400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңызды қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күнде профессионал ғана басынын кешіре алатын бәсекелестік заман талабына сай өмірдің нақты көрінісі болып табылады. Әркімнің табысқа жету құлшынысы мен жетістік шыңын бағындыру талпынысы заңдылық. Бірақ бұл құлшыныс – бастапқы, әрі маңыздылығы аз емес болып саналатын қадам.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы

Қостанай қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы

дарынды балаларға арналған

мектеп-интернатының психологы

Г.А. Умуртаева



Маңызды қадам


Бүгінгі күнде профессионал ғана басынын кешіре алатын бәсекелестік заман талабына сай өмірдің нақты көрінісі болып табылады. Әркімнің табысқа жету құлшынысы мен жетістік шыңын бағындыру талпынысы заңдылық. Бірақ бұл құлшыныс – бастапқы, әрі маңыздылығы аз емес болып саналатын қадам.

Қазіргі кезде карьерамен 40 жасқа дейін ғана айналысу керек, ал қалған өмір істелген жұмыстың жемісін тату кезеңі деген пікір кең белең алған. Шынында да, табыстың негізгі бөлігі 40 жасқа дейін қалаптасады.

Адамдардың барлығы дерлік өмірде табысқа жетіп, істерінде белгілі бір шыңдарды бағындырып, өздерінің қалағандарына қол жеткізгісі келеді. Бірақ бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл көпшілікте талант пен ерік күшінің жеткіліксіз болуы мен оларды дұрыс қолданысқа енгізе алмаумен байланысты. Адамдар интуиция әсерімен шешім қабылдап, өз табыстары мен сәтсіздіктеріне сараптама жасамайды. Екінші себебі – бәсекелестік. Адамдардың аз бөлігі қалғандарынан ауқаттырық тұрады. Бұл қалыпты, әрі дұрыс жағдай. Өйткені сол ауқаттырақ тұратын адамдар қатарына ену өте маңызды, сондықтан табысқа жету жолын дұрыс түсініп, меңгеру қажет.

Табысқа жетуде не кедергі болады?


  • Өз күшіне күмән келтіру мен өз - өзіне сенімсіздік. Адамдардың көбісі өз өмірін өзгертіп, арманына жетуге де талаптанбайды. Олар соны істей алатындарына сенбейді, және бұның себебін талант, байланыс, ақша немесе т.б-ның жоқтылығынан көреді. Ешқандай іс атқармау үшін осындай себептер ойлап табу, әрине, оңай. Тек осындай себептерге мойынсұнып отырғанша, талаптану керектігін ойлатындар біршама.

  • Сәтсіздіктен кейін әрекет жасауды тоқтату. Көпшілік бірінші сәтсіздіктен кейін табысқа ұмтылудан түңіледі. Бұл мүлдем дұрыс емес. Әрине, көпшілік сияқты өмір сүрген жаман емес, бірақ бұл біз үшін арманнан қол үзу себебі емес. Мақсатқа жақындағанға дейін қайта – қайта ұмтылу қажет.

  • Қолдаудың болмауы. Жақын адамдарыңыз көп жағдайда сіздің ұмтылысыңызды түсінбей, талаптануларыңызды қажетсіз, әрі бекер деп санайды. Оларға қарсылық білдіру қиын, көңіл аудармауға тырысу керек.

  • Өз күшті жақтары мен кемшіліктеріне дұрыс баға бере алмау. Бұл жағдайда адам өзіне лайықты емес іске көңіл бөліп, күш жұмсайды. Мысалы, егер адамда топты басқарушылық талант болса, онда жалғыз іс атқаруға ұмтылмай, оны қасиетті пайдалануға тырысқан жөн.

Жоғарыда табысқа жету жолында кездесетін негізгі кедергілер туралы айтылған болатын, енді қалайша табысты адам болуға ұмтылу жөнінде кеңестер берейік.


Сондай табысқа қалай жетуге болады?


  • Тәуелсіз болу. Өзгелерден гөрі өзің туралы көбірек ойлау керек. Сіз айналадағыларды емес, өзіңізді табысты еткіңіз келеді ғой. Бірақ бұл өзімшіл болу керек деген сөз емес. Өзгелерді ғана ойлайтындар көбінде өз қажеттіліктері мен жеке басы туралы ұмытып, бұның себебін жанашырлықпен түсіндіреді.

  • Өз күшіне сенімді болу. Жүзеге асыра алмаушылықтан сескеніп, кеудемсоқтық жоспарлар құрудан қорықпау керек. Әрине, әлемді бірден бағындыруға талпынған дұрыс емес, әйтпесе, жұмсалған жігер мен күш босқа кетеді.

  • Сараптама жасау және жоспарлау. Алдыңғы пунктен қолынан бәрі келетін адам болмайды деген ой қалады. Сондықтан сіздің басқаларынан басым түсе алатын іспен айналысқаныңыз дұрыс. Табысқа жету жолында өз іскерлігі мен қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар қателіктер мен сәттіліктерге сараптама жасау керек. Сараптама жасау қиын болғанмен, кейін бұл өзіңізге пайдалы болады.

  • Еңсені түсірмеу. Критиканы жанға жақын қабылдамай, сәтсіздіктерден кейін бастаған істен бас тартпау.

  • Негізгі мақсатқа көп көңіл бөлу. Істерді атқару жолында көп кедергілер мен жаңа мақсаттардың пайда болатыны белгілі, дегенмен тек бір мақсатқа көңіл бөлген жөн.

  • Оптимист болу. Бәрінің жақсы болатынына сене отырып, соған қарай бағытталу. Жақсы көңіл – күймен атқарылған іс жақсылыққа балайды. Алдын ала жоспарланған сәтсіздік шынында жүзеге асады.

  • Жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Отбасымен бірге адам күш пен жігерге толығады және оны кейін жұмысы үшін қолданады. Жалғызсыраған адамдар сирек бақытты болады, ал бұл атқарылып жатқан істе өз көрінісін табады.

  • Демалыс пен сәттілік ажырамас бөліктер. Максимум күшті үнемдеп көп жетістікке қол жеткізу әр адамда болатын заңды құлшыныс. Бірақ егер әрқашан тиянақты жұмыстан қол алып жүрсең, әрине, табысқа жетуің екіталай. Жоғары жұмыскерліктің құпиясы мынада: уақытында қалыпты жұмыс істеп, демалыс жасап үйрену. Сонда сіздің еңбегіңіз өнімдірек болады.

  • Өз жұмыс күніңізге назар аударыңыз. Ондағы басты істерді белгілеп, күніңізді солардан бастаңыз. Есіңізде сақтаңыз: әлі бастамаған жұмыстан да шаршауға болады. Көңіл – күй шаршаңқылықтан да бетер күшті болып табылатын эмоционалдық қалып. Сондықтан күні бойы пайда болатын мәселелердің бірден шешімін тауып, өзге күнге қалдырмаңыз. Әйтпесе, қабылданбаған шешімдер алдағы уақыпта сіздің психологиялық күйіңізге басымдылық түсіреді.

  • Шаршаңқылықтың алдын алу үшін көбірек демалу керек. Жұмыс күніңіз қандай ауыр болғанмен, түстен кейін ұйықтауға уақыт табуға тырысыңыз. Түскі ұйқының бір сағаты, қосымша алынған түнгі бірнеше сағаттан гөрі пайдалы.


Енді сіз табысқа қалай қол жеткізе алатыныңызды білесіз.


Табысты болуларыңызға тілектеспін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі