Мәнгілік
ел-Казахстан
Жүргізуші: Қазақ елім, Туды жастық
дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым!
Туған күнің құтты болсын
алыбым!
«Жаса
Қазақстан» әнімен қолдарында жалаушалары
бар сапқа тұрады, ырғақты би қимылдарын
жасайды.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілір, ұлағатты
ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың
жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,
ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан
оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын
тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Мәнгілік ел-Казахстан» атты
ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде
тербелген балапандар, мереке құтты болсын
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкүл дүние тұр
танып
Көк байрағың желбірейді
төрінде,
Әнұраның тұр төрінде
шырқалып.
1.Гимн
орындалады
Жүргізуші: Балалар сендер білесіңдер
ме,тәуелсіздікдеген не?
Балалар: Тәуелсіздік күні дедік бұл
күнді,
Атын атап ақын оны жыр
қылды.
Сол күнменен қатар туған
сәбилер,
Кішілерге аға болып
үлгерді.
Жасасын азат ерлік
күн
Жасасын бейбіт елмен
жер
Бостандық алған
қазақтың
Мәртебесін көрсін
ел
Тәуелсіздік-таң нұрысың
арайлы,
Бабалардың арманысың
талайғы.
Ғасырлардың құшағында ер
жеттің,
Қалқым сені өз бақыты
санайды.
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ
сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ
сенде
Қарқындайды қариялар
қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас
кеуде
Әр жыл сайын, Тәуелсіздік таңы
атты,
Топқа бардың, тойға мініп ақ
атты.
Дүниені қуанышқа бөлеп
тұр
Ән айтылып, жыр төгіліп
қанатты.
2. «Тәуелсіз ел ұраны»
А. Меңжанова.Балалар
отырады
Әуенмен Ата
кіреді:
Ата: Ассалаумалекум
балақайлар!
Балалар: Сәлематсыз
ба!
Ата: Сендердің дауыстарыңды
естіп келдім, бұл не жиын?
Жүргізуші: Ата, қош келдіңіз!
Біз Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатырмыз!
Ата: Мм,
бәрекелді
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмеді
Бізге мұны ешкім аяп
бермеді
Тәуелсіздік –Қайрат, Ләззәт
Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп
өлгені
Міне, құлындарым, тәуелсізік
деген осы.
Тәуелсіздіккеұлтжанды
батарларымыздың, сендер сияқты ұл-қыздарымыздың арқасында қол
жеткіздік.
Жүргізуші: Ата, рахмет!
балалар Тәуелсіздік деген не екенін
түсінді
Ата: Жарайсыңдар
құлындарым.
Жүргізуші: Балалар, қане атаға,өз
өнерімізді көрсетейік.
3.Би: «Қазақ
биі»
Ата: Бәрекелді, ақылды және өнерлі
балалар екенсіңдер, рахмет сендерге!
Балалар, ауылда шаруа көп қой,
сендердің дауыстарыңды естігесін келгенім ғой,ал менің кететін
уақытым болды Осы тойға Әжелерің де келем деп
еді.
Жүргізуші: Ата, өз шаруаларыңнан
қалмаңыз, Әжеміз келсе, біз қуанамыз.
Ата: Олай болса, сау болыңыздар
балалар! (шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, бізге тағы қонақтар
келе жатқан сияқты.
Залға Таусоғар мен Алдар көсе
кіреді.
Таусоғар: Сәлеметсіздер ме!
Мен-Таусоғармын. Мен күшті, құдыреттімін.
Мен таулар мен тастарды
оңайлықпен көтере аламын.
Алдар:
Мен Алдармын,
Алдармын,
Сақалымды
талдармын.
Сақал түгіл мұрт та
жоқ,
Шайтанды да
алдадым.
Ассалаумағалекум құрметті қонақтар,
балалар!
Алдар: Атақты Таусоғар, сен туралы,
сенің күшің туралы біздің күнге дейін
жетті.
Көптеген ұл балалар сен сияқты
болуды қалайды.
Таусоғар: Алдар, мен де сен туралы
естігенмін, мені алдап тұрғанжоқсың ба, балалар маған ұқсағысы
келеді деп?
Алдар: Аса құрметті Таусоғар, мен
алдап қайтейін сізді, өзіңіз тыңдаңыз. Балалар, Таусоғарға
ұқсағыларың келе ме? (Ия)
Таусоғар: Олай болса,сендердің
күштеріңді сынауға мен дайынмын
4-5-Ұлттық ойын: «Білек
сынаспақ», «Арқан тартысу», «Тенге
алу»
Жүргізуші: Рахмет Таусоғар,Алдар көсе,
қызық ойындарыңа. Асқақтаған ән дайын, күмбірлеген күй дайын. Ал,
қанекей, қырандар, босқа қарап тұрмаңдар,-демекші балалардың биін
қабыл алыңыз құрметті, қонақтар.
6. «Қосарлану
биі»
Таусоғар: Рахмет балалар,өздерің маған
ұнадыңдар, епті,күшті, өнерлі екенсіңдер.
Алдар: Маған да балалар ұнап қалды.
Біз сендер туралы достарымызға айтып
барамыз.
Бірге: Қош сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан халқы өте
қонақжай. Біздің мемлекетімізде түрлі халықтар бейбітшілікте өмір
сүреді, әр ұлттың өзінің ана тілі болады.
Ал қазір,орыс тілінде
ән-сауығымызды қарсы алыңдар алыңдар.
7.Хоровод: «Всех друзей
мы собираем хоровод»
Жүргізуші: Балалар, бізге тағы да
қонақтар келе жатқан сияқты.
Күй әуенімен Ақ әже
кіреді
Ақ
әже: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қонақтар! Мен сендерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бақытты
болыңдар, дендеріңе саулық тілеймін! Әрқашанда елімізге ашық кең
аспан, бейбітшілік тілеймін.
Балалар мен осы мерекеге
осыншама асығып келдім, кешігіп келгенім жоқ
па?
Жүргізуші: Жоқ әже, төрлеңіз!
Қазір біздің балалар сізге және қонақтарға өздірінің көңілді
ән-сауғын сыйлайды, қабыл алыңыз!
8.Ән-сауық: «Біз
жеткіншек баламыз»
Ақ әже: Бәрекелді,
өнерлерің өрлей берсін!
Жүргізші: Әже, отырып,
демалып, балалардың мерекеге дайындаған тақпақтарын
тыңдаңыз.
9.
«Тақпақтар»
Ақ
әже: Рахмет! Тақпақтарың тамаша,
өте жақсы оқыдыңдар.
Құрметті балалар!. Еліміз
бейбіт өмір сүру үшін, болашақтың иесі сендер бақытты болу үшін
1986 жылы 16 желтоқсанда астана жастары бейбіт шеруге шықты. Оның
нәтижесі тәуелсіздіктің 20 жылдығы.
Тәуелсіз Қазақстанның
болашағының иесі –сендерсіңдер!
(өз орындарында
тұрады)
10. «Елімнің ертеңгі
иесі –біз» А.Еспенбетова,
З.Еспенбетова.
Ақ
әже: Қандай мереке сыйлықсыз өтеді,
ал, енді балалар,менің мерекелік тартуымды қабыл
алыңыз!
(Қазақ киімін киген
тәрбиешілер сыйлықты таратады да балалардың артына бір қатарға
тұрады)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар!
Бүгінгі 16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған
ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп, көп
рахмет!
Ақ
әже: Әрқашан күн сөнбесін,
аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, біздің Қазақстан және
бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының
ұйқысы тыныш болсын!
«Жаса,
Қазақстан»