«Маңғыстау –достықтың
ордасы»
Маңғыстау! Төңірегің
түгел тұнып тұрған керемет!
Төңірегің түгел тұнып
тұрған хикая! Төңірегің тола ғажайып дастан!
Ә.Кекілбайұлы.
Мақсаты:
1. Оқушыларды елін, жерін
сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
2. Оқушыларды өнерге
бейімдеу,сахна мәдениетіне баулу.
Тәрбие сағатын
Құрманғазының күйі «Адаймен» ашамыз.
Не замандар өтсе-дағы
бұлағай,
Көк түріктің туы қалды
құламай.
Маңғыстауым –тұнып тұрған
тарихым,
Ашық аспан астындағы
мұражай,-демекші, кең байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті
өлкенің тарихы ерекше.Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау
жері талайларды тамсандырған.Табиғаты таңғажайып,тау-тасы түртіп
қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.
Маңғыстау өңірі - Қазақстанның
оңтүстік-батысында орналасқан.Облыстың батысы мен солтүстігін
қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға
толықтай мүмкіндік болса,оңтүстігінде Түркменстан, солтүстігінде
Атыраумен шектеседі.
Маңғыстау облысы 1973 жылы 20
наурызда құрылды.1988 жылы 2 маусымда таратылып,1990 жылдың 17
тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып
құрылды.Орталығы –Ақтау қаласы.
Маңғыстау-көкірегі жұмбақ
әлем,
Сырласқан кезіңді айтып
мұнарамен!
Шұбырып езуінен жұлдыз
ағып,
Кірпігін таң алдында жұмады
әрең.
Маңғыстау ауданы -1928 жылы
құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы.Аудан көлемі -47,9 мың
шаршы км-гетең.2005 жылғы санақ бойынша 28,7 мың адам тұрады.Аудан
құрамына 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі
бар.
Самғатып ән көмейін алқаңда
үздім,
байлаулы біз торғайы балпан
құздың.
Маңғыстау –жерұйығым! Қаблан
құрсақ,
Көзіндей мөлдірейсің Салқам
қыздың!
Ақтау қаласы - Маңғыстау
облысының орталығы.Қаланың іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен
Каспий теңізінің жағасына салынған.
Маңғыстау деген май бүйір
серке,паң дала
Талайлар кеткен таңдайын қағып
таңдана.
Ақбөбектен арнасынан алған
сұлулық,
Мақтаулы қала Ақтауға жатыр
жалғана.
Рза Оңғарбай. «Мен білетін
Маңғыстау».
Бұл өлкеге келмеді,өтпеді
кім,
Өткенімді зерттейтін көп пе
еді ілім?
Маңғыстауды «Маң» «Қыстау» деп
жорыған
Ғалымдарға шындығы
өкпелімін.
Ей,ғалымдар,белгілі жайың
маған,
Сырын саған ашқан жоқ сайын
далам.
Келіспеймін білгішпен және де
мен,
«Мың қыстау» деп өлкемді
пайымдаған.
Білгіштер ме,-сөзден-сөз
құрады олар,
Қалай жазса,солай сөз тұра
қалар.
Маңғыстау да емес ол,Мыңғыстау
да
Мың ғажаптың мекені бұл
аралар.
Қағаз жазып күні-түн
құнжыңдапсың,
Келеді ме шештім деп шынжыр
таққың?
Білгің келсе айтайын бұл-
өлкесі,
Жауабы әлі белгісіз мың
жұмбақтың.
Кескілескен көп болған мұнда
қырғын,
Беті күйген қан ұйып,шым
тақырдың.
Айға білеп азуын
арпалысқан,
Мекені бұл жаужүрек мың
батырдың.
Қайран өмір,бейбіт таң,туатын
күн,
Көзі болар қайнарлы
қуатыңның.
Қашағанша қапысыз жырлап
кеткен,
Мекені бұл марқасқа мың
ақынның.
Ақын жүрек алмайды ылғи
тыным,
Бар болса егер тыңдашы шын
түйсігің.
Жарысқанды жаңылтқан,жолға
тастап
Мекені бұл дәулескер мың
күйшінің.
Жөні бөлек қысылып,
қымсынудың.
Махаббатқа мас болып
тұншығудың.
Мекені бұл алма бет,ай
маңдайлы
Ақбөбектей ажары мың
сұлудың.
Бергені ме белгісіз бір
бұйрықтың?-
Білген бабам қадірін қыл
құйрықтың.
Бәсекелі бәйгеде топ
жаратын
Мекені бұл желжетпес мың
жүйріктің.
Мекені бұл мың таудың
дамылдаған,
Байлығының мұрты әлі
шағылмаған.
Жаңғырық жүр шыңдардың
арасында
Болашағын өлкемнің
дабылдаған.
«Аңғал өлке есігін
қаусырмаған»,
Деп айтады мұжылған тау сыр
маған.
Мың дарынның өлкесі бұл
Маңғыстау
Айтатыны әлі де
таусылмаған.
Әр төбенің басында толы
дерек
Ертелі кеш ерінбей шолу
керек.
Мен сенбеймін «қайқысын
жетеу», -десең,
Жетпіс жеті кемінде болу
керек.
Керегі жоқ ұжмақтай ұяның
да,
Ірілікпен осынша сиямын
ба?
Мен білетін Маңғыстау
артық,кемсіз
Тап осындай перзенттік
қиялымда.
Киелі Маңғыстау жері туралы
сыр шертетін болсақ,бұған бір 40 минут түгіл,1 күн аздық
етер.Абыл,Нұрым,Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362 әулиемен
жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күн де аздық етер деп
ойлаймын.Маңғыстау – мәңгілік ән,таусылмайтын жыр-дастан,
тарихы-шежіре, қойнауы – кенді, жайлауы-малды, келешегі кемел
өлке.
Сөзіміздің соңын
«Қысылғанда дем, жабыққанда жар болатын» қасиетті Бекет-Ата рухы
кім-кімді де қолдап,ел болу жолындағы келелі қарекеттерге қадам
басқан отандастарын оң іске бағыттай
берсін!