«№47 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ Тарих пәні мұғалімі: Ешимбетова Шолпан Сайлаубаевна
«Мәнгілік ел».Түсінік хат.Шығыс нақылында: «Егер бір жылды ойласаң, дән сеп; он жылыңды ойласаң ағаш ек; бір ғасырыңды ойласаң; жақсы адам тәрбиеле» – дейді. Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез құлықты дарыту менің міндетім екенін саналы түрде түсіндіремін.Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі оқушылар ертеңгі қоғамның мүшелері. Бірі – дәрігер, бірі – экономист, бірі –тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады. XXI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан оқушыларымыз да сол технологияларды үздік игеретін, заман талабына сай шәкірттерге білім беруіміз керек. Сондықтан да мұғалім мамандығына талап жоғары болады.Міне, мен өзімнің мұғалімдік қызметіме қалай қараймын!? Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеп мұғалімдерге зор үміт артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау – біздің борышымыз. Осы ісіме деген қызығушылығым мен сүйіспеншілігім ғана мені небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде мен бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қаламын. Әрине, ұстаз болуға жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шынға көтерілу үшін өмір бойы оқисын. Бұл менің ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы бәйтеректей биік дінгегі. Қазіргі таңда, еліміздің бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет қыруар жұмыстар жүргізіп жатқаны айдан анық. Осындай қоғамымыз үшін, егемен еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан өзгерістердің, игі істерді атқарушылардың қатарында өзімнің де бар екендігіме ризамын. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата –анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді. Тәртіпке баулып есейіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі – өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазы деп атайды. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші шәкірт бойына ұлтжандылық пен ұстамдылықты сіңіріп, ғылыми педагогика жетістіктерін жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалана отырып тарихын білетін азамат қалыптастыру – менің педагогикалық ұстанымым. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашығы. Өз елінің тарихын білу өскелең ұрпақ үшін туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, өз елінің жерінің тарихын білмеген адамда туған елге, өскен жерге деген сүйіспеншіліктің қаншалықты болатыны белгілі. Осай болса, еліміздің әрбір азаматы туған елінің, тұрған өңірінің, өзінің өскен жерінің шежіре – сырға тұнып тұрған тарихын білу керек деп ойлаймын.Тарих – сырт көзге оп – оңай сияқты көрінгенімен, терең қатпарлы, қалтырыс – бұлтырысы көп, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналасында айтыс – тартыс, пікірлер қайшылығы, ымырасыз күштердің қақтығысы ұдайы болып тұрады. Жариялықтың жылы лебі есіп, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына биыл жиырма үш жыл. Өмірі өлшеулі пенде шіркіннің көзімен қарағанда, бұл - әжептәуір уақыт. Ал қарт тарихтың өлшемімен есептесек, бұл қас қағым сәт. Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықта өз орны бар, абыройлы мемлекетке айналды. Қортындылай келе, ұстаз бақыты – білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білімді қажетсінеді. Бірлігіміз арқылы өзіміздің ежелгі құндылықтарымызды басқаларға қолды қылмай ие болғанымыз абзал деп ойлаймын. Еліміздің тарихын қазіргі айна ете отырып, кең – байтақ қазақ жерін қорғайық, қазақ елін дүниедегі озық елдерге теңестіріп, құдіреттендіру үшін аянбай тер төгейік!Сәт сапар менің шығармашыл құзіретті әріптестерім! Ешимбетова Ш.С