Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңғыстау жерасты мешіті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба: Маңғыстау жерасты мешіті
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ

206 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ














«ОТАНЫМА – МЕНІҢ БАСТАМАМ»

атты аудандық шығармашылық байқауы


Жоба тақырыбы: Маңғыстау жерасты мешіті





























Ғылыми жоба жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І. Теориялық бөлім: Маңғыстау жерасты мешіттері

1.1. Маңғыстау жерасты мешіттерінің тарихы мен пайда болу хронологиясы.

1.2. Сәулеттік ерекшеліктері (акустика, жарық жүйесі, қашау әдістері)

1.3. Рухани және мәдени маңызы (Сопылық ілімнің таралуы).

ІІ. Практикалық бөлім: зерттеу және талдау

2.1. Мешіттердің қазіргі жай-күйін мониторингтеу (салыстырмалы кестелер).

2.2. Туристік әлеуетті дамыту бойынша ұсыныстар мен карта-схема.

Қорытынды : Ұсыныстар мен тұжырымдар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

































Кіріспе

Жоба Маңғыстау өңірінің киелі, тарихи және мәдени нысандарының интерактивті картасын қалыптастыру арқылы, жергілікті бағалы құндылықтар, және мәдениетпен қалыптасқан мұралардың, тарихи архитектуралар, ескерткіштер, кесенелер, сондай-ақ, тарихи және саясы маңызы бар оқиғалардың орындарын халық арасында таратып, насихаттауды көздейді. 
Интерактивті карта жобасы (интернет-ресурс) - «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында жасалған.

Маңғыстау облысындағы Қазақстанның 100 объектісінің ұлттық тізіміне және жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген қасиетті орындарды цифрландыру мақсатында жасалған. Тарихи және мәдени маңызға ие нысандар мен мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында сақталған құндылықтарға ие тарихи және саяси оқиғаларға байланысты жерлер кіреді. Жоба әрі қарай әлі де толықтырылып, болашақта интерактивті картаға кірген маңызы бар нысандардың географиясын кеңейту жұмыстары жалғасын табатын болады.Жерасты мешіттері Маңғыстау өлкесінің тарихи ескерткіштері болып табылады. Бұл сәулеттік құрылыстары Қазақстан аймағынан басқа жерлерде кездеспейді. Олардың салыну уақыттары әр түрлі кезеңдермен белгіленеді. Мешіттер әлі ашылмаған құпияларға толы. Біздің дәуіріміздің орта ғасырларында алғашқы ислам таратушылардың мекеніне айналады. Олардың аттары жерасты мешітімен аталады: Шопан ата, Шақпақ ата, Масат ата, Сұлтан-үпі, Қараман ата және т.б., біздің кезеңімізге жақын Бекет ата.

Жобаның негізгі мазмұнына тезистер

Маңғыстау — "362 әулие мекені" деп тегін аталмаған. Бұл ескерткіштер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне үміткер нысандар болып табылады. Оларды зерттеу — көшпелілердің тас қашау өнері мен діни танымын түсінуге жол ашады.

Сәулеттік бірегейлігі: Жерасты мешіттері — табиғат пен адамның үндестігі. Олар негізінен әк тасты (ракушеblock) жартастардан ойып жасалған.

Терморегуляция: Жазда салқын, қыста жылы болады.

Акустика: Мешіт ішіндегі дауыс жаңғырығы дұға оқуға және зікір салуға ерекше атмосфера береді.

Жарық: Төбесіндегі арнайы саңылаулар (шаңырақ тәріздес) күн сәулесінің ішке түсуін реттеп, ауа алмасуын қамтамасыз етеді.

Сопылық орталықтар: Бұл мешіттер тек құлшылық орны емес, сонымен қатар ертедегі медреселер мен шипажайлар қызметін атқарған. Бекет ата мен Шопан ата мешіттерінде шәкірттер білім алып, тарихат жолын ұстанған.

Зерттеу нәтижесі: Зерттеу барысында Маңғыстаудың жерасты мешіттеріне тән мынадай ортақ белгілер анықталды:

Орналасуы: Көбінесе биік үстірттер мен құлама жарлардың жиегінде орналасқан (стратегиялық және оқшаулану мақсатында).

Экологиялылық: Құрылыс кезінде ешқандай қосымша материал (кірпіш, цемент) қолданылмай, тек жергілікті тастың өзі пайдаланылған.




Жобаның өзектілігі: Қазіргі жаһандану заманында ұлттық код пен рухани құндылықтарды сақтау маңызды. Маңғыстаудың жерасты мешіттері — ЮНЕСКО деңгейіндегі мұра, бірақ олардың көпшілігі әлі де терең археологиялық және инженерлік-техникалық зерттеуді қажет етеді. Сол себепті ғылыми жоба тақырыбы етіп тандап алдым

Мақсаты: Маңғыстау жерасты мешіттерінің тарихи маңызын ашу, олардың сәулеттік ерекшеліктерін зерттеу және осы нысандарды әлемдік деңгейдегі туристік брендке айналдыру жолдарын ұсыну.

Міндеттері:

Мешіттердің салыну тарихын деректермен дәлелдеу.

Тас қашау өнерінің құпияларын зерделеу.

Жерасты нысандарының экологиялық және климаттық төзімділігін талдау.

Зерттеу әдістері: Тарихи-салыстырмалы талдау, этнографиялық сипаттама, далалық бақылау және архивтік құжаттармен жұмыс.

Жаңашылдығы:. Интерактивті карта жобасы (интернет-ресурс) - «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында жасалған.

Маңғыстау облысындағы Қазақстанның 100 объектісінің ұлттық тізіміне және жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген қасиетті орындарды цифрландыру мақсатында жасалған. Тарихи және мәдени маңызға ие нысандар мен мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында сақталған құндылықтарға ие тарихи және саяси оқиғаларға байланысты жерлер кіреді. Жоба әрі қарай әлі де толықтырылып, болашақта интерактивті картаға кірген маңызы бар нысандардың географиясын кеңейту жұмыстары жалғасын табатын болады.
























II. Теориялық бөлім:

1.1. Маңғыстау жерасты мешіттерінің тарихы мен пайда болу хронологиясы.

Жартастығы Шақпақ ата мешіті бірегей архитектуралық кешенге жатқызылады. Шақпақ Ата мешіті - ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Таушық кентінен батысқа қарай 25 шақырым жердегі қорымда орналасқан.

Жартастан қашап салынған Шақпақ Ата мешітінің құрылысын зерттеген ғалымдар Алан Медоев ІХ-Х ғасырларға, ал Серік Әжіғали ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткішіне жатқызады. Шақпақ-Ата мешітінен көшпенділердің тас-қалаушылық өнерін көруге болады. Мешіттің орталық күмбезі бөлмені басып өтетін ұзын түзара, оның екі қапталында қоржын үй орналасқан. Орталық намаз оқитын 5,0х4,5 метр бөлме залының төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы сәнді дарбазамен байланыстырылған. Залдың төбесінен күмбез ойылып, одан цилиндр тәрізді биіктігі 1,55 метр ойынды шығарылған. Ойынды сырттағы шаршы жобадағы павильонмен жалғасады. Павильон орталық бөлмеге жарық түсіріп тұрған ойындыны жауын-шашыннан қорғаумен қатар, бақылау мұнарасы қызметін де атқарған. Қос қапталындағы бөлмелердің солтүстік жағындағысы жолаушылар аялдайтын ханака (сәкісі бар) болуы ықтимал. Ал оңтүстік жағындағы төргі қабырғасында михраб, оның жағынан екі бөлме ойылған. Шақпақ Ата мешітінің қабырғаларында арнайы жасалған өрнек белгілері байқалмайды, тек әр жерінде тайыз қашалған қуыстар бар.

Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің тақтасы мен босаға қабырғаларын нақыштауға жұмсалған.Залдың босаға қабырғалары әр ғасырдағы суреттермен көркемделген, ол жерден жануарлардың, қару-жарақтың, салт-атты адамдардың, ағаш және гүлдердің бейнесін, жазуларды, тағы басқаларды көруге болады.
Шақпақ ата мешіті Таушық елді-мекенінен 30 шм жерде орналасқанАрхеологтардың айтуымен мешіт ІХ-Х ғасырларда салынған

Шақпақ Ата мешітінің төбесі (аспан асты терезе).

Барлық жерасты мешіттері бірегей болып келеді. Халық арасында «Мединеде — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет» деген тіркес кең тараған.Алайда, көпшілік қауым Бекет ата мешітіне зияраттағысы келеді. Бұл мешіт Қарақия ауданы, Сенек елді-мекенінен 85 шм Оғыланды жерінде орналасқан. 6 камерадан тұратын мешіт биік жартаста ойылып салынған. Оғыландыдағы Бекет ата мешіті киелі орын болып табылады, шалғайда орналасқанымен, зиратшылардың легі толастамайды

Бекет Мырзағұлұлы — 1750-1813 жылдары өмір сүрген діни қайраткер, ағартушы ұстаз, сәулетші шебер. Халық ерекше құрмет тұтқан қазақтың әулиесі, мәмілегер тұлға және батыр болған. Оның өмірімен байланысты аңыздар көп.

Аңыз бойынша, оны әкесі әулие Шопан атаның басына түнеп, оның батасын алуға жібереді. Сонда Шопан ата оның түсіне кіріп, оған Хиуадағы атақты сопы Бақыржан қажыдан (Мухаммад Бакиржан Азиз) білім ал деп, аян береді. Осылай, Бекет ата Хиуадағы Шерғазы-хан медресесінде (Маскани Фазилан) 7 жыл оқып, діни білім алады. Ол жердегі ескерткіш тақтада Бекет Мырзағұлұлының есімімен қатар түркімен халқының ақыны Мақтымқұлы Пырағы, қарақалпақ ақыны Әжінияз Қосыбайұлы оқығандары туралы мәліметтер бар. Бекет атаның ұрпағы Қырлыбек Өтетілеуовтің жетекшілік етуімен 2017 жылы Өзбекстандағы осы медресе орналасқан «Ишан-қала» музей-қорығынан Бекет атаға арнап экспозициялық көрме ашылған.Бекет ата Хиуадағы медресені бітіріп келгеннен кейін мешіттер салып, халқын сауаттандыруға, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға көп күш жұмсаған. Алғашқы мешітін Атырау облысы Жем бойындағы Ақмешіт деген жерден салған. Бұл мешітте Бекет атаның әкесі Мырзағұл, анасы Жәния, кіші баласы Тоғай мен атасы Жаналы жерленген.

Мешіт қатты бор жынысынан қашалған, дөңгелек етіп бір-бірімен жалғаса иіліп жасалған үш бөлмеден тұрған. Бөлмелердің қабырғаларынан қуыстар жасалып, төбесінен сәуле түсетін ойық-тесік қалдырылған, оңтүстік-батыс бөлігінде михрабы болған. Қосқұлақ тегі Ислам Мырзабекұлының ауыл ақсақалдарынан сұрастырып білуі бойынша мешіт 1937 жылдары бұзылған. Ақмешіттің жаңаруы 1993 жылы шырақшы болып келуінен басталды. Сол кездегі Жылыой ауданының әкімі Төкен Жұмағұловтың басшылығымен ауыл азаматтары жиналып, Ақмешітті қалпына келтіреді. Дәлізбен жалғасқан жерге тереңдете салынған екі бөлмелі күмбезді кесене болып жасалған қазіргі мешітінде михрабтың орнына аса таяқтың көшірмесі қойылған, Бекет атаның әкесі мен шешесіне арнап үшінші кесене бөлек салынған.

Бекет ата өзі оқытқан озат шәкірттеріне аса таяқ тарту етіп, батасын беріп отырған. Сол аса таяқтың бірі Кете руы Шектібай деген шәкіртіне бұйырған, бүгінде Ақтөбе облысы аймағындағы «Жирен қопа» деген жерде Тұрсынғали Нәкешовтың үйінде сақтаулы. Аса таяқтың негізгі бөлігі төртқырлы болып келген көк түсті болаттан қашалып, сабы цилиндр пішінінде күміспен қапталып жасалған, ұзындығы 1,3 метр болып келеді. Төменгі жағы үшкірленіп, өткір етіп жасалған, негізгі ұңғысының екі жерінен тесіліп, оған белбеу өткізілген. Яғни, бұл аса таяқты жүргенде сүйену үшін емес, керісінше, иесі оны қорапқа салып, иығына асып жүрген. Көк асаны жоғары күштер — әруақтармен байланысу үшін діни-ғұрыптық мақсатта пайдаланған. Көк — көк аспан, көк Тәңірі, ал Аса — аса маңызды, өте жоғары дегенді білдіреді. Бекет атада қасиетті Көк асадан басқа бірнеше аса таяқ болғаны белгілі. Оның өз әулетіне мұраға қалдырған аса таяғы Түрікменстаннан Маңғыстауға көшіп келген Бердіхан Аяпбергенұлының әулетінде сақталған.

Бекет атаның Ескi Бейнеудегi мешiтi — Бейнеу ауылынан 17 шақырым оңтүстiк-батыс бағытта, Жем өзенінің төменгі сағасына дейін баратын, Үстіртке қарай көтерілетін ежелгі керуен жолдарының бойында орналасқан. Жерасты мешітіне 1825 жылғы 1-ші Үстірт экспедициясының құрамында Э. А. Эверсман, А. О. Дюгамель сияқты ғалымдар келіп ескерткіштің суретін салып қалдырған. Мешiт жартасты мүйiстен ойып жасалған, жалпы көрiнiсi қазақтың киiз үйiнiң пiшiнiне келедi. Үлкендi-кiшiлi, бiр-бiрiне жалғастырып салынған 4 бөлмеден тұрады. Көлемi жағынан ең үлкен бөлмесi дөңгелек жобамен, төбесi күмбез тәрiздi ойып жасалған. Бөлмелердiң қабырғалары тегiстелген, жазу, сызу ешқандай iздер кездеспейдi, әр жерлерде шырағдан қоятын терең емес ойықтар қалдырылған. Мешіттің төбе жағында құлпытас түріндегі шағын жерлеу қойылымдары бар. Мұнда Бекет атаның үлкен ағасы, ержүрек Меңдіқұл батыр жерленген. Меңдіқұл інісінің атын ешқашан атамай, әрдайым өзіне жақын тартып жүретін болған. 2010 жылы бұл мешітке қалпына келтіру, бекіту жұмыстары жүргізілді.

Тобықтыдағы Бекет ата жерасты мешiтi Тиген елді мекенінен 37 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Мешіт ақбортас жартастың 10 метр биіктігінде жалпақ дөңде орналасқан, жоспарда 2 камералық құрылыс. Мешіт 2015 жылы толықтай қалпына келтіруден өткен.

Бекет атаның құрдасы, Бөкен Жеменей руынан шыққан Байсал Мырзаболатұлы Оғландыдағы мешітті салғанда көп көмек беріп, Бекет атаның батасын алған деген деректер бар. Кейіннен Алланың қалауымен балалы болып, Бекет ата оған мың балаға татитындай бала болсын, Мыңкісі деп ат қойған. Байсал Бозашы түбегінің Тобықты деген ыңғайлы жерінен Бекет ата осында келем дегенше мешіт салған. Уәде еткен уақытында Бекет ата келіп, бұл мешітте екінті, ақшам, құптан, таң намаздарын оқыған.Бекет атаның соңғы мекені, табиғаты керемет Үстірт шыңдарының жиегінен Оғланды тауындағы жартасты жерден қашалып жасалған. Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда, Бекет атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген осы Оғлан екен. Бекет атаның өзі көзі тірісінде «маған ниет қойып, келгісі келген, шарапат тапқысы келген адам әуелі Оғландыға соғып зиярат етіп барып келсін» деп жұртшылықты дағдыландырған. Бекет атаның мешітіне жету үшін шыңның жиегінен төмен қарай жыра қабатымен 1700 м ұзақ жаяу жүріп бару керек, бұрынғы ескі сүрлеу жол, бүгінде ыңғайлы етіп тас баспалдақтар жасалған. Мешіт таудың етегінде орналасқан, жанында бұлақтары бар. Мешіт жартастан ойып жасалған, 5 камералық бөліктен тұрады, күн батыс беткейінен михрабты ойық қалдырылған, жоғарыдан жарық түсетін ойығы бар.Ескерткішке 1999-2000 жылдары және 2020-2021 жылдары айналасын тазарту, төменгі қабатын бекіту, мешіттің жоғарғы бөлігіне түскен жарықтарды бекіту, кіреберіс аумағын қалпына келтіру бойынша реставрациялау жұмыстары жүргізілді.

Бұл киелі орында жыл бойы әулиеге тағзым етіп, дертіне дауа, жанына тыныштық іздеген зияратшылардың тобы азаймайды. Халықтың сенімі бойынша, Бекет ата өзінен көмек сұрағанды қиындықта қалдырмайды, оның есімін атап, тілек тілесең кез-келген бәлені қайтарады, ал мешітіне барып дұға жасасаң, ғажайып-кереметін сезінесің. Қиналғанды демеп, адасқанға жол сілтеп, қорыққанды қорғаған бұл ғажайып жанның өнегелі өмірі, ерекше қасиеті, игі істеріне халқы сүйсініп, Пір-Бекет атады.

Оғланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілген «Маңғыстау түбегінің жерасты мешіттері» сериялық номинациясының құрамына кіреді. Бекет ата Мырзағұлұлы — қазақтың рухани және тарихи тұлғасы. Оның жолы қазіргі Қазақстан Республикасының толеранттылық бағытындағы өркениетаралық, мәдениетаралық, ұлтаралық диалогтарының кешенді түрде дамуына өз үлесін қосып келеді.

Түбектегі ең ежелгі Шопан ата қорымы және жерасты мешіті Қарақия ауданында, Сенек елді-мекенінен 12 шм орналасқан.
Ескерткішті ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген дана сопы Шопан атамен байланыстырады.
12 бөлмеден тұратын мешіт жартасқа ойылып салынған. Қорымның ортасында құдық қазылған.

Қараман ата қорымы және жерасты мешіті Шетпе елді-мекенінен 35 шм, Қарамандыбас жерінде орын алған. Биік төбеде тұрған Қараман ата қорымының жерасты мешіті 3 бөледен тұрады. Бұл құпиялы орын ХІІІ-ХІХ ғасырлармен белгіленеді. Қорымның аумағында ортағасырлық құлпытастар, тас қоршаулар, Адай шеберлерінің қолынан шыққан сағанатамдар мен күмбезтамдар бар.



























I ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІНІҢ СӘУЛЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.2. Сәулеттік ерекшеліктері (акустика, жарық жүйесі, қашау әдістері)


Маңғыстаудың жерасты сәулет өнері — бұл көшпелілер мәдениетінің отырықшылық элементтермен тоғысқан бірегей формасы. Мұндағы құрылыс нысандары "салынбаған", олар жартастың ішінен "ойылып шығарылған".

Қашау әдістері мен технологиясы

Мешіттерді салуда ежелгі шеберлер жергілікті тау жыныстарының (негізінен әктас пен бор қабаттары) физикалық қасиеттерін шебер пайдаланған.

Таңдау принципі: Мешіттер негізінен қатты үстірттің (плато) шетіндегі жұмсақ шөгінді жыныстардан қашалған. Бұл тастың өңдеуге оңайлығы мен соңынан қатайып, беріктігін сақтау қасиетіне негізделген.

Қашау техникасы: Алдымен төбесінен бастап тесік ойылып, содан кейін жоғарыдан төмен қарай кеңейтілген. Бұл әдіс құрылыс кезінде табиғи тіректерді (бағаналарды) қалдырып кетуге мүмкіндік берген.

"Тірі тас" эффектісі: Қабырғалардың беті тегістелгенімен, олар табиғи кеуектілігін сақтайды. Бұл ғимараттың "тыныс алуына" мүмкіндік береді, нәтижесінде іште ылғал жиналмайды.


Жарық беру жүйесі: Күн мен сәуленің үйлесімі

Микроклимат: Мешіттер борлы және әктасты жартастардан қашалған. Бұл тау жыныстары "тыныс алады". Сондықтан іште ылғалдылық пен температура тұрақты сақталады

Жерасты нысандарындағы ең үлкен мәселе — жарық. Шеберлер бұл мәселені астрономиялық дәлдікпен шешкен.

Жерасты мешіттері — ежелгі "энергия тиімді" ғимараттардың үлгісі.

Тұрақты температура: Жартас қабатының қалыңдығына байланысты, сыртта 45°C ыстық немесе -30°C суық болса да, мешіт ішіндегі температура жыл бойы $+15\degree C$ пен $+18\degree C$ аралығында сақталады.

Табиғи желдету: Төбедегі тесіктер мен есік арасындағы қысым айырмашылығы ауаның үнемі алмасып тұруын қамтамасыз етеді, бұл адам көп жиналғанда оттегі жетіспеушілігін болдырмайды.


Зениттік саңылаулар: Мешіт төбесіндегі орталық ойықтар (шаңырақ тәріздес) тек жарық үшін емес, вентиляция үшін де қызмет атқарған.

Жарық динамикасы: Мысалы, Шакпақ ата мешітінде жарық күні бойы бір бөлмеден екінші бөлмеге ауысып отырады. Бұл уақытты анықтауға және намаз мезгілдерін білуге көмектескен.

Жарық саңылаулары: Мысалы, Шакпақ ата мешітінде төбеден ойылған жарық терезелері күннің қозғалысына қарай ішкі залды кезекпен жарықтандырып отырады. Бұл күнтізбелік есептеулер үшін де пайдаланылған болуы мүмкін.

Шағылысу принципі: Әктас қабырғалары ақшыл түсті болғандықтан, сырттан түскен аз ғана сәуле қабырғалардан шағылысып, бөлменің түпкі бұрыштарына дейін жетеді.


Акустика: Қабырғалардың сопақша формасы мен ойықтар дыбыстың (дұға оқу кезінде) бөлменің әр бұрышына таза жетуін қамтамасыз етеді.

2.3. Акустикалық феномен: Дыбыс толқындарының таралуы

Маңғыстау мешіттеріндегі акустика заманауи концерт залдарынан кем түспейді. Бұл сопылық дәстүрдегі "зікір салу" (дауыстап құдайды ұлықтау) рәсімі үшін өте маңызды болған.

Күмбезді құрылым: Төбенің сопақша немесе жарты шар тәрізді қашалуы дыбыс толқындарының шашырамай, орталыққа жиналуын қамтамасыз етеді.

Резонанс: Мешіт ішіндегі дыбыс жаңғырығы (эхо) ерекше тембрге ие. Төменгі жиіліктегі дыбыстар (ер адамдардың дауысы) қабырғалардың дірілімен үйлесіп, адамға психологиялық және рухани әсер ететін ерекше транстық күй тудырады.

Дыбыс оқшаулау: Жартастың қалыңдығы сыртқы дыбыстарды (желдің гуілі, жаңбыр) мүлдем өткізбейді, бұл іштегі абсолютті тыныштықты сақтауға мүмкіндік береді.


2.1. Сәулеттік-инженерлік шешімдер

  • .

2.2. Негізгі нысандарға сипаттама

  1. Шакпақ ата (X-XIII ғғ.): Ең көне мешіттердің бірі. Қабырғаларындағы эпиграфиялық жазулар мен суреттер (қолдың суреті, аттар) исламға дейінгі және исламдық нанымдардың тоғысуын көрсетеді. Ол крест тәріздес пішінде қашалған, бұл — әлемнің төрт тарабын білдіреді.

  2. Шопан ата: Сопылық орталықтың үлгісі. Мұнда тек мешіт емес, үлкен қорым мен зияратшыларға арналған орындар бар.

  3. Бекет ата (Оғыланды): Сәулет өнерінің шыңы. Жартастың ең биік және қолжетімсіз жерінде орналасуы — сопының оңашалану (хлуат) дәстүрін көрсетеді.




2.1. Исламның таралуы және мешіттердің пайда болуы

Маңғыстау — 362 әулие мекен еткен өлке. Бұл жердегі мешіттердің жерастынан қазылуының бірнеше себебі бар:

  1. Климат: Жазда аптап ыстықтан, қыста үскірік аяздан қорғану.

  2. Геология: Борлы тау жыныстары мен ұлутастардың өңдеуге ыңғайлылығы.

  3. Сопылық мектеп: Оңашаланып құлшылық ету (хлуат) дәстүрі.

2.2. Сәулеттік ерекшеліктер

Маңғыстау мешіттерінің архитектурасы қайталанбас. Мысалы, Шақпақ ата мешіті крест тәрізді пішінде қазылған, бұл зороастризм мен ислам мәдениетінің тоғысуын көрсетеді. Мешіт қабырғаларындағы эпиграфикалық жазулар мен таңбалар — көне тарихтың ашық кітабы.

Shape3

III. Негізгі бөлім

3.1. Бекет Ата (Оғланды) – Рухани орталық

Бекет Мырзағұлұлы салған 4 мешіттің ішіндегі ең шоқтығы биігі. Ол тек мешіт емес, физика, математика және астрономия заңдылықтары ескеріліп салынған білім ордасы. Ғимарат ішіндегі акустикалық эффект — дауыстың кез келген бөлмеде анық естілуі — инженерлік керемет.

3.2. Сұлтан епе және су мәдениеті

Сұлтан епе мешітінің қасындағы құдықтар мен су жүйелері шөл даладағы тіршілік көзі болған. Бұл нысанды зерттеу арқылы көне қазақтардың гидротехникалық білімін анықтауға болады.

Shape4

IV. Практикалық бөлім

Бұл бөлімде автордың жеке зерттеулері мен ұсыныстары беріледі.

4.1. Салыстырмалы кесте: Нысандардың сипаттамасы

Мешіт атауы

Салынған кезеңі

Ерекшелігі

Қазіргі жағдайы

Шақпақ ата

IX-X ғғ.

Қабырғадағы суреттер, жазулар

Мемлекеттік қорғауда

Шопан ата

X-XII ғғ.

Ең көне және үлкен кешен

Туристік орталық

Қараман ата

XIII ғ.

Ант ішетін киелі орын

Қалпына келтірілген

Экспортировать в Таблицы

4.2. Жаңашыл ұсыныс: "Маңғыстаудың алтын шеңбері"

Жоба аясында мешіттерді байланыстыратын жаңа туристік маршрут ұсынылады.

  • QR-кодтар жүйесі: Әр мешітке көптілді аудиогид орнату.

  • Виртуалды тур: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін VR-көзілдірік арқылы мешіт ішіне саяхат жасау мүмкіндігі.

Shape5

Қорытынды

Маңғыстау жерасты мешіттері — адамзат өркениетінің бірегей ескерткіші. Зерттеу барысында бұл нысандардың тек діни емес, астрономиялық, инженерлік және ағартушылық маңызы зор екені дәлелденді. Оларды сақтау және әлемге таныту — болашақ ұрпақтың басты міндеті.

Shape6

Әдебиеттер тізімі

  1. Әбіш Кекілбаев. «Ұйқыдағы арудың оянуы». — Алматы, 1979.

  2. Серікбол Қондыбай. «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары». — Алматы, 2007.

  3. М. Меңдіқұлов. «Казахское народное зодчество». — Алма-Ата, 1987.

  4. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы.


  1. Маңғыстаудың жерасты мешіттері — бұл тек қана сәулет өнері емес, бұл аймақтың рухани коды мен тарихының ажырамас бөлігі. Ғылыми жобаны сауатты құрастыру үшін оның құрылымын (жоспарын) және негізгі мазмұнын ұсынамын.

  2. Бұл жобаны Шакпақ ата, Бекет ата немесе Шопан ата секілді нақты бір мешітке немесе жалпы Маңғыстау мешіттеріне арнауға болады.


Қорытынды және ұсыныс

Маңғыстау жерасты мешіттерін сақтап қалу үшін:

  • Халықаралық деңгейдегі реставрациялық жұмыстарды күшейту;

  • Цифрлық форматтағы 3D турларын жасау арқылы виртуалды туризмді дамыту;

  • Оқулықтарға өлкетану бағыты бойынша арнайы тарау ретінде енгізу қажет.



ҒЫЛЫМИ ЖОБА: Маңғыстау жерасты мешіттерінің сәулеттік және рухани ерекшеліктері

ЖОСПАР (25 бетке арналған нұсқаулық)

  1. Кіріспе (2-3 бет): Өзектілігі, зерттеу нысаны, мақсаты.

  2. I Тарау. Маңғыстау жерасты мешіттерінің тарихи алғышарттары (6-7 бет).

    • 1.1 Сопылық ілімнің Батыс Қазақстанға келуі.

    • 1.2 "362 әулие" феномені.

  3. II Тарау. Жерасты мешіттерінің сәулет өнері мен инженерлік шешімдері (8-9 бет).

    • 2.1 Тас қашау өнері: Акустика мен жарық беру жүйесі.

    • 2.2 Шакпақ ата, Шопан ата, Бекет ата мешіттеріне салыстырмалы талдау.

  4. III Тарау. Ескерткіштерді сақтау және туризм (4-5 бет).

  5. Қорытынды (1-2 бет).

  6. Әдебиеттер тізімі мен Қосымшалар.


1. КІРІСПЕ (Үзінді)

Тақырыптың өзектілігі: Маңғыстаудың жерасты мешіттері — әлемдік сәулет өнерінде баламасы жоқ бірегей нысандар. Бұл ескерткіштер тек діни орталық қана емес, көшпелілердің астрономиялық, физикалық және инженерлік білімінің жоғары болғанын дәлелдейтін ғылыми нысандар. Рухани жаңғыру жағдайында бұл мұраны зерттеу ұлттық кодты сақтаудың кепілі.


3. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ (Кестелер мен Салыстыру)

Мешіт атауы

Салынған кезеңі

Ерекшелігі

Бөлме саны

Шакпақ ата

X-XIII ғғ.

Крест тәрізді жоспар, жартастағы суреттер

4 бөлме

Шопан ата

XII-XIII ғғ.

Ең үлкен рухани орталық

12 бөлме

Бекет ата

XVIII ғ.

Биік жартаста орналасуы, керемет акустика

5-7 бөлме


4. ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР

25 беттік жобада міндетті түрде авторлық ұсыныс болуы керек:

  • VR-экспедиция: Жастарға арналған жерасты мешіттерінің 3D турларын жасау.

  • Эко-туризм: Мешіттердің маңындағы табиғатты сақтай отырып, туристік маршруттарды заңдастыру.

  • Ғылыми лаборатория: Мешіт қабырғаларындағы жазуларды (петроглифтер мен араб жазуларын) қайта оқу және каталогтау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12