15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Маңғыстаудың жеті кереметі
Қазақстанның жеті кереметі.
Тақырыбы:
Қазақстанның
жеті кереметі.
Мақсаты: оқушыларды
Қазақстанның тарихи мұраларымен
таныстырып, мәдениетке дегн қызығушылығын
арттырып, тәрбиелеу.
Бүгін
маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі
Әрбір
халық
өз
жерінде
пайда
болған
адамзат
мәдениетінің
асыл
да
бағалы
құндылықтарына
жататын
ескерткіштерді
түгендеп,
ардақтауы
тиіс.
Жоғарыда
аталған
кереметтерден
еш
кем
түспейтін
қазақ
жерінің
де
жеті
кереметі
бар.
Олар:
Таңбалы
тас
суреттері,
домбыра,
киіз
үй,
«Алтын
адам»,
Маңғыстау
жер
асты
мешіттері,
Қожа
Ахмет
Иасауи
кесенесі,
Астана-Бәйтерек
кешені.
.
Адамзат
тарихында әлем кереметтерінің саны
жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды
ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру
үшін өткенді еске алған артық емес.
Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.
Жұбаныш: « Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.
Рамазан:.
Ендігі әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын
сәулет және мүсін өнері шеберлерінің
қолымен жасалған асыл мұралар туралы.
Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде
орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті
кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары
осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған,
сәулетшісі Имхотеп.
Нағыз керемет деп саналатын Хеопс
пирамидасының биіктігі 147 метр, әр
қырының ұзындығы 235 метр. Пирамиданың
алып жатқан алаңы 55 мың.Құлдар азабының
куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды.
Көне тарихтың мызғымас куәсі болған
пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де
талай ұрпақтардың тамашалап қарайтын
мәдени – сәулет ескерткіші ретінде
қала береді.
Әсет:
Тарих атасы- Геродот десек, өнер атасы,
өнердің нағыз алтын бесігі деп Ежелгі
Грекия елін атау әбден орынды. Мұнда
3000 жылдай бұрын бейнелеу және басқа да
өнерлердің сан алуан түрлері қалыптаса
бастады. Енді осы тарихты баяндап
көрейік.
8-оқушы: Классикалық Грек
өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге
әйгілі ескерткіштің бірі- Зевс мүсіні.
Бұл
біз сөз етіп отырған « Жеті кереметтің»
бірі.
Қыдырғали:Ендігі
сөз Артемида ғибадатханасы туралы. Эфес
жерінде 7-6 ғасырда Артемида құрметіне
салынған, Грек жұртының мақтанышы.
Бағытымыз
Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда
Родос аралының экономикалық және мәдени
жағынан гүлденуіне жол ашылды. Родос
тұрғындары күн құдайы Гелиосқа айрықша
табынған. Арал иесі атанған құдайға
арнап бұрын – соңды болмаған ескерткіш
орнату Родос азаматтарының борышы деп
саналған. Оны
тұрғызу 12 жылға созылды. Құрылысты
басқарған мүсінші Хареске.
Кіші Азия,
6-ғасыр. Аты сирек естілетін шағын ғана
Галикарнас қаласы. 356- жылы осы елдің
патшасы өз ажалынан дүние салды. Патшаның
мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оған
екі қабат, биіктігі 40-45 метрлік ғибадатхана
ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен
кесене деп атала бастады.
Айбар:
Енді заңғар тау мен телегей теңіз
ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген
толқын үстінде тербетілген ғимарат-
Александрия шамшырағы туралы сөз.
Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда,
Фарос аралы мен құрлықтың арасына
салынды. Жұмысты жүргізген архитектор
Сострат Книдский.
Еңлік:
Бағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Ефрат-
жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған
Месопатамия – мәдениет, тұрмыс – салт,
өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел.
Бұл заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасыр
шамасы.Вавилон шаһарындағы Семирамида
аспалы бағы-жеті кереметтің бірі.
--
Міне, бүгін біз сіздерге әлемнің жеті
кереметі туралы қысқаша айтып кеттік.
Осыларды бір жіпке тізсек, онда:
1.Пирамидалар
( Мысыр)
2.Семирамида бағы ( Вавилон
)
3.Зевс мүсіні ( Олимпия )
4.Артемида
храмы ( Эфес )
5.Родос алыбы ( Родос
аралы )
6.Галикарнас кесенесі ( Кіші
Азия )
7.Александрия шамшырағы (
Мысыр)
Бұлардың қайсысы болса да,
мүсін және сүрет өнерінің теңдесі жоқ
тамаша үлгілері.
Бұлар әлемдік
тұрғыдан алғандағы ұғымдар, ал енді әр
елдің мақтанышына, символына айналған
кереметтер қаншама. Мысалы, Эйфель
мұнарасы десе, Франция көз алдыңызға
келеді. Оларды сырттан барып тамашалаулар
эстетикалық ләззат алады, ал жергілікті
тұрғындардың кеудесін өз Отанының
мәдени байлығына деген мақтаныш пен
қуаныш сезімі кернейді.
Берекет:
Бүгінгі қазақстандықтар да ондай
бақыттан кенде болмаса керек. Қазақстандағы
тарих, археология, сәулат және монументалды
өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан
асады. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс,
Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта
теңізі бойындағы мемлекеттермен
теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда
ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі
қайсысы?» деген сауалға жауап іздене
отырып, Қазақстанның кереметі деп
санайтындардың тізімін жасауға,
дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау
үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген
қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас
буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп,
өз Отанының тарихы мен мәдениетін
мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.
--Ал
енді «Қазақстанның жеті кереметіне»
тоқтайық.. Бірінші керемет деп біз
ежелден атағы жер жарған Түркістан
қаласында орналасқан, орта ғасырдан
қалған көгілдір күмбезді
ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесін
алып отырмыз.
Арсен-Қожа
Ахмет Иассауи кесенесі
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының материалдық және рухани
өмірінде маңызды орын алған Шығыстың
көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын
тойлап өткен Түркістан-руханият ордасы,
оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ
бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты
туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның
Сайрам (бұрыңғы Испиджаб) қаласында
1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді
жергілікті дінбасы Арыстан бабтан
алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша
және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ,
қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары
арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет
Иассауиді рухани басшы санаған халық
оны «Әулие ата» атап кеткен.
Қожа
Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған
көп хикметтерді дүниеге келтірген
пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен
екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан
бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында
жатып, күн сәулесін көрмей өткізді.
Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты
қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен
қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне
жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын
Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды
қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір
қарамағында игі істермен көрінген
Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді.
Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен
салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан
бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа
Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді
құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр.
Орталық залдың айналасына әр түрлі
мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі
35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы
ақынның мүрдесі жерленген. Орталық
бөлмеде қолымен жазылған Құранның
көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер
сақтаулы.
Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи
ғимараты-шығыс халықтарының тамаша
сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда
100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.
Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың
тылсым сырын білуге деген құштарлық
сезімдері жетелейді.
Қожа
Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы
ескерткіштердің бірі – тайқазан.
Петергбург Эрмитажынан өз тұғырына
қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер
құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай,
Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға
қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап,
Қарнақ қаласына жеткізеді де, қазанды
жасауға кіріседі. Тайқазан дайын
болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа
Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы
кіреберіс ғажайып кең бөлмесінің
ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың
үстіне орнатты.
Бұдан былай бұл жер
«Қазандық» деп аталады. Қазақ ұлысының
қара шаңырағы алыстан көз тартып, әрқашан
қазаны асулы тұрсын деген ырымды ниет
етті. Сондықтан,
тайқазанды кереметтердің санына
кіргізуге болады.
Ел мен тарихын,
ата-бабалар тарихын терең білуге үндеп,
қайта-қайта жадына салып, халықтың көз
алдындағы көкке бой созған тарихи
ескерткіштердің бірі-Тараз қаласының
оңтүстігінде жиырма шақты шақырым
жерде тұрған Айша бибі мазары. Айша бибі
кесенесі – сәулет өнері ескерткіші.
ХІІ ғасырда салынған. Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы Айша бибі тарихтан белгілі
Қараханның әйеліболған. Күмбезді
сол Қарахан салғызған, сәулетші туралы
нақты дерек жоқ.. Халықтың ауызындағы
аңызға қарағанда Айша бибі Тараз
қаласында Қараханды қарсы алуға аттанады.
Таразға жақындап қалғанда қасындағы
құрбыларымен бірге өзенге шомылады,
өзеннің жағасында жылан шағып қайтыс
болады. Бүгінгі күнде айша бибі
мазары маңынан адам үзілмейді. Әсіресе,
жаңадан шаңырақ құрған жастар
мазарына барып, тағзым етіп жатады.
Айша бибі кесенесі Қазақстанның жеті
кереметінің бірі деген ойдамыз.
Ақниет: таңбалы тастағы суреттер
Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адмды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Мына суреттер ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынган туындылар. Алматы обылысындағы Тамағалы кешені жартас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Бұларды Қазақстанның кереметіне кірғізуге болады деген ойдамыз.
Ақжүніс-алтын
адам
1960жылдардың
аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік
қаласына жақын жердегі обадан «Алтын
киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай
бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға
кигізілген бас киімнің, етігінің
қонышының сыртына алтыннан жасалған
түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің,
құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың
саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан
табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі.
Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де
негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып
келген Алтын адамның өзі неге тұрады?
Бұл
да Қазақстанның кереметінің бірі деп
санауға болады.
Шұғыла-домбыра
Ендігі
сөз қазақ халқының жан сезімі, жан
серігі-домбыра туралы. Домбыра-халық
даналығы. Олхалқымыздың өмір тәжірибесі
мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін,
ескі діни наным- сенімдері мен философиялық
көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды.
Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі,
көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол
халықтың тарихи тағдырмен тамырлас.
Тарихтың хатқа түспеген талай
беттерін паш еиіп, халқымыздың
тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан
кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі
қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен
ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан
жеріндегі байырғы көшпелілер арасында
ең тараған аспаптың бірі болғандығын
дәлелдейді.
Домбыра - әр дәуірде
мәдениетімізде дарынды тұлғалардың
дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Аты
аңызға айналған Кетбұғы, Асанқайғы,
Қарт Ноғай сияқты ең таңдаулы есімдері
біздің заманымызға да жетті.
Домбыра
дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау
шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде
көптеген кәсіби күйші-композиторлар
қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген
мектептерге бөлінді. Бұл күйші-
композиторлар өзіндік стильдік
ерекшелігімен, қағыс техникасымен,
музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен
оқшауланып, өнерімізде жарқын із
қалдырды. Домбыра –әр дәуірде
мәдениетімізде дарынды тұлғалардың
дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды.
Сондықтан, домбыра да қазақтың 7 кереметі
қатарында.
Айдәру мен
Жандәрудің орындауында ән «Туған жер»
Еркебұлан- «қазақтың киіз үйі»
Сафуан-Бәйтерек монументі
Айсұлтан-Бекет ата жер асты мешіті
Шығармашылық жұмыспен таныстыру
----Салған сурет, макеттерімен таныстыру.
-Сұрақ: Біздің ауылымыздың кереметі деп нелерді айтуға болады?
Ақжүніс, Райымбек С.Адайдың өлеңі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген