400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңғыстау ауданының 95 жылдығына орай «Отбасым бақыт мекенім» атты сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Отбасым бақыт мекенім» атты «Толағай» отбасылық сайысы

Тақырыбы: «Отбасым бақыт мекенім» атты «Толағай» отбасылық сайыс
Мақсаты: Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.жайдарлы отбасылық мейрам сыйлау.

Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Маңғыстау ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Отбасым бақыт мекенім» атты «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

Жүргізуші: «Толағай» отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп директоры Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызына беріледі.

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


1 Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызы

2 Жұмашбаева Мәншүк Абсалыққызы

3 Садуллина Ару


Жүргізуші: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(Мешокпен секіру)
ІІІ кезең: «Кім тапқыр» сайысы
(Скакалкамен секіріп барып, жасырын музыканы табу)
IV кезең: «Көпірден өту»
(кругті қойып ішіне тұрып жүру)
V кезең: «Ептілік сайысы»
(Стакандағы суды қасықпен тасу)
VI кезең: «Кім жылдам»
(Топ мүшелері бір – бірінің артынан ұстап жүгіру)

Санды таңдаймыз Бірінші екі – екі топтан сайысқа түседі, содан кейін Бас жүлде мен І орынға таласқа түседі, 3-4 орынға сайысқа түседі. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Жүргізуші: Сайысымызды бастаймыз.
І Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»


Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (Мешокпен секіріп, кедергілерден өту)
Жүргізуші: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам»
Шарты: Скакалкамен секіріп барып, жасырын музыканы табу

Жүргізуші: Сайысымыздың 4 бөлімі «Көпірден өту»
Шарты: (кругті қойып ішіне тұрып жүру)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.

Жүргізуші: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 5 – сайыс «Ептілік сайысы»
(Стакандағы суды қасықпен тасу)

Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.

Жүргізуші: 6 сайыс «Кім жылдам»
(Топ мүшелері бір – бірінің артынан ұстап жүгіру)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.

Әділқазылар сайысымыздың қорытындысын шығарғанша ән тыңдайық «Қазағым» әні орындайтын Республикалық байқаудың жүлдегері Айтжан Әсем









Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Жүргізуші: Сонымен қатар мектебіміздің қорының атынан
сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2023
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі