400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәпелейсің мені, анам. В.Сухомлинский Ақ шаш

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Екібастұз қаласы №17 ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым

Күні: 23.10.2018ж. Мұғалімнің аты-жөні: Сатканова А.Т.

Сынып:2 «Б» Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:20

Сабақ тақырыбы:

Мәпелейсің мені, анам. В.Сухомлинский

Ақ шаш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды

Көптеген оқушы: тақырыбы бойынша әңгіме құрастыра алады, кейіпкерге мінездеме береді

Кейбір оқушы: өз ойын анық жеткізеді, талдайды, әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

1.Мәтін негізінде сұрақтарға жауап береді;

2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес негізгі ойды анықтайды.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды аналарына құрмет көрсетуіне, ұлттық құндылықтарды естен шығармауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Дүниетану сабағы.

АКТ қолдану дағдылары:

Видеоролик , таныстырылым.

Бастапқы білім:

Мен және менің отбасым


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

















1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

Психологиялық ахуал туғызу. «Ақ тілек. Әсем күлкі».

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды).

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о (бас бармағын көтереді).

2. Тақырыпқа шығу

«Миға шабуыл»

1 Екі ананын суреті.Бірі ақ шашты, екіншісі қара шашты.

-Суреттен кімдердің суреті бейнеленген?

-Екеуінің айырмашылығы неде?

Адамның шашы неден ағарады?


Неге шаш ағарады? Неге кірпік, неге қас ағармайды?

-Шашты ағартпаудың жолдары бар ма?

-Ендеше, қалай ойлайсыңдар біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?


Жаңа тақырыптың мақсатын оқушылармен анықтайды.

Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көзқарасын ескере отырып, ортақ мақсат шығарады.

Бүгін біз Василий Сухомлинскийдің «Ақ шаш» атты шығармасымен танысамыз.

Тақырыбы В.Сухомлинский «Ақ шаш»


Дескриптор: Екі суретті салыстыра алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Бағалау: «Жапондық бағалау» әдісі













Слайд












Слайд

Сабақтың ортасы





















Саралау
















2. (Т) Тапсырма

«Жобалау стратегиясы»

Әр топқа тапсырма әңгімеден үзінді беру, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойымен жеткізеді (үзіндіні жалғастырады)

1 топ

Миша шешесінің басынан үш ақ тал шаш көрді. Бірнеше күн өткен соң шешесінің басына төрт тал ақ шаш түскенін байқайды...

2 топ

Ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді.

-Жүрегің неден ауырады, ана?....

3 топ

Миша үнсіз ойланып ұзақ отырды.Содан соң шешесіне келіп, оны құшақтады да....

Дескриптор:

Білім алушы:

- ойларын толықтырады, нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

Бағалау: «Смайликтер» әдісі


3. (Ө) Тапсырма «Ойлан, тап» әдісі

Мәтінмен жұмыс.Мәтінді талдау

1Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

1 Миша анасының басынан не көрді?

2 Анасының алғашқы жауабы қандай болды?

3.Миша неге ойланып қалды?

4. Аналардың шашы ағарады,неге деп ойлайсындар?

Дескриптор:

Білім алушы:

1.Мәтін негізінде сұрақтарға жауап береді;

2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес негізгі ойды анықтайды.


-Осы ана махаббаты туралы тағы бір өлеңмен танысайық.

Ол «Мәпелейсің мені анам» өлеңі.

Оқушылар тізбектеп өлеңді оқиды.

Әр топтан оқып шығады.

4. (Т) Тапсырма

1топ

Өлеңді толықтырыңдар

............. сыйлаймын

............. тыңдаймын

............. аламын

...............боламын

2топ

Журекке аналарға арнап тілек жазады

3 топ

Іс-қимыл арқылы аналары балаларын қалай еркелетеді


Дескриптор:

Білім алушы:

- тақырып бойынша өлең құрастырады;

- сөйлеу барысында қимылды, ым-ишараны орынды қолданады.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі


5. (Ө) Тапсырма. Дәптермен жұмыс

-Анаңды қуантатындай 5 сөз жаз

Үлестірмелі материалдар


















Оқулықпен жұмыс











Слайд,






Үлестірмелі материалдар

















Қорытынды тәсілі

Видеоролик

«5 жолды өлең» Синквейн слайд

Кім? (1 сөз) Ана

Қандай? (2 сөз) ақылды, мейрімді

Не істейді? (3 сөз) Еркелетеді,уайымдайды,қуанады.

Қорытынды ой(4 сөз) (Ана- ардақты асыл жан)

Тәрбиешім

Мұғаліммен бірге 5 жол өлең құрайды.


Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

АКТ

Саралау

Бағалау

Қауіпсіздік техникасы

Тазалық ережелері

Диалог және қолдау көрсету

Қорытынды


«Жапондық бағалау»

«Бағдаршам»

«Смайлик»

«От шашу»


АКТ-мен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жұмыс барысында тазалықты сақтау.


































«Домино»



Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.


«Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу және өтетін тақырыпқа шығу. Шаңырақтың үш түсті жолақшаларына әріптері түскен сөздер жазылған. Қандай сөз екенін тауып, түскен әріпті атау.

-балалар айтылған сөздерде қандай әріптер түсіп қалған?

-оқыған сөздерінді есте сақтандар.

- Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстарын өттік пе?

-сонда осы әріптерді пайдаланып бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?

-сабаққа қандай мақсат қоямыз?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі