400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңғыстау -қазақ руханиятының бесігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Маңғыстау
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Маңғыстау-қазақ руханиятының алтын бесігі”



Маңғыстау – Қазақ елінің батысындағы тарихи, мәдени және рухани құндылықтарға бай өлке. Бұл мекен ежелден бері қасиетті орындарымен, дарынды ақын-жазушыларымен және сан ғасырлық тарихымен танымал. “Киелі Маңғыстау” деп аталуы бекер емес, өйткені бұл жерді қазақ халқының рухани орталықтарының бірі санайды.



Маңғыстау – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, ежелгі замандардан бері талай халықтың жүріп өткен жері.



Бұл аймақта сақтар, массагеттер, оғыз-қыпшақ тайпалары өмір сүрген. Кейіннен Алтын Орда мен Қазақ хандығының құрамына кірген. XIX ғасырда Маңғыстау Ресей империясының құрамына өтсе, ХХ ғасырда Кеңес Одағының бір бөлігі болды.



Тәуелсіздік алғаннан кейін, бұл өңір Қазақстанның мұнайлы астанасына айналып, еліміздің экономикасында ерекше орын алды.

Ал сіз 362 әулие туралы білдіңізбе?

Иә,кезінде манғыстауда 362 әулиесімен танымал болған ал ол әулиелердің басым бөлігі ислам дінін таратушы халыққа рухани жол сілтеген тұлғалар болған.





Соның ішінде Шопан ата, Бекет ата, Масат ата, Қараман ата сынды әулиелердің есімдері ерекше құрметке ие.



Әсіресе, Бекет ата жер асты мешіті – бұл өлкенің ең қасиетті орындарының бірі болып саналады. Жыл сайын мыңдаған зияратшылар осы орындарға келіп, дұға етеді, рухани тазаруға ұмтылады.



Манғыстау тек көркем табиғатымен,жылы шырайлы адамдарымен ғана емес, ақын-жазушыларымен де ерекшелінеді!



Әбіш Кекілбаев, Сабыр Адай, Ақтан Керейұлы, Нұрмұхан Жантөрин сынды тұлғалар қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.



Әбіш Кекілбаевтың тарихи романдары, Сабыр Адайдың отты жырлары, Ақтан Керейұлының айтыстары – барлығы қазақ руханиятының байлығы. Маңғыстаулық ақындардың шығармалары туған жердің сұлулығы мен киелілігін жырға қосады.







Маңғыстау – тарихи, мәдени және рухани қазыналарға толы өлке.



Киелі 362 әулиесі, бай тарихы, ұлы тұлғалары мен ақын-жазушылары бұл өңірдің қазақ халқы үшін ерекше мәнге ие екенін дәлелдейді.



Бүгінгі таңда да Маңғыстау дамып, өсіп, Қазақстанның маңызды аймақтарының бірі болып қала береді.

“Маңғыстау-мәңгіліктің мекені оның әрбір тасы-тарих,әрбір құмы-құпия”





Турсынгалиева Күлте

Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей КММ

11 сынып

Ақтау қаласы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі