адамдарың,
Жақын тартар құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып қалып,
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...
Кел демеді, немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!
Сені сүйген жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген біреулер жек көреді.
Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алмай, ініңнің отауынан,
Ыстық маған атаның шаңырағы. (Төлеухан Амангелді)

-------------------------------------------------------

Жақсы аттанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!... (Кабибулла Аслан)

-------------------------------------------------------

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...(Тунгатова Аймара)

(сахнада Қайран қара сазым әні орындалады. Орындайтын Кулдархан Еркебулан)

1 жүргізуші: Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шыршасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

(Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик көрсетіледі)

1жүргізуші: Аружан, Мұқағалидің Үш бақыты не?

2 жүргізуші: Ақынның отансүйгіш жүрегіне сыйдырып отырған үш бақыты оның халқы, кең байтақ Отаны және туған тілі. Ол былай дейді: ал екінші бақытым тілім менің, тас жүректі тіліммен тілімдедім, кей-кейде дүниеден түнілсемде қасиетті тілімнен түнілмедім.

Мұқағали өлеңдері әлемнің бірнеше тіліне аударылған соның бірі Үш бақытым соған құлақ салып тыңдайық.

(сахнада 3 тілде өлеңдері оқылады )

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. (Акишева Айым)

-----------------------------------------------------

Первое счастье мое – это мой народ,

Если он есть, значит, живу и я.

Ему отдаю стихов своих сотовый мед,

Дороже золота эта светлая радость моя.

Второе счастье – это родной язык,

Сердце гранитное словом я размягчил,

Все потому, что народа я ученик,

Он меня правде и доброте научил.

Третье счастье мое – Родина-мать,

Кто-то за что стоит, за Родину – я.

Разве погасший очаг может вновь запылать?

Друг, приходи, возьми огонь у меня. (Имангалиева Аяулым)

------------------------------------------------------------

My biggest happiness in life is you, my people,

And if my people live, it means that I live too.

I give the honey of my poems to my nation

This simple happiness means more than gold to me.

My second happiness is you, my dear native tongue,

The hard stone granite heart I melted with the words,

And all because I always learn from my native tongue,

That taught me all the truth and kindness in the world.

And my third happiness is you, my dear Motherland,

Whoever stands for different things in life, and I will stand for you,

Could an extinguished home fire be lit again?

Come here, my friend and I will share my fire with you. (Рахметқали Гүлдана)


1 жүргізуші: 10 жасар Мұқағали мен анасы отбасының тірегін сұрапыл соғысқа аттандырып, бүкіл үйдің тауқыметін өздері көтереді. Сол кезендегі аяулы анасының қажыр қайратына тәнті болған Мұқағали кейінен анасына өлеңнен ескерткіш тұрғызған болатын. Ол анасына былай дейді :

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

(Сахнада «Сәби болғым келеді» әні орындалады. Орындайтын Кушербаева Карина)

2 жүргізуші:  Құс аппақ, айдын аппақ нұрда аппақ ,

                     Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады...

                    Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,

                    Ақ айдын ақ мүсінін тербей тұғын ...

                     Аппақ нұрмен шомылтып айналасын ,

                     Ақ сәулемен айдынның ойнағаны? Бұл аққулар ұйықтағанда поэмасынан бір үзіндісі.Қалай ойлайсыз ақын ақ түсті жақсы көргенбе? деймің. Соған қарағанда өмір тек ақ түстен ғана тұра ма?
1 жүргізуші: Аружан, өмір деген ақ пен қараның, жақсы мен жаманның тайталасынан тұрмаушы ма еді? Мұқағалидің сыршыл да сыйқырлы поэзиясының өзі тұнып тұрған өмір суреттері емеспе?Бұл жарық жалғанда Ана мен баланың махаббатынан асқан сезім жоқ ана мен баланың қасіретінен асқан сорлылық жоқ шығар сірә.

(сахнада аққулар биі мен аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді көрсетіледі)

2 жүргізуші: Мұқағали Мақатаев бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын поэзиясын оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Әр адамның жүрегіне жылы да жақын ұғымдар Ана, Махаббат ұғымдары жайында толғанысымызбен тебіренісімізді ақын айнытпай танып, сөзбен кестелеп берген.

1 жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
2 жүргізуші: Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
1 жүргізуші: Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...
2 жүргізуші: Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз онын, бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе -
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
1 жүргізуші: Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

Ән : Есіңе мені алағайсың?

(орындайтын Меруерт Ертайқызы және Болатбек Жаңбырбайұлы)

2 жүргізуші: Қазақ жыры аманда!

1 жүргізуші: оны сүйетін елі аманда!

2 жүргізуші: мына сыйқырмен сыры мол ғаламды өзінің құндағында тербейтін құдіретті жырлары әрдайым ұлы тауларымен

1 жүргізуші: ұлы далаларымен

1-2 жүргізуші : мәңгі жасай бертініне сенейік.

1 жүргізуші : Басымыз аман бауырымыз бүтін болсын

1-2 жүргізуші : Қош сау болыңыздар





















 















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
979
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12