400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Маңғыстау тауларының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Маңғыстау тарихы мен мәдениет

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері.           Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.

Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы.

Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.

Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай. Кесенелер, сағана тамдар мен құлпытастардың іргетасы мен қашап салған соңғы иіріміне дейін барлық ойын басында ұстаған, сызба мен нұсқа атаулыны білмеген белгісіз шеберлердің дарынына таң қалмауға болмайды.    Әрбір зиратты халықтық сәулетшілік өнердің мұражайы  деп атауға болады.

Табыт үстіндегі тас ғимараттар осы күнге дейін сақталған. Отыздан астам халықтық сәулетшілік ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынған.

Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады.

Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның  түпкір-түкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.

Біз Сіздерге тек қана кейбір барынша танымалдарымен таныстырамыз.


Бекет-Ата

Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.

Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.

Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.

Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.

Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.


Сұлтан-эпе

Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған.

Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады.

Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа  жұмсау үшін тастап кететін болған.


Қарақия

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.

Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер  пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.

Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.


Томирис


            Теңіз жағалауына қоныстанған массагеттер, аландар, хазарлар сияқты ежелгі тайпалар тарихта ежелден белгілі. Осы халықтардың мәдениеті мен тұрмысын байқау арқылы Каспий теңізі әрқашан ең маңызды тарихи оқиғалар аренасы ретінде қарастырылды. Аңыздар дәуірінде туындаған даңқты және драмалық мазмұнға толы оқиғалар Каспийдің ежелдігіне куә. «Тарих әкесі» болып есептелетін Геродоттың жылжазбаларында мысалы, Гиркан, яғни Каспий теңізімен байланысты маңызды құбылыстардың бірі оның жағалауына қоныстанған соғысқұмар шабандоз әйелдер суреттелген.

            Ежелгі уақытта Гирган теңізінің шығыс жағалауында өздерін массагеттер деп атаған халық мекендеді. Олардың мемлекетін Томирис патша әйел басқарды. Бір күні парсылық Кир патшасы көп әскерді жинап, осы еркін дала халқына басып кірді. Мемлекет пен тақты қорғау үшін Кирге қарсы Томирис патша әйел бастаған массагет халқы шықты. Түні бойы масагеттердің басып алуын күтіп ұйықтамаған парсы армиясы өздерінің қырағылығын әлсіретіп, ұйықтап кеткенде, таңғы алтын тұман теңіздің аппақ бетімен жайлап түскенде дала шабандоздары жау тобына жабайы қиқумен басып кірді. Күтпеген жерден құйынға ұқсас толқыннан шықандай сансыз әскердің пайда болуы бір сәтте парсы армиясының рухын түсірді. Теңіз көбігінен шығып, онда жоғалған шабандоздарды басып алушылар сиқырлы, дуалы еліктіру болып қабылданды. Шайқас Томиристің толық жеңісімен аяқталды.

            Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт каспий аймағының жерлері сырлы шабандоз әйелдердің отаны болып есептелді. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды.



Каспийдің   сипаттамалары

Біздің эрамызға дейінгі ІҮ-ІІ ғасырлар аралығында Каспий теңізінің деңгейі эллиндік авторлардың деректеріне сәйкес, Амудария суы Каспий теңізіне Узбой арқылы ақса да недәуір төмен болатын. Бұл жөнінде Александр Македонскийдің қызметкері тарихшы Аристобул айтқан( В.В.Бартольд, 1902, 11 бет). Бұл пікірді біздің дәуірімізден бұрынғы ІІІ ғасырда теңізде жүзуші Патрокл айтқан. Патроклдың пікірін Плутарх, Эратосфен және Страбон мақұлдаған (В.В.Бартольд, 1902, 13 бет).   Евдокс Амударияның Каспийге құйған жерінде сарқырама болғандығын айтқан. Осы тектес мәліметтер Полибийде де кездеседі. Бірақ та кесімді түрде. (В.В.Бартольд, 1902, 15 бет). Иордан ешқандайда шүбә келтірместен, «басқа Танаис. Хрин тауларынан басталып, Каспий теңізіне құяды». (Иордан, 1960, 74 бер). «Хрин таулары» - Памир тауларының шығысында өмір сүрген тибеттердің солтүстік-батыс тармағы болып табылатын фриндер тұрған жерлер (Л.Н.Гумилев, 1959, 56 бет). «Хрин таулары»- Памир, ал «Басқа Танаис» өзені – Узбой мен Актамды қосқандағы Амурдария екендігі көрсетілген.

Бұл ақпараттар А.В.Шнитниковты біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықтың ортасында Каспийдің деңгейі жоғары болған деп жорамалдауға мәжбүрлеген. ( А.В.Шнитников, 1957, 264-266 бет). Алайда, оның пікіріне келесілер қайшы келеді: Амурдария суы Узбойға тек қана Сарықамыс ойпаты арқылы құйылуы мүмкін. Асеке-Аудан ойпатымен қоса Сарықамыс ойпатының аумағы үлкендігі соншалық, онда булану мол болуы тиіс. Бұл Узбой арнасы өзінің көлеміне қарай секудына 100л3 суды өткізе алады; ол Каспий деңгейін көтеруге жеткіліксіз.

Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда жасалынған Эратосфеннің картасында Каспийдің нұсқасы айқын көрсетілген (Дж.О.Томсон, 1953). Оның солтүстік жағалауы 1 параллельдің онтүстігінді орналасқан. Каспий теңізінің осындай нұсқасы (қазір су астында қалған) минус 36 абсолюттік  белгідегі жағалау жолдарына (ең жоғарғы терассаның кемеріне көтерілетін терассаның сыртқы тігісінің белгісін айтады) сәйкес келеді. Шындығында, Узбой сол кезде Каспий теңізіне құятын болған, өйткені оның жалғасы - Ақтам арнасы – қазір теңіз түбіндегі минус 32 абсолюттік белгісінде жатыр. Егер бұл арна өте ежелгі болса, оның жақсы сақталуы мүмкін емес еді, оны күлдер мен теңіз қалдықтары басып қалған болар еді. Каспий теңізі өте ерте кезеңдерде өте  төмендемеген (төменірек қараңыз) болатын және мүжілу мен иректелу (меандрлеу) жағдайлары болмады.

Амударияның суы толып тұрған кезеңде Каспий теңізінің деңгейі б.э.д. ІҮ-ІІ ғасырларда минус 36м-ден аспайтын белгіде тұрды. Яғни, осы кезеңде аридтық аймақтың ылғалдануы барынша жедел жүргендігін көрсетеді. Шындығында, б.э.д. ІІ ғасырда хундар Жоңғарияда жер өңдеумен айналысады (Л.Н.Гумилев, 1960). Бұл кезде қытай әскери хабарламасы хундардың Моңғол Алтайында, ал үйсіндердің Жетісуда орасан үлкен табындарды жайғандығы туралы айтады. Қазақстанның шығыс бөлігінде Тарбағатайдан Сырдарияның орта ағысына дейін орналасқан Кангюй патшалығы 200 000 салт аттыны шығаруға қабілетті бай, малы көп мемлекет еді. Сол кездегі қытай карталарында Шу өзені Ыстық көлден шығып, кең көлге құятындай етіп көрсетілген, ал қазіргі Ыстық көл Шу өзенімен байланыспайды және Шу өзені құмға барып сіңіп кетеді. Мұның өзі сол кезеңдегі ылғалдылықтың жоғарылығын және осы аудандарда халықтың тығыз орналасқандығын көрсетеді.

Теңіз шөгінділері жапқан Ақтам өзенінің маңындағы шымтезектер б.э.д. 1 мың жылдықпен сипатталады, және өсімдік қалдықтарының сипаты қазіргі кезбен салыстарғанда ауа-райының барынша салқындағанын көрсетеді (В.Г.Рихтер, С.К.Самсонов, 1961). Тұщы сулы шөгінділер Красноводск шығанағының түбінен минус 35м белгісінен табылған (В.Г.Рихтер, 1961). Шымтезектің жинақталуының өзі Орта Азия климатының қазіргіге қарағанда ылғалдырақ болғандығын көрсетеді.

            Осы кезде Шығыс Еуропадан Ольвию, Херсонес грек және басқа порттары арқылы Рим империясы пайдаланатын астықтың орасан мол көлемі тасымалданды. Сондықтан, циклондардың жолы Волга бассейнін ылғалдандыруға және Каспий теңізінің деңгейін көтеруі тиіс Шығыс Еуропаның орталық бөлігі арқылы өтті.

            Осы жерде шығанақты теңізден бөліп тұрған, сипаты бардың жоғарғы белгісіне қатысты Каспий теңізінің деңгейімен анықталатын Қара-Богаз-Гол шығанағының түбіндегі шөгінділерді зерттеу көмекке келеді. В.Г.Рихтердің пікірі бойынша (1961) кезекті трансгрессия І ғасырдың соңына келеді және ІҮ ғасырдағы азғана кері кетушілікпен ауысады.

            Өркендеу кезеңі Каспийдің минус 32м белгісіндегі төменде тұру кезеңімен дәл келетіндігі қызықтырады. Х ғасырда, біздің концепциямызға сәйкес, ылғалданудың гумидтік аймаққа ауысыуына байланысты Каспий теңізі деңгейінің кезекті көтерілуі болған кезде, біз көшпелі тайпалардың қазіргі Қазақстан аумағынан оңтүстік пен батысқа көшіп-қонуын байқаймыз. Х ғасырдың ортасында курлуктар Балқаш маңынан Ферғанаға, Қашқарға және қазіргі оңтүстік Тәжікстанға қоныс аударады (Б.Х.Кармышева,1960). Печенегтер Х ғасырдың басында Арал теңізінің жағалауын тастап шығып, оңтүстік Днепр маңына кетеді; олардан кейін Волга мен  Оралдың арасында таралған торктер мен гуздар кетеді. Бұл кең көлемдегі осындай көшіп-қонулар болып табылады, бірақ ол Каспий деңгейінің азғана өзгеруімен дәл келеді, ол біз қабылдаған болжамның дұрыстығын растайды. Осы көшіп-қонуларды ірі саяси оқиғалармен байланыстырудың негізі жоқ, өйткені сол кезеңде атлант циклондары әрекетінен тыс жерде жатқан шығыс Моңғолдар аймағында ұйғырлардың тарихы басқаша болатын.

Х ғасырда теңіздің көтерілуі минус 29 м соңғы болған жоқ. ХІХ ғасырдың басына жағалау мәдениетін анағұрлым көбірек жоюды көтеру, италия георгафыны Марино Сануто (1320 жыл), «теңіз әр жылы бір уысқа келіп және көптеген жақсы қалалар жойылды» ( Л.С.Берг, 1949, 220 бет). Неджати айтқан, 1304 жыл арасында Абескун порты батып және теңізмен жұтылған ( Б.Дорн, 1875, 8 бет). 1339 жылы Казви-ни Каспий теңізінің көтерілуін былай айтып түсіндіреді, Амурдария өзінің ағысын бағытын өзгертіп, Каспийге құйылып, соның салдарынан « қажетінше су материктің бөлігін кіріс және шығыс теңескенше су басты» ( В.В.Бартольд 1897, 6 бет). Шүбә жоқ 13 ғасырдың аяғында Каспий теңізі көтерілді; бірақ Л.С.Берг ол 18 ғасырда 23,0 метрге көтерілгеннен асты дегенге күмән келтіреді. (Л.С.Берг, 1949, 221,267).

Алайда, араб географы Бакуидің сөзі бойынша, 1400 жылы Каспий теңізі Бакудың жартысын сумен басып және су мешітте тұрған, яғни минус 20,27 м.,ал Б.А.Аполлов бұл мүмкін емес деп ойлайды. ( Б.А.Аполлов, 1956, 225-226 бет).

Бұл мезгілде Каспий теңізінің деңгейі минус 19 м жеткеніндігін зерттеулер көрсетеді. Зерттеулер Каспий маңының жоғарғы қабатын өзгермеуін, 7-8 ғасырлардағы түрік кочевнигінің керамикасы шұңқыр маңындағы ежелгі жолдардың үрленуі жие кездесетіндігін, алайда бұл ешқашан минус 19 л. төмен нақты белгімен табылмаған көрсетеді. Бұл көрсетілген белгіден төмен ол теңіз қалдықтарымен көмілген деп түсіндіреді.Сондай-ақ Л.С.Бергтің өзі, каспий СаrcHшп ес1и1е b ұлулары минус 20.7 м. Белгіге жетеді. Бұл деңгейді ол ерте мезгілде қойған, ХҮІІІ ғасырдың трасгрессиясы ( Л.С.Берг,1949, 268 бет). Алынған ақпараттар ХҮІІІ ғасырға белгіленген минус 19 м тұтастауға мүмкін береді. СаrcHи қабыршықтары судың көтерілуін , түрік керамика мезгілінде ХҮІІІ ғасырдың аяғында жағалау сызығын анықтайды., өйткені оны жайма алқап, немесе теңіз қалдықтары жауып тұрады.

Жағалаудан 15 шақырым жерде Иголкин банкінде ежелгі хазар кезеңіндегі елді мекеннің табылуы ең салмақты айғақ болып табылады. Фарватерді тереңдетіп қазып лақтыру кезінде таяз жерлерде, хазарлардікіне ұқсас иленген толқындатып жасалған керамика мен жануарлардың сүйектері табылды. Лақтырынды алынған қабаттың ең жоғарғы белгісі – минус 29.6м. Елді мекен желдің әсерінен су деңгейінің 2м дейін көтерілетін тегіс жерде орналасқандықтан, Каспий теңізінің деңгейі осы елді мекен өмір сүрген кездегі деңгейі ҮІ ғасырға сәйкес минус 32 метр деп есептеу қажет.

            Сонымен, ортағасырлық Хазарияның көптеген бөлігі осы күнге дейін су астында жатыр, азғана бөлігі ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы трансгрессия кезінде су басқан болатын. Бэр дөңестерінің болуы ғана «Каспий маңы Нидерландысы» мәдениетінің материалдық ескерткіштерін табуға көмектесті.

            ХІІІ ғасырда моңғолдардың шабуылы жайылымдықтардың жетіспеушілігінен болғандығы бірнеше қайтара болжалды. Ол Орталық Азияның жеделдетіп кебуімен байланысты болды (К.К.Марков, 1961). Л.С.Берг (1947) бұл концепцияға қарсы болды, және оның ойы дұрыс болды, өйткені ХІІІ ғасырдың басы Орталық Азияны ылғалдандырудың шырқау шегіне жеткен кезең болды. Г.Е.Грумм-Гржимайло (1926, 1933) атап көрсеткендей, Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің шапқыншылықтарының сипаты ІІІ және Х ғасырлардағы біз суреттеген шөл аудандардан стихиялы түрде жалпы қоныс аударумен ешқандай байланысы болған жоқ. Бұнда азғана, бірақ өте жақсы үйретілген әскери бірлестіктердің ұйымдастырылған жорықтарын көреміз. ХІІІ ғасырда моңғол хандары сыртқы саяси міндеттерді әскери жолмен шешті, және мал басы мен адамдардың көп болуы осы мәселелерді шешуге құралдар берді. Жаулап алынған жерлерге қоныстанған моңғолдардың саны өте аз болды. Мысалы, 200 000 әскерінің ішінде тек 4 000 ғана моңғолдар болды. Шығыс Иранда Бал-хом мен Гераттың арасында басты позицияға ие болу үшін 1 000 әскерін жібереді, олардың ұрпақтары осы күнге дейін хезар, яғни мың деген парсы сөзінен шыққан хезарейлер атын ұстануда. Оңтүстік Қытайдағы әскери елді мекендер де өте аз болды. (В.С.Стариков, 1961). Моңғол әскерлерінің көпшілігі өз отандарына қайтып оралады. Мұның өзі далалардың кебуінің ХІІІ ғасырдағы соғыстарға ешқандай қатысы болмағандығын дәлелдейді.

            ХІІІ ғасырдың соңында Каспий теңізінің деңгейінің барынша жоғары көтерілуі ең жоғары ылғалдану аймағының Тянь-Шаньнан Орталық Волгаға ауысуымен байланысты болды. Аридтық аймақтағы оңтайлы климаттық жағдайлар пессималдыққа ауысуы тиіс болатын. Шындығында, ХІҮ ғасырдың басында моңғол көшпелі шаруашылығы күрделі дағдарысқа ұшырайды. Юань династиясы моңғол хандарының әскери мүмкіндіктері бірден қысқара бастайды. ХІҮ ғасырдың 70-жылдары қытайлықтар моңғол езгісінен құтылады, және моңғол хандарының қарсыласуға күші де, құралдары да қалмайды. И.Е.Бучинскийдің зерттеулеріндегі (1954, 82,83 беттер) сол кездегі Ресейдің аумағында ХІҮ ғасырдан бастап циклон әрекетінің күшеюіне байланысты найзағай, жауын-шашын, су басу және басқа құбылыстардың жиілегендігін көрсеткен пікірі біздің түсініктерімізді растайды.

Ең жақын белгі 1587 жылы дербент қабырғасына қоса салынған Аббас шах мұнарасының деңгейіне дейін, теңіз деңгейі төмендеген кезде орнатылған. Бұл жөнінде Б.А.Апполов (1951, 138 бет) былай деп жазады: «Сол кезеңде солтүстіктен келе жатқан бір керуен таңертең қақпаны ашқан соң әрі қарай қала арқылы жүру үшін қабырғаның жанына түнеп шығу үшін тоқтайды. Бірақ таңертең қақпа қарауылшылары керуеннің жоқтығын және түйелердің қабырғаның жанында суда тұрғандығын көреді. Содан кейін Аббас І түйелер өте алмау үшін тереңдігі жеткілікті жерлерде теңізде үлкен мұнара салып, оны қабырға рқылы байланыстыруға бұйрық береді».

            Осы мұнараның қалдықтарын негізгі дербент қабырғасына перпендикуляр қабырға түрінде минус 28м белгіде қазіргі судан тауып алдық. Оның іргесі минус 28,5 м белгісінде тікелей теңіздің жартасты түбіне үлкен жонылған тастардан өрілген. Яғни, Аббас шахтың мұнарасы сасанидтер кезеңіндегі тастың үстіне салынған. Сондықтан мұнараны салу кезінде теңіз деңгейі қазіргіден жоғары болмаған. Б.А.Аполловтың өзі минус 31,2м абсолюттік белгідегі дербент қабырғасының үлкен үйіндісін мұнараның қалдықтары деп есептеген (Б.А.Аполлов, 1951,138 бет). Аквалангпен осы жерлерді зерттеу кезінде біз қалау сипатына қарай бұл ХҮІ ғасырдың мұнарасы емес, ол ҮІ ғасырдың қабырғасының қирандысы екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, 1587 жылы Каспий теңізінің абсолюттік деңгейінің белгісі минус 28.0 м болған.

А.Дженкинсонның саяхатынан 30 жыл өткен соң теңіз 1 метрге көтерілген және әрі қарай көтерілу жалғасқан, өйткені 1623 жылы мәскеу көпесі Федор Афанасьевич Котов  былай деп жазады: «Теңіздегі қала (Дербент) туралы мұнараны отыздан алды деп айтады, ал қазір мұнара суда орасан үлкен және берік тұр» (Б.А.Аполлов, 1951, 138 бет). Осы мәліметтер Каспийдің ХҮІ ғасырда төмендегендігін және циклондар жолының оңтүстікке, Волга бассейніне ауысқандығын көрсетеді.

Осы кезеңде судың жетіспеуіне байланысты Харо-Хото және басқа бірқатар Шығыс Т.ркістан оазистері жойылды (Г.Е.Грумм-Гржимайло,1933). Моңғол Алтайының қыраттарындағы бай аңшылық алқаптары иесіз шөлдерге айналды, Сары-су және Шу өзендерінің сағасындағы қазақ көлдері тартылып қалды, Моңғолия мен Жоңғариядағы көшпенділердің табындары қысқарып қалды.


Біздің Волга сағасында жүргізген археологиялық зерттеулеріміздің нәтижесінде Каспий теңізі өмірінің жаңа геологиялық тарихына деген қызығушылық пайда болды. Хвалын кезеңінен кейін Волга өзенінің сағасында шығыстан батысқа шектесіп жатқан жаңа каспий теңіз жазығы қазіргі Волганың шөгінділері жатқан негіз бола алады. Сағасынан солтүстікке қарай, ағыспен жоғары саға тарамдары жаңа каспий теңіз шөгінділеріне кіреді, сонымен бірге олар ағыспен жоғары қарай ежелгі жоғары және төменгі хвалын шөгінділеріне кіреді.


Жайылма алқап шөгінділерінің қимасының хронологиялық мәліметтері қазіргі жайылма алқаптың бірінші аллювий қабатын Каспий теңізінің қазіргі жағалау шегімен салыстыруға мүмкіндік береді. Осы қабаттың негізінен ХІІІ-ХІҮ ғасырдың керамикасы табылды, осы қабат кейінгі 500-600 жылда пайда болған.

Екінші қабат үшінші қабаттың шөгінділерін жабады, және құрамында мол қарашірік бар. Сондықтан біз оны минус 19 м абсолюттік белгісіне жеткен Каспий теңізінің ең жоғарғы деңгейімен салыстырамыз. Осы белгілерде ҮІІ-ХІ ғасырдың түрік керамикасы болмайтын Каспий теңізінің жағалау шегі байқалады. Осы трансгрессияның теңіз шөгінділері Бушма тармағының қорғандарында жатыр.

Жоғарыда келтірілген қиманың үшінші және төртінші қабаттары Каспийдің төменде тұру кезеңіне жатқызылады, яғни Хазар қағанатының өркендеге дәуіріне жатады. Осы қабаттар Каспий теңізінің минус 32м деңгейімен салыстырылады.

Бесінші және алтыншы қабаттарды біз Каспийдің төменде тұру кезеңінің алдындағы уақыттан барынша жоғары деңгейімен ерекшеленеді және минус 25 м белгісінде орналасқан теңіздің жағалау шегімен салыстырылады. Осы кезеңді тарихқа дейінгі уақыт деп белгілеу қажет.

Тарихи деректер мен археологиялық табылған заттар басқа ешқандай әдістермен қол жеткізілмейтін, абсолюттік уақыт белгісінің төрттік геологиясына енгізуге мүмкіндік береді. Бұның неотектоника және қазіргі геологиялық үдерістердің жылдамдығын зерттеуде мәні зор.

Тарихи және физика-географиялық заңдарды және олардың өзара байланысын ашу , бір жағынан, көптеген тарихи оқиғаларға жаңаша қарауға, екінші жағынан, - осы оқиғаларға географиялық ортаның әсерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі табиғи жағдайларға географиялық талдау жасау, осы екі табиғи-тарихи кешендердің өзара байланысын ашу сияқты біз қолданған тарихи зерттеулер әдісі Еуразия көшпенді халықтарының табиғи жағдайда дамуын қарауға және тарихи оқиғалардың саяси сипатын физика-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты оқиғалардан ажырата алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген аспектіде тарихи фактілерді қарастыру табиғи жағдайды белгілейтін географиялық ортаның Еуразия құрлығындағы орманды дала аймағы халықатырының тарихи дамуы барысында үлкен роль атқарғандығын және ұлы мемлекеттердің тағдырындағы шешуші фактор болғандығын көрсетеді. Кей жағдайда билеушілердің дарыны мен ұлылығы олардың халықтарын жойылып кетуден қорғай алмады, ал басқа жағдайларда қатардағы жай хандар өз ордасының күш-қуатын сақтап қалуға күш-қайраты болды. Әрине, берік тең жағдайларда көсемдердің дарыны мен батылдығының зор мәні болды, бірақ Еуразияның орманды –дала аймағының халықтарының тағдырын жауын-шашын мен жасыл шөптер шешті.




Каспий теңізінің балықтары


Шортан


Табан


Алабұға


Тұқы


Жайын

Көксерке


Сүйрік балық


Ақмарқа


Бекіре

Қорытпа


Қызыл қанат

Торта

Албырт
















Кеме қатынасы дамуының тарихы

Каспий теңізіндегі кеме қатынасының тарихы

 

Каспий теңізін ерте замандардан бастап зерттеуде. Кейбір ғалымдар мен тарихшылар бұрынғы замандарды аргонафтар Маныч бұғазы арқылы Қара теңізден Каспийге келіп түскен деп ойлаған. Гегатей Милетский, Герадот, Аристотель, Эратосфен және басқа сияқты ерте кезеңнің ғалымдары мен тарихшыларының еңбектерінде Каспий тұйық бассейні немесе мұхиттың шығанағы деп сипатталады. Страбон оны бастыстан шығысқа параллель бойынша созылып жатқан бассейн ретінде сипаттайды.

 

            Каспий теңізінің әр кезеңдерде қырыққа жуық атауы болған. Оны көбінесе оның жағалауында өмір сүрген халықтардың этникалық атаулары бойынша (қазіргі атауы бір кездері оның батыс жағалауын мекендеген каспий тайпаларының атымен байланысты қойылған), немесе оның жағалауындағы қалалар, облыстар немесе елдердің атауларымен байланысты қойылған. Мысалы, ірі порттың аты бойынша –Баку, Гиркания жағалау елі бойынша – Гиркан, Абескун жағалау өлкесі бойынша –Абескун, солтүстік-батысты мекендеген хазарларға байланысты –Хазар теңізі деп аталған. Орыстар Каспийді Волганың сағасын мекендеген халықтың атымен Хвалын деп атаған. Ирандықтар, өз кезегінде, ежелгі иран халықтары мекендеген жағалаудағы тарихи облыстарының немесе теңіздің географиялық орналасуына байланысты Дарья-е Казар (Хазар теңізі), Дарья-е Мазандаран (Мазандаран теңізі) немесе Дарья-е Комаль (Солтүстік теңіз) деп атаған.

            Исламның таралуы мен араб халифаты шекарасының кеңеюіне байланысты теңіз бен жағалаудағы жерлер араб шапқыншылары мен зерттеуші-ғалымдардың ерекше назар аударатын объектісіне айналды. Каспий туралы ҮІІІ-ХІ ғасырлардағы араб деректерінде келтірілген, онда көбінесе Хорезм, Джурджан, Табаристан теңізі, ад Дайлам (ал Дейлем) теңізі деп аталған. Сол сияқты ал-Баб ва-л-Абваб (Дербент), ал-Хазар, ал-Хазариййа т.б. атаулары да болған.

            Каспий маңындағы жерлерді игеру мен жаулап алу Ресейде христиандық пен Каспийдің оңтүстігінде ислам дінінің пайда болғанға дейін көптеген уақыт бұрын басталған. Біздерге жеткен деректер көзіне қарағанда оңтүстік Каспийді 760-761 жылдары Аббасидтер жаулап алғаны белгілі болды. 1722 жылға дейін аймақ Персияның қоластында болды. Сефевидтер династиясы (1501-1722) оған үлкен мән берді. Сефевидтер Каспийдің оңтүстік бөлігіндегі халықтардың арасында шиизмді кеңінен таратты. Сауда мақсатында теңіз қатынасы белсенді дами бастады, бұл жерге генуэз, кейінірек британ көпестері келе бастады. Бірақ бұл аймақпен тек қана Персия қызығып қойған жоқ. Каспий теңізінің бассейні орыстарға ертеден белгілі болды. Мысалы, ІХ ғасырда өмір сүрген Шығыстың белгілі тарихшы Имам Абуль-Хасан Али-Масудидің айтуы бойынша Каспий жерінде орыстар 880 жылдары пайда болған, сол кезде олар батыл әрекетпен Абескун аралын басып алған. Иран тарихшысы Ибн-Исфендиярдың айтуы бойынша осындай жағдай 909 жылы да қайталанған. 913 жылы ұлы Игорь князы бас болып 50 мың жасақшыларымен 500 кемелерде келіп Каспий теңізінде жүрген. Каспий теңізінің аймағында моңғол-татар шапқыншылығынан сәл бұрын 72 кемемен Каспий теңізіне орыстардың саяхатқа келгендігі айтылған.

            Романовтар династиясының таққа отыруына байланысты және биліктің біртіндеп орталықтандырылуына орай Ресейдің Каспийге және оған жанасып жатқан жерлерге деген қызығушылығы өсе түсті. Викен Шетерян (Франция) және Ромен Якимчук (Бельгия) сияқты ғалымдар бүкіл батыс каспий маңы аймағы, батысында Кавказ қыратынан бастап шығысында Ирандағы Эльбрус тау жоталарына дейін ерекше назардағы аймаққа айналады.1554 жылы оңтүстік теңізге  жол ашылды, ІҮ Иван (Грозный) алдымен 1552 жылы Қазанды жаулап алды, содан соң Астрахань хандығын жояды. Каспий теңізіне саяхатқа шығуға арналған «Орел» атты алғашқы әскери орыс кемесі Алексей Михайловия патшаның жарлығымен 1667 жылы 14 қарашада жасалды. ХҮІІ ғасырдың 60-жылдарының соңында теңізде Степан Разиннің жасақтары үстемдік етті. Казактар өздерінің кішкентай кемелерімен оңтүстік жағалаудағы Решт, Фарахабад, Астрабад және басқа парсы қалаларына жортуыл жасады. 1669 жылдың көктемінде Шошқалы аралының маңында (Бакуден оңтүстікте) Степан Разиннің флотилиясы ашық соғыста 70 кемеден жасақталған парсы флотилиясымен кездесіп, оның тас-талқанын шығарады. Осы оқиғаны тарихшылар Каспийдегі орыстардың ірі жеңістерінің бірі деп бағалады. Степан Разиннің казактарының қалаларға жасаған қарақшылық шабуылдарынан Ресейдің осы аймақты толығымен жаулап алуы басталды.

            ХҮІІІ ғасырдың басында Орта Азия елдері мен Үндістанға баратын маңызды стратегиялық жол деп санаған І Петрдың (1722-1723) парсы жорықтарының нәтижесінде Каспий жаулап алынды.

            1722 жылдың қарашасында І Петр Астрахань әскери портын салу туралы Жарлық шығарды. Біздің пікіріміз бойынша, дәл осы бұйрық Каспий теңізін әскери жаулап алудың құқықтық негізін салып берді. 1723 жылы орыс әскерлері Решт қаласын жаулап алған соң, Персия өзінің жеңілгендігін мойындады. 1723 жылғы 12 қыркүйектегі Петербург трактаты бойынша Дербент, Баку қалаларын, Гилян, Мазандаран және Астрабад провинцияларын бере отырып, ол Ресейдің теңіздегі басымдылық жағдайын мойындайды. І Петр қайтыс болған соң әскери флот құру идеясын «бүкіл әлемдік тажал» - түріктің афшар тайпасынан шыққан Иран монархы Надир шах іліп алады. Ағылшын инженері Джон Эльтонның көмегімен ол бірнеше әскери кемелер мен алғашқы крейсерді жасайды. 1742 жылы Надир шах өзінің бірінші кемесін суға түсіреді. Бірақ, ол Иранды жеңілістен сақтап қала алған жоқ. (Кемені кейінірек орыстар жойып жібереді). Жалпы алғанда Каспий мен каспий маңындағы жерлерге әсер ету мен меншік құқығы үшін күрестің шырқау шыңы Каджарлар династиясының билігі кезіне (1779-1925) келеді. Олардың да Ресейді мойындауына тура келеді. 1732 жылдың 21 қаңтарында Персия мен Ресей 1723 жылғы шартты ауыстырған ынтымақтастық туралы (әсіресе сауда саласында) Решт шартына қол қояды. Бірақ Ресей Әскери қимылдарын жалғастыра берді. 1784 жылы бүкіл солтүстік Әзірбайжан (1813 жылы оның бір бөлігін Ресей жаулап алған болатын, содан соң 1813 жылы Гюлистан шарты жасалады) Ресей империясының қарамағына өтеді. Бұл 1828 жылы Туркманчай трактатында заңды түрде бекітіледі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркіменстан жаулап алынады, 1920 жылы – иранның Энзели порты жаулап алынды. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Солтүстік Иранды Кеңес Әскері бақылауға алды. Бірақ Солтүстік Ирандыү (немесе Оңтүстік Әзірбайжан), соның ішінде Энзели портын кеңес әскерлері ұстап тұра алмады. Ұлыбритания мен АҚШ-тың көмегімен Ресейдің оңтүстікке, «жылы суларға» қарай жылжуы тоқтап қалды.

            Сонымен, ХІХ ғасырдың басында Каспийде өтірігі мен шыны аралас Ресей, Ұлыбритания, Франция мен Германия Каспийде өз билігін нығайтқысы келді. Иран олардың арасында бұлтаруға тура келді. 1801 жылы ол Ұлыбританиямен шарт жасасты, соған сәйкес Ұлыбриатния оған әскери қақтығыс кездерінде әскери көмек көрсетуге сөз бері (ІV бап). Осы құжат Иранның басқарушы тобын Ресеймен қарым-қатынасының ушығуына және соғысқа итермеледі.

            Бірақ, соғыста бірнеше рет жеңілісінен кейін Иранның шахы 1805 жылы шартпен келісілген көмекті сұрауға мәжбүр болды, Англия барлық теңіз айлақтарын жалға бергендігі, Буширде қамал құрылысын салатындығы және Харк аралын иемденетіндігі туралы айтты. Ұлыбритания Иранның солтүстік аудандарында мықтап бекінуге тырысты. 1809, 1812 және 1814 жылдардағы ағылшын-иран шарттарын осы жағдайлармен түсіндіруге болады.

            Жоғарыда келтірілген мәліметтер каспий маңы жерлері мен Каспийді иемдену үшін Ресей мен Персия, сонымен бірге Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қақтығыстардың себебі болған сол кезеңде Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық статусы қалыптаса бастағанын айтуға мүмкіндік береді. ХҮІІІ ғасырдың басында аймақта Ресей мен Иран орныға бастады, Каспийдің статусының іргетасын Санкт-Петербург (1723) және Решт (1732) трактаттары қалағандығын мойындау қажет.

 

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы шарт жасасу практикасы

1732 жылғы Решт шарты Ресейдің Парсы берген кейбір аумақтарда меншік құқығын белгіледі, теңіздегі және Аракс пен Кура өзендеріндегі сауда мен навигация еркіндігін реттеп отырды. Бұл шарт 1723 жылғы шартқа қарағанда Парсы үшін кейбір құқықтарды, атап айтқанда кеме қатынасын қарастырды. Сонда да ол тек оның қырағылығын жойды, өйткені Оңтүстік Кавказдың едеуір бөлігіне бақылауды қайтадан жоғалтқанына тоғыз жылдық соғыстан кейін ғасыр да өткен жоқ. Ресей оның сауда кемелеріне теңізбен жүзіп, порттарына кіруге рұқсат етті. Әскери кемелерге қатысты айтсақ, тек ресейлік кемелер ғана Каспий теңізінің айдынында бола алатын еді.

Кезекті соғыстан кейін (1828) Парсы Каспийді бақылауды түбегейлі жоғалтып алды. 1828 жылғы 22 ақпандағы Түрікманчай келісім-шарты (8 бет) екі мемлекет кемелерінің сауда қатынасына құқығын мойындады, бірақ Парсыға әскери флотты ұстауға тыйым салды. Мұндай жағдай 1921 жылғы қол қойылған Бейбітшілік пен достық туралы ресей-парсы келісім шартына дейін сақталып келді.

1921 жылғы келісім-шарттың алғы тарихы. ХІХ ғасырдың басында Бакуде үлкен мұнай ашылып, оған Батыс Еуропа еледірнің аймаққа қызығушылығы күрт артты. Р.Якимчук атап айтқандай, саяси тұрақсыз алап Еуропа назарының ортасында болды. Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Ресей сарқылмас қорларға ие бола отырып, Батысқа тәуелді болуды жалғастыра берді. Сондықтан

Каспий аймағына, әсіресе Бакудің мұнай кен орындарына Нобель, Ротшильдтің және басқа да ірі батыс капиталы өкілдерінің келуі талап етіліп, өзін өзі ақтады. Батыс кәсіпкерлері бакулік мұнайды (сол кезде әлемдік өндірістің шамамен 50%) бірнеше бағыттар: Астраханьға дейін; салынған Баку-Тифлис-Поти теміржолымен; Батуми арқылы Швейцария (Сен Готар), Генуя және басқа ірі жерорта теңізіінің порттарына тасымалдай алды. Патшалық Ресейдің әлсіреуі мен Батыстың күшеюіне әкелген империяның ұлттық шетіндегі алғашқы дүниежүзілік соғыс ұлт-азаттық процестерінің көтерілуін білдірді.

1918 жылғы 28 мамырда Әзірбайжан демократиятылқ республикасы (ӘДР) жарияланды. Тәуелсіз ел ретінде ол Ресейдің шетінен гөрі Батысты қанағаттандырды. Соңғысы өз кезегінде каспий аймағы мұнайлы аудандарынан жетекші шетел державалары мен олардың компанияларын ығыстырып шығаруға тырысты. 1907 жылы (1907 жылғы 31 тамыздағы Парсы, Ауғанстан және Тибет істері жөніндегі Петербург конвенциясы аясында) патшалық Ресей мен Ұлыбритания Азияның аймағында ықпал ету саласын бөлу туралы келісуге қол жеткізгеніне қарамастан Каспийдегі Батыс пен оны қоршаған аудандардағы мүдделері қанағаттандырылған жоқ. Британдық әскерлердің (1918 жылғы 196 тамыздағы) Бакуді толық басып алуы осы көзқарасты растайды. «Роял Дат Шелл» және «Стандарт Ойл» компанияларының Бакуді басып алу соңынан Каспий энергия қорларын өңдеуді бастау ниеті туралы білдіріп, тіпті оған құқықтық мән беруге тырысты.

 

Ұлыбритания әскерлері тарапынан басты капиталдың қолдаушылық ерекшеліктерін кеңес ғалымы Р.Тузмухамедов атап айтты. Оның пікірінше, бұған көбіне экспансияны солтүстіктен қорғайтын ӘДР басшылығы ұстанымы ықпал етті. 1918 жылғы қазанда «ағылшын кемелері ақ гвардияшылар кемелері және орталық каспий флотилиясымен біріктірілді, ағылшындар Каспийдегі флотты түгелдей өз қолына алды.

1917 жылдан кейін аймақтағы жаңа режимді бекітуге алғашқы батымды шаралар қабылданған болатын. 1921 жылғы келісім-шартқа қол қойылғанға дейін Кеңестердің «1919 жылғы 26 маусымдағы парсы халқы мен парсы үкіметіне» үндеуі пайда болды. Онда «Каспий теңізі парсы туының астында кемелердің жүзуіне еркін болып жарияланды».

Одан кейін РСФСР СІХК 1919 жылғы 30 тамызда Парсы жұмысшылары мен шаруаларына ұқсас мазмұндағы үндеуі қабылданған болатын. 1920 жылғы сәуірде Қызыл Армия Әзірбайжан Ресей туы астына қайта қайтарды. Тараптар Каспий мен жақын аумақтарда ешқандай себептермен болмауға шарт жасасты. Ол жөнінде 1921 жылғы келісім-шарттың тиісті баптары (6-7 баптар) куә. орнына Иран Ресейдің басып алмайтынына кепіл алды. Соның артынан ол Парсымен одақты нығайтуға асықты. Мүмкін осы келісім-шартқа байланысты Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Иранда болған кеңес әскерлері Оңтүстік Әзірбайжаннан кетті. 1921 жылғы келісім-шарт мазмұны. Сонымен, 1921 жылғы 26 ақпанда Кеңестік Ресей мен Парсы Достық және ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасады. Алдымен, ол иран халқы құқығын кемсітетін патша үкіметі мен Парсы арасындағы барлық келісім-шарттар, келісімдер мен концессиялардың заңды күші жойылғандығын (1 бап) ресми жариялады. Келісім-шарт теңдік принципін екі мемлекет арасындағы қатынастар негізі ретінде анықтады. Тараптар 1881 жылғы Келістіруші комиссиямен белгіленген (3 бап) орыс-парсы шекараларын құрметтеу, бірақ Каспий суларындағы шеакарасын анықтаусыз құқығын келісті. 8 бапқа сәйкес консулдық құзыреті жойылған, онымен Ресей өз кезінде Парсыға патша үкіметімен берілген несиеге құқығын қоса әскери артықшылық нәтижесінде алынған экономикалық артықшылықтардан бас тартты. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін балық аулауға концессиялар ресейлік құзыреті қолында болғандығы белгілі. Келісім-шарт мұндай жағдайға шек қойып, иран тарапына қосымша келісімдермен (14 бап) анықталған балық аулауға құқық берді. Бұл құжатта маңызды орын кеме қатынасы мен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне беріледі. 11 бап бойынша Парсыға Каспий теңізінде Ресейдегі сияқты жағдайларда флот ұстау құқығы берілген болатын. «Екі Жоғары Келісуші Тараптар осы келісім-шартқа қол қойылған сәттен бастап олар тең дәрежеде Каспий теңізімен өз туы астында еркін жүзу құқығын пайдаланатын болады». Каспий аймағы мемлекеттерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етуге қатысты (Ресей мен Парсы) ол туралы 6 және 7 баптарда көрсетілген. Әсіресе, 6 бап егер үшінші мемлекеттер Парсы аумағын шекараны кесіп өту және Ресейге қарсы әскери басып алу базасына айналдыруға тырысқан жағдайда Парсыға Ресейдің әскер кіргізу құқығын белгілейді. Ал 7 бап үшінші елдердің Каспий теңізіне жібермеу идеясын дамытады. Осы жағдай «егер парсы флоты кемелерінің экипаж құрамында өздерінің парсы флотында болуын Ресейге қатысты достық емес мақсатта пайдаланатын үшінші держава азаматтары болған жағдайда Ресей Кеңес Үкіметі Парсы Үкіметінен аталған зиянды элементтерді жоюды талап етуге құқылы болатындығын айтады».

Сонымен, 3 бапқа сәйкес Ресей Парсыға Ашурадех иран түбегіне 10 бап бойынша Энзели портының жабдығын берді. 1921 жылғы келісім-шарттың ХіV бабы басқа кеңестік-иран келіісім-шарттары. КСРО мен Иран 1927 жылғы 1 қазанда Оңтүстік жағалаудың балық қорларын пайдалану жөнінде келісімге қол қойды. Осы құжатқа сәйкес 25 жыл бойы Каспийдің ирандық бөілгінің биологиялық қорларын өңдеуге концессиялары бар аралас кеңестік-ирандық балық аулау компаниясы құрылды. Айтпақшы, мерзімі өткен соң Иран оны ұзартуға ниеттенбеді де, келісім-шарт өзінің  заңды күшін жоғалтты.

 

Каспийді зерттеулер

 

            1840 жылдан бері Каспий теңізінде Каспийдің навигациялық карталарын нақтылауды талап ететін пошта және жолаушылар кеме шаруашылығы дами бастады, 1-ранг капитаны Путятин 1839 жылы Каспий теңізінің тереңдігін түсіру мен өлшеу жоспарын жасауға тырысты, бірақ сәтсіз болды. 1851 жылы каспий флотилиясының лейтенанты К.Л.Петрушевский Каспийдің хаттама тізімін жасады, ал 1853 жылы адмирал Ф.П.Литке Каспий теңізін түсірудің барлық нұсқаларын жинап, оларды астрономиялық қадағалаулармен толықтырып, Каспий теңізінің нақты бейнесін жасауды ұсынды.

            1853 жылғы қарашада бұрын Балтық теңізі мен Сырдария сағасын түсіруге қатысқан капитан-лейтенант Н.А.Ивашинцовқа Каспий теңізінің Астраханьнан Астрабадқа дейінгі бөлігін алдын ала зерттеу үшін жалпы жоба мен сметаны жасақтау тапсырылған. Экспедиция үшін кеме, екі желкенді шхуна, екі баржа мен 5 жеңіл қайық тартылды. Кенеттен болған орыс-түрік соғысы экспедицияның басталуын ауыстыруға мәжбүрледі.

            1854 жылы Ивашинцов Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалау бөлігін зерртеу үшін Каспийдің оңтүстік жағалауымен Энзели мен Астрабад бұғазына аттанды. Осы жылы Астрахань портының командирімен бірге әскери теңіз стансаларына барып Каспий теңізіне саяхат жасады, сол кезде теңіздің солтүстік және шығыс жағалауы мұқият қаралды. 1858 жылы әскери-теңіз ведомствосы экспедицияны Астраханьнан жарақтандырды, бірақ кеме тесіліп, үш аптадан кейін экспедицияға қатысушылар Астраханьға қайтып келді. Осы қысқа саяхат кезінде теңіздің солтүстік бөлігіндегі ендігі аз жері – Чечень аралы мен Түп-Қараған мүйісі анықталды. Келесі жылы негізінен Каспий теңізінің орта бөлігімен айналысқан экспедиция қайтадан ұйымдастырылды. 55 ай жолда 11 пункт зерттелді. Жетекшінің ауыру себебінен ғылыми зерттеулер уақытша тоқтатылды.       

            1860 жылы Каспийдің шығыс және оңтүстік жағалауы зерттелді. Астрономиялық жұмыстармен қатар метеорологиялық бақылаулар жүргізіліп, аймақтың климаттық жағдайлары, сондай-ақ тереңдіктердің гидрологиялық өлшемдері зерттелді. Теңіз тереңдігін өлшеу мәліметтері Каспий теңізін бір бірінен ерекшеленетін үш бөлікке бөлуге мүмкіндік берді: солтүстік алап – Чечень және Түпқараған аралынан солтүстікке: орта – Апшероннан Красноводск бұғазына; солтүстік алап - Оңтүстік Каспий ойпаты (ежелгі Гиркан теңізі). Муравьев қойнауында Ивашинцов топографиялық түсірулер жүргізген полковник Дандевильдің экспедициясымен кездесті. Зерттеушілер жүргізілген жұмыстар нәтижелерімен алмасты.

            Он бес жыл бойы 1856 жылдан бастап 1871 жылға дейін Ивашинцов Каспийді зерттеуді жалғастырды. Бұл жұмыс үлкен қиындықтармен ұштасқан. Бір экспедиция кезінде зерттеушілер тобы бар команда қатты дауылда жартасқа соғылып, Коутрифке лақтырылып, теңіз түбіне кетті. Экспедицияға қатысушы 75 адамнан 23 адам қаза тапты. Саяхатшылар буырқанған апаттан ғажап жолмен аман қалған оқиғалары да болды.

            Ивашинцовтың экспедиция бағыттары Астрахань, Кавказ жағалауы, Хиуа енсіз мүйісі, Огурчинский аралы, Челекен аралы, Красноводск бұғазы, Қарабұғаз, Кендірлі бұғаздары, Токмақ мүйісі, Александр бай, Түпқараған бұғаздары, Құлалы, Долгий аралдары арқылы өтті.

 

            Ивашинцотың жұмысы Каспий теңізінің тереңдік өлшеулері, топографиялық және астрономиялық толықтырулармен бай. Ол астрномиялық және магниттік бақылаулар жасап, теңіз түбі рельефін зерттеп, жағалау карталарын жасады. Экспедициялар кезінде барлық жағалаулардағы түсіру, барлық қайраңдар мен рифтерді анықтаумен теңіз өлшемдері жасалып, теңіз деңгейінің өзгерістері анықталып, Каспийдің рельефі мен түбі, шөгінділер мен тереңдігі, теңіз аңдары зерттелді, Каспий теңізі жағалауларына магниттік бақылау жасалды.

            Ивашинцовтың экспедициясы Каспийде 1871 жылға дейін жұмыс жасады. Осы уақыт ішінде Каспий теңізінің нақты жоғары нүктелі 25 картасы, 24 нақты топографиялық жоспары мен екі атласы, сондай-ақ магниттік төмен түсу атласы, теңіздің бірінші батиметрлік картасы мен осы су қоймасының физикалық-географиялық сипаттамаларының гидрографикалық хаттама тізімі жасақталды. Каспий теңізін ғылыми зерттегені үшін қажымас саяхатшыға «Константиновтың алтын медалі» берілді. 1867 жылы ол Теңіз техникалық комитетінің мүшесі болып тағайындалды, ал екі жылдан кейін Императорлық ғылым академиясының контр-адмиралына өткізілді.

 

Томирис

 

            Теңіз жағалауына қоныстанған массагеттер, аландар, хазарлар сияқты ежелгі тайпалар тарихта ежелден белгілі. Осы халықтардың мәдениеті мен тұрмысын байқау арқылы Каспий теңізі әрқашан ең маңызды тарихи оқиғалар аренасы ретінде қарастырылды. Аңыздар дәуірінде туындаған даңқты және драмалық мазмұнға толы оқиғалар Каспийдің ежелдігіне куә. «Тарих әкесі» болып есептелетін Геродоттың жылжазбаларында мысалы, Гиркан, яғни Каспий теңізімен байланысты маңызды құбылыстардың бірі оның жағалауына қоныстанған соғысқұмар шабандоз әйелдер суреттелген.

            Ежелгі уақытта Гирган теңізінің шығыс жағалауында өздерін массагеттер деп атаған халық мекендеді. Олардың мемлекетін Томирис патша әйел басқарды. Бір күні парсылық Кир патшасы көп әскерді жинап, осы еркін дала халқына басып кірді. Мемлекет пен тақты қорғау үшін Кирге қарсы Томирис патша әйел бастаған массагет халқы шықты. Түні бойы масагеттердің басып алуын күтіп ұйықтамаған парсы армиясы өздерінің қырағылығын әлсіретіп, ұйықтап кеткенде, таңғы алтын тұман теңіздің аппақ бетімен жайлап түскенде дала шабандоздары жау тобына жабайы қиқумен басып кірді. Күтпеген жерден құйынға ұқсас толқыннан шықандай сансыз әскердің пайда болуы бір сәтте парсы армиясының рухын түсірді. Теңіз көбігінен шығып, онда жоғалған шабандоздарды басып алушылар сиқырлы, дуалы еліктіру болып қабылданды. Шайқас Томиристің толық жеңісімен аяқталды.

            Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт каспий аймағының жерлері сырлы шабандоз әйелдердің отаны болып есептелді. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды.

 

Каспийдегі кеме қатынасы

 

            Каспийде ірі Волга өзенінің сағасында орналасқан Астрахань және алаптағы Баку порты арасында өзінше роль бөлісу тарихи қалыптасты. Астраханьда балық болды – мұнда балық аулау, балықты жасанды өсіру және балық қорғау жөніндегі алаптық басқарма, ихтиология жөніндегі ғылыми институттар «оның ішінде әлемдегі жалғыз бекіре шаруашылық институты) болды. Бакуде мұнай мен кеме қатынасы болды. Мұнда мұнай мен газды теңізден («Каспийтеңізмұнайгаз») өндіру бойынша бүкілодақтық бірлестік, сондай-ақ Каспий кеме шаруашылығы орналасты. Мәскеу Мәскеу болып қала береді, нақты шешімдер, соның ішінде балық, мұнай және кеме қатынасында астанада қабылданған.           

            Осы қиындықтарға қарамастан Одақ құлағаннан кейін мұнай және кеме катынасы» артықшылықтары дәстүрлерді, сондай-ақ ондағы осы сәтке қалыптасқан кеңес империясының құлау сәтінде қалыптасқан осы салалардың материалдық-техникалық базасын ескере отырып қалды. Мұнайды теңізде өндіру саласында алғашқылардың бірі бола отырып, Баку осы уақытқа теңіздегі мұнайшылар мен мұнай кәсіпшіліктеріне қызмет көрсетуге арналған кемелердің үлкен саны болды, әлемдегі екінші мұнай флоты – АҚШтан кейін). Каспийдің ортасында орналасып, Каспийдің ең жақсы айлақ пен бір портқа ие бола отырып, Баку порты базалық алаптың өзінің «кеме қатынасы» астанасы ролінде қалды. Бүгін, каспий аймақтық мемлекеттері өздерінің ұлттық кеме шаруашылығын құрғанына қарамастан Каспий кеме шаруашылығы («Каспар» - Бакуде оның аты өзгертілген жоқ) бұрынғыша Каспийдегі жетекші болып қала береді.

            Шындығында, егер бұрын КСРОдағы алғашқы Баку-Красноводск паром өткелі жылына 4 миллион тоннаға дейін, ал КСРО құлағаннан кейін – осы көлемнің тек бесінші бөлегін тасымалдады. Жүктердің 90 пайызы Украина мен Ресейдің оңтүстігінен және кері жүрді, тек қана 10 пайызы Закавказья республикаларына келді. Бірақ өзгеріс сезілді. 196 жылғы мамырда Әзәрбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерінің қол қойғаннан кейін іске қосылған Закавказье арқылы Еуропа мен Азия арасындағы көлік дәлізі Закавказья және Орта Азия республикаларының теміржол және авомобиль қатынасын, алдымен - жүк тасымалының барлық түрлері қиылысатын көлік тораптарын, порттарды өркендеуі жөнінде айтуға мүмкіндік береді.

 

Ресейдің қатысуы

 

            Осы процестен Ресей біршама тыс қалып қойды. ТРАСЕКА жобасының шетінде қалып қойған ол оны өзінің бәсекеге қабілетті флотын дамыту және Каспийдегі өзінің қатысын күшейту есебінен орнын толтыруға тырысты.

            90-жылдардың басында құрылған Солтүстік-Каспий кеме шаруашылығында 60 жуық кем бар. Әзірше – ескі және шағындары (негізінен – бұрын Флоттың астрахандық басқармасының теңгерімінде болған өзен кемелері). Ірі тоннажды кемелер мен паромдар флотты бөліскенде Каспий кеме шаруашылығында (Әзірбайжан) қалды. Бірақ Ресей сияқты үлкен ел оның каспий аймағындағы көршілеріне қарағанда кемелерді сатып алу мен астрахандық және басқа да волгалық верьфтерінде, Санкт-Петербургте жаңадан жасаудың үлкен мүмкіндіктеріне ие. Солтүстік-Каспий кеме шаруашылығының кемелерімен қатар Каспийде ресейлік өзен кеме шаруашылығының кемелері белсенді шығып жүр.

            Осымен қатар Ресейдің қолында Каспий теңізінен волга-дон және волга-балтық арналары арқылы дүниежүзілік мұхитқа шығу сияқты «көзірлік картасы» қалады. Бұл арналармен бірнеше жыл тек қана ресейлік туы бар мекемелер пайдаланып келді, басқа барлық кемелер үшін мұнда кіру жабық болды. Сонымен Ресей шындығында да экономикалық тиімді және арзан суда жүктерді ауыстырып тиемей тасымалдау түріндегі өзінше ТРАСКЕА магистраліне балама жасауға талаптанды (әсіресе – ірі өлшемді жүктерді тікелей тасымалдау, егер Каспийдегі «ғасыр жобасы» теңіз кен орындары мен басқа да мұнай жобаларын өңдеуге арналған арнайы жабдық ескерілсе, өте маңызды болады).

 

            Ішкі суларға әзірбайжандық кемелерге кіруге тыйым салу ашық теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін транзитке құқықтық кепіл беретін халықаралық нормалар (Теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясы) жүзеге асырылды. 1997 жылдың соңында Ресей осы көлік қоршауын алып тастады, соның себебінен өзі де зиян көрді, өзінің баламасы бола тұрып, Астраханнан Баку арқылы Батысқа, Түрікменстан мен Қазақстан арқылы – Шығысқа, Иран арқылы – Оңтүстікке апаратын жаңа магистралдық жолдарға қосылу ниеті бар.

 

Иран және басқалары

 

            Иран жыл сайын өзінің Каспийдегі қатысуын күшейтуде. Қазіргі уақытта Болгарияда сатып алынған 4 ирандық кеме жүр. Иран онда жаңа кемелер жасауды көздеуде, сондай-ақ өз елінде жасалып жатқан жаңа кемелерді де суға түсіруді жоспарлап отыр. Онымен қатар Иран 30 жуық балық аулайтын кемеге ие. Кеме қатынасы саласында көптеген елдердегі сияқты Иран Ресеймен ынтымақтасуда (ирандық кемелер ресейлік порттарға кіруге құқылы болды, ал әзірбайжандық кемелер бұл құқықтан айрылып қалған болатын). Бірақ Иранның Каспийдегі жүк тасымалы саласындағы бірінші орында Каспий кеме шаруашылығы тұр.

            Иран сондай-ақ Баку кеме жөндеушілерінің қызметтерін пайдаланады. Мұнда өздерінің бірнеше кемелерін жөндеп алып, ирандықтар бакулік доктардың біреуін жалға алу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Әзірбайжандық мамандар иран порттарында, соның ішінде – Бенда-Торкмен жаңа портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуге қатысты. Одан басқа Тегеран Бакумен суда жүзу қауіпсіздігі, сүйрету, өрт сөндіру, іздестіру және судағы құтқаруды қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық орнатқан, өзінің кадрларын Бакуде жақында ашылған Теңіз академиясына жібереді.

            Каспий аймағының басқа елдеріне қатысты Түркіменстан әрқайсысының жүк көтерімділігі 3 мың тонналық 4 әмбебап құрғақ жүк кемесін сатып алып, өзінің кеме қатынасын одан әрі дамытуды көздеп отыр. Қазақстанның өзінің Каспийде жеке кемелері жоқ, көбінесе негізінен әзірбайжан жағының қызметтерін пайдалануда. Бірақ қазірдің өзінде тек қана Каспий маңындағы мемлекеттерге ғана емес, сонымен бірге болашақта – Волгаға шығу арқылы жүк тасымалдау үшін «өзен-теңіз» типтес кемелерді лизинг арқылы сатып алуды қарастыратын Қазақстанның ұлттық флотын құру бағдарламасы жасалуда.

            Каспий теңізінде барлығы шамамен есептегенде әртүрлі елдердің 800-ге жуық кемелері жүзіп жүр, жыл сайын оның саны өсе түсуді.

            Сонымен Каспийдегі бәсекелестік жоғарылайды. Бәрінен бұрын - Әзірбайжан мен Ресейдің арасында. Сонымен қатар бассейннің теңіз порттарының дамуына мүмкіндік беретін Каспий жағалауына қатысу бәсекелестігі де өсуді.

            Жоғарыда көрсетілген Астрахань портының құрылысынан басқа, Түркіменбашы (бұрынғы Красноводск) портын қайта жаңғырту басталды. Бұл іске Каспийге шыға алмайтын Өзбекстан да инвестиция салуда. ТРАСЕКА магистралі бойынша бәрінен бұрын өзбек мақтасын тасымалдауға пайдаланылатын осы республиканың вагондары тұратын қосалқы теміржол құрылыстарын салу қарастырылған.

            Ақтау портын (Қазақстан) қайта құрған соң Қазақстанның өзінің шикізат қорлары мен транзиттік жүктерін кавказ республикалары мен Иран аумағы арқылы транзиттік жолмен Каспий маңы елдері мен алыс шетелдерге экспорттау мүмкіндігі туындады. Кейінгі кезге дейін Әзірбайжаннан Грузияға мұнай айдайтын құбыр қайта жаңғыртылған соң, күннен күнге көлемі өсіп бара жатқан мұнай тасымалдайтын танкерлер ғана жүрген болатын. 15 жыл бұрын салынған паром айлағы жұмыссыз тұрды, өйткені Батыс-Қазақстан теміржолына қосылатын 7 шақырымдық учаске салынбай қалған болатын. Оған қоса, Ақтауда теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты айлақтар мен порт құрылыстарын су басып қалды. Бірақ, 1999 жылдың ортасынан бастап – Каспар ТРАСЕКА жобасының шеңберінде осы портта теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізген соң, паром өткелі жұмыс істей бастады. 2001 жылдың жартысында Қазақстан жағы теміржол терминалын іске қосқан соң, Ақтау-Баку бағытында теміржол вагондарын тасымалдауға мүмкіндік туды. Сонымен бірге бас, контейнерлік жүктерді, дөңгелекті техника мен жолаушыларды тасымалдауға қабілетті Ақтау-Баку-Ноушехр паром желісі жұмыс істей бастады.

            Мәскеуден кейін Баку мен Астана келіскен, Каспий теңізінің түбін секторларға бөлу жағдайындағы «ортақ теңіз» идеясы Каспийдегі экология мен кеме қатынасы мәселелеріне көңіл аударуды күшейтті.

            Шындығында, теңіз бассейнін «меншік пен жауапкершілік аймағына» бөлу көлік пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірдей көзқарас концепциясы ғана тек қана «қара алтын» емес, сонымен бірге дүниежүзіндегі ең ірі және орасан мол қорлары бар ішкі көл-теңіздің бағалы бекіресінің болашағына үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

            Егер теңіз мұнайын барлау мен өндіру Каспий маңы аймағындағы мемлекеттер арасында дәл шекараны белгілеуді талап ететін болса, ондай шектеулер болмаған жағдайда ғана теңізде жүзу және оның тазалығын қорғауға мүмкіндік болады. Шынында, бұл идея өзінің логикалық жалғасы ретінде Каспий теңізін демилитаризациялауды талап етеді, бұл идеяны 1998 жылы ресейлік ІІМ басшыларының бірін Бакуде қабылдау кезінде Әзірбайжан Президенті ұсынған болатын (оның сөзі бойынша: «Жүзетін құралдар аз болған сайын, теңіз де таза болады», «және тыныш болады» деп қосуға болады; теңіз мұнай платформаларына жақын жерде ресейлік әскери кемелердің торуылдауы қажет пе!).

            Бірақ бұл жеке әңгіменің тақырыбы.



Ақтау порты

Тарихи анықтама.


            Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және Қазақстан Республикасының әртүрлі құрғақ жүктер мен мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған бірегей теңіз порты болып табылады.

            Жаңа шеткі өнеркәсіп орталықтарының құрылуы, ұлттық шеткі аймақтардың экономикасы мен мәдениетін көтеру, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің қоғаныс қабілетін нығайту мүдделері тиісті көлікпен қамтамасыз етуді, соның ішінде теңіз қатынасын қалыптастыруды талап етті.

            Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау порты салынды.


            Порт БН-350 атом электр стансасын, химия салсының зауыттары мен тікелей Ақтау қаласының өзінің құрылысын салуда маңызды роль атқарды.

            Портты құру бас және қосалқы толқын тосқыларды және сонымен бір мезгілде төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан басталды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлақтары мен паром кешені салынды. КСРО-да Ақтау порты арқылы тасымалдардың көп бөлігі мұнай (80-жылдардың басында жылына 7 млн. тоннаға дейін) болатын, құрғақ жүк тасымалдау жылына 300 мың тоннаға жетті. Кеңестер Одағының тарауына байланысты тасымалдар с көлемі барынша қысқарды. 1995 жылы қазақстан металын қарқынды экспорттауға және «Теңізшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны өндіретін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады.


            «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» акционерлік қоғамының мәселелері» Қаулысына және 23.04.1997 жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес акционерлік қоғамның негізінде құрылды.  Порт ҚР Үкіметінің 25.06.1996 жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қаулысының негізінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімдемесіне енгізілген. «АХТСП»РМК ҚР Әділет Министрлігі Маңғыстау әділет басқармасында 11.10.1996 жылы тіркелген, куәлігі №513-1943-ГП.


Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде бетбұрысты және айрықша мәнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару құрылымдары жақсартылды. Қазақстан Үкіметі Еуропалық Қайта құру және Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ) бірлесіп бөлінген несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту және қайта құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).

            1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды. П Ақтау портын қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Қайта құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің құрғақ жүктерге қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің жылына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін сақтау отырып, жылына 1,55 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін Ақтау порты дүниежүзінің көптеген елдеріндегі порттардағыдай көпмақсатты терминалға айналды, оның жұмысы бір минутқа да тоқтамайды.

            Қайта құрудың жобасы өндірістік мүмкіндіктерді жақсартумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге порт қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, жаңа технологиялар, маркетинг жүйесі, іс жүргізу, менеджментті іске қосуды да қарастырады. Басқару жүйесін автоматтандыру, жүк айналымын жаңаша статистикасын жүргізу, есептерді автоматтандыру, құжаттарды ресімдеу, клиенттерге қызмет көрсету процедураларын жеңілдету жөнінде жұмыстар белсенді жүргізілуде.

            Соңғы 3 жылда құрылған қазіргі заманғы порт инфрақұрылымы Қазақстан Республикасы үшін Каспий теңізінің барлық елдері арасында порт қызметтерінің сапасы, әртүрлілігі және қол жетерлігі бойынша көшбасшы болуына жағдайлар жасады. «АХТСП»РМК өзінің алдына толығымен шеше алатын келесі міндеттерді қояды:

  • Қазақстан Республикасы су көлігі жүйесінің дүниежүзілік көлік жүйесіне интеграциясын қамтамасыз ету;

  • Ақтау портының көлік желісінің барлық қатысушыларына арналған тартымды тобы ретінде қалыптастыру;

  • Қазақстанның бірегей географиялық жағдайына орай Ақтау портының стратегиялық ролін күшейту;

  • Волга-Дон каналы арқылы Қара теңіз порттарына, Иранның солтүстік порттарына шығу арқылы баламалы көлік бағыттарын дамыту;

  • Ақтау портының Қазақстанның халықаралық сауданы қамтамасыз ету, тасымалдар мен  тауарлардың құнын төмендету қызметін кеңейту

Осы міндеттерді орындауға аймақтың мұнай өндіру саласына шетел инвестициясының қаражат салымдары және салынған көлік инфрақұрылымдарын пайдалану мүмкіндік береді.

Аймақ арқылы ТРАСЕКА халықаралық жүктерді тасымалдау бағыты өтеді. Портта теміржол, автомобиль, су және құбыр сияқты бірнеше көлік түрлерінің торабы орналасқан. Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын салу жөніндегі халықаралық келісім мұнайды Ақтау теңіз порты арқылы тасымалдаудың келешегі зор екендігін растайды.



Баутино жүк ауданыРМК «АХТСП» филиалы «Баутин» теңіз сауда порты жүк ауданы туралы

                                                        

          Баутин теңіз сауда порты – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Ақтау халықаралық теңіз сауда портының» филиалы Баутин кенті, Түпқараған ауданы, Маңғыстау облысы, Баутин қойнауы, Түпқараған шығанағының акваториясында орналасқан.

          1997 жылдан бері қазіргідей қалыпта, Баутин теңіз сауда портының базасы болып құрылды. (1887 жылдан бастап әр түрлі қолданыста болды)

           Порт Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарашылар рұқсатнама пункті толып табылады. Баутин кентінде  шекарашылар қызметі, кеден, санитарлық бақылаушылары мен порт бақылаушылары тікелей орналасқан. Шетелден келген кемелерге құжаттарын даярлау мүмкіндіктері шекара, кеден, порттың және басқа да формальдары бір мезгілде, тікелей порт айлағында жүргізіледі.

            Порт аумағы қоршалған және күзетшілер күзетеді.

            Табиғи қорғаныстың арқасында порт акваториясында, кез-келген уақытта қандай да бір ауа-райының қолайсыздығына қарамастан кемелерге өңдеу жұмыстары жүргізіле береді. Жыл мезгілінің кез-келген уақытында портта жұмыс жасауға мүмкіндік қарастырылған, (қаңтар-ақпан аралығындағы ерекше қатты қыс болған жағдайда).

           Порт кемелерді өңдеуге ұзындығы 150 м, төмен түсу тереңдігі  5 метрге дейінгі кемелерді қабылдай алады.

       Кеме-қойма, кеме-автокөлік және қарсы 25 тондық әр түрлі жүк көтеріп (контейнерлер, метал қалдықтары, ұлу тас, қиыршық тас сонымен қатар басқа да тиеу жүктерін,кеме жабдықтарын, азық-түлік, жабдықтар, шпунттар, матал бұйымдарын, тұрбалар, уақ және ірі орамдардағы жүктер т.б.) қызмет етеміз;

              - порт аймағында жүктерді сақтауға  ( контейнерлерді сақтау үшін бірінші 20 тәулікке төлем төленбейді, басқа жүктерді ашық алаңда сақтау үшін бірінші 60 тәулікке төлем төленбейді

             -   айлаққа мүмкіндіктер жасауға:

а)   агенттік кемелер үшін  (жанар-жағар маймен бункерлеу,  кеме жабдықтарын сумен, құрғақ қалдық тапсыруға, қалдық  және майлы су т.б.тапсыруға),

       б)    кемелердің тұраққа тұру кезеңі навигация аралық (қазан-наурыз).

        в)    шетелге жүретін кемелерге шекара, кеден және де басқа формальдық құжаттар даярлау үшін.





Мәліметтер http://www.portaktau.kz сайтынан алынды. А.Отаралиева



  • Құрлық ішіндегі қос теңіз Арал мен Каспий аралығындағы  Үстірт жазығы  мен Маңғыстау түбегі бағзы заманнан бері құпияға толы жұмбақ өлке ретінде әлемге әйгілі болған еді. Ал оның қисапсыз қазынасы мен ерекше мінезді тұрғындары туралы қауесет шартарапқа тарап, саяхатшы, ғалым, саудагер, қолбасшы, әмірші дейсіз бе, басқасы дейсізбе талай жұрттың онсыз да жүйрік ойларына қанат бітіріп, онсыз да жұмбақ өңірді бір көруге ынтызар елді одан әрмен ынтықтыра түсіретін. Шынында да еуразияның тоғыз жолының торабы түйіскен табиғаты таңғажайып осынау бір жерде әлемдік тарихқа айтарлықтай әсер еткен небір этномәдени құбылыстар қай заманда болсын буырқанып жатқан...

Әбіш Кекілбайұлы

Қазақстан халық жазушысы



Shape1

6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі