400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Maple – бағдарламасымен математикалық есептерді шешудің жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық есептерді Maple – бағдарламасымен шығара алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Түркістан облысы. Отырар ауданы.

«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі.








Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып; Maple – бағдарламасымен математикалық есептерді

шешудің жолдары.









Дайындаған: Нарымбетов Дархан Серікұлы

Секциясы: Математика



















Көксарай - 2020

Пікір.


Бүгінгі таңда әлемде ғылым мен техниканың қарқынды даму процесі жүріп жатыр.Сондықтан біз мүмкіндігінше жаңа технологияларды,әртүрлі тиімді бағдарламаларды меңгеруге тырысуымыз қажет. Және де меңгерген білім, білік, ғылыми техникалық жаңалықтарымызды оқушыларға да үйретуіміз қажет деп санаймын. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін maple- бағдарламасын қолданып есептер шығарудың маңызы зор. Себебі оқушылар алдымен есепті өздері меңгерген тәсілмен шығарып, сәйкес сол есепті maple-бағдарламасында да шығарып көреді және де жауаптарын салыстыру арқылы есептің дұрыс шешімін табады.

Maple-бағдарламасының жұмыс жасау принципі өте қарапайым болғандықтан, мұғалімдер мен оқушылар бұл бағдарламаны тез меңгере алады. Бағдарламаның тиімділігі бір ғана бұйрықпен бірнеше есептерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Мұғалімдер мен оқушылар maple- бағдарламасын математика пәніне көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады.





Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Омаров























Жоспар.


  1. Кіріспе .....................................................................................................................1

1.Maple бағдарламасының жұмыс жасау принципі. Бұл бағдарламаны кейбір математика сабақтарында қолданудың маңыздылығы қандай?.............................................................................................................1

II. Негізгі бөлім ...........................................................................................................2

  1. Марle бағдарламасында кейбір арнайы функцияларды енгізу және жүйеге бұйрық беру……………………………………………….....................................2

  2. Марle бағдарламасында ‘‘solve’’ бұйрығын қолданып элементар математика есептерін шығару………………………………………………….…….....…......3

  3. Марle бағдарламасында ‘‘plot ’’ бұйрығын қолданып функцияның графигін салу………………………………………………………………....……….........13

III. Қорытынды бөлім..............................................................................................15

  1. Болашақта барлық ғылым салалары компьютерлік бағдарламалармен тығыз байланыста болады………………………………………...........……….........15

IV. Əдебиеттер………………………………………………….…….......................17











































I. Кіріспе

1. Maple бағдарламасының жұмыс жасау принципі. Бұл бағдарламаны кейбір математика сабақтарында қолданудың маңыздылығы қандай?

Математиканың көптеген есептерін шешуді дербес компьютерде
автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады.Соңғы жылдары математика
есептерін шешуде және математика пәндерін оқытуда қолданылатын
компьютерлік бағдарламалар дамып барады.Бұл бағдарламалардың мысалы
ретінде символдық математикада кең қолданылатын жүйелер Maple ,
MatLAB, Mathematica, MathCAD және басқаларды айтуға болады.
Математиканы оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданудың оте
маңыздылығы; қарастырылатын есептердің шешімдерін визуалдау, яғни
символды турде алу, графигін сызып көрсету, анмациялық графиктарды салу тағыда басқалар болып табылады.

Мен бұл баяндамада жоғарыда айтылған бағдарламалардың
біреуі Maple- дің математика пәні есептерін шешуде қолданылуын
қарастырдым.

Алдымен Maple бағдарламасы қалай жұмыс жасайды? және осы бағдарламаны кейбір математика сабақтарында қолдану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға бола ма? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Сонымен Maple бағдарламасы дегеніміз қарапайым және күрделі математикалық тапсырмаларды орындауға арналған өте тиімді бағдарлама болып табылады.

Maple бағдарламасында :

Кез-келген математикалық есептеулерді жүргізуге,теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуге, теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешуге,өрнектерді ықшамдауға,туынды мен интегралды есептеуге ,функцияның графигін салуға және көптеген басқа да математикалық тапсырмаларды орындауға болады. Сонымен қатар Maple бағдарламасын жоғары деңгейдегі калькулятор ретінде де қолдануға болады. Функцияның жұптығы мен тақтығын анықтауда Maple бағдарламасын қолданып функциялардың графиктерін көрсету арқылы тақырыпты жеңіл әрі тереңірек түсіндіруге болады.Егер берілген функцияның графигі ОУ өсіне қатысты симметриялы болса жұп функция болады.Ал функцияның графигі координаталар бас нүктесіне яғни О-нүктесіне қатысты симметриялы болса тақ функция болып табылады. Егер функцияның графигі бұл екі шартқа сәйкес келмесе, онда берілген функцияны жалпы жағдайдағы функция деп санаймыз.










II. Негізгі бөлім

Марle бағдарламасында кейбір арнайы функцияларды енгізу және жүйеге бұйрық беру.



cosx

cos(x)

tgx

tan(x)

ctgx

cot(x)

arс

arc

arccosx

arccos(x)

arctgx

arctan(x)

arcctgx

arccot(x)


shx

sinh(x)

chx

cosh(x)

thx

tanh(x)

cthx

coth(x)

lnx

ln(x)

lgx

abs(x)

і

I


[ > - бұйрықты енгізу облысы.

[ - берілген есептің мәтінін енгізу облысы. ( Т -пернесін басу арқылы шығарылады).

Enter –ді басқан соң көк түсті өрнекпен шығатын аймақ мәтін шешімі болып саналады.

Кез-кеген бұйрық restart – сөзімен басталады және (;) немесе (:) белгісімен аяқталады.(;) - белгісі нәтижені экранға шығарады, ал (:) - белгісі нәтижені экранға шығармайды.

Maple бағдарламасында функцияны меншіктеу үшін латын әріптері қолданылады . Функцияның атын енгізген соң (:)- белгісін және (=)- белгісін қойып , функцияның мәнін енгіземіз. p:=(a+5=12);


1-мысал. a+5=12 теңдеуді шешіңіз:

[ > restart;

[ > p:=(a+5=12);

[ > solve(p,a);

Жауабы: 7.

2-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[ > h:=sqrt(2*x^2-7)=sqrt(7);

[> solve(h,x);

Жауабы: ; - .

2. Марle бағдарламасында ‘‘solve’’ бұйрығын қолданып элементар математика есептерін шығару.

Maple –бағдарламасында теңдеуді , теңсіздікті , теңдеулер жүйесін және теңсіздіктер жүйесін шешуде solve – бұйрығы қолданылады. Теңдеудің түбірін табу үшін келесі амалды орындаймыз.

[> solve(f(x),x);


немесе функцияны меншіктеп g:=f(x) алып


[> solve(g,x); есептеуге болады.


1-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[ > restart;

[ > solve(x^2-15*x-16=0,x);

немесе берілген теңдеуді меншіктеп алып төмендегідей үлгіде есептеуге болады.

[ > restart;

[ > k:=x^2-15*x-16=0;

[ > solve(k,x);

Жауабы: теңдеудің түбірлері , тең.

2-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[> d:=(x^2+6*x)^2-5*(x^2+6*x)=24;

[> solve(d,x);

3-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[> d:=x^5-x^3=0;

[> solve(d,x);

4-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[> k:=x^4-9*x^2+18=0;

[> solve(k,x);


5-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[> k:=log[3](log[3](x))=-1;

[> solve(k,x);

Жауабы: .



6-мысал. теңдеуді шешіңіз:

[> restart;

[> k:=10=abs(5*x+5*x^2);

[> solve(k,x);

Жауабы: -2 , 1 .


7-мысал. теңдеуді шешіңіз:


[> restart;

[> k:=(tan(x)+tan(2*x))=0;

[> solve(k,x);



Maple –бағдарламасында теңсіздікті шешуде solve – бұйрығы қолданылады. Maple –бағдарламасында теңсіздік белгілерін келесі түрде енгіземіз.

Maple –бағдарламасында

<

<

>

>

<=

>=


1-мысал. теңсіздікті шешіңіз:

а).

[> restart;

[> solve((x^3-1)/(x^2+9*x-1)>=1,x);


Теңсіздіктің шешіміндегі Open- сөзімен көрсетілген мәндер (аралықтар) теңсіздік шешіміне кірмейді.


ә) Енді теңсіздікті меншіктеп алып көрсетсек, мына түрде болады.

[> restart;

[> f:=(x^3-1)/(x^2+9*x-1)>=1;

[> solve(f,x);


Жауабы:



2-мысал. теңсіздікті шешіңіз:


[> restart;

[> h:=(x+8)*(x-5)>0;

[> solve(h,x);


Жауабы:


3-мысал. теңсіздікті шешіңіз:


[> restart;

[> h:=(6+x)*(3*x-1)<=0;

[> solve(h,x);

Жауабы: [-6; 1/3].


4-мысал. теңсіздікті шешіңіз:


[> restart;

[> h:=x^2-5*x-50<0;

[> solve(h,x);

Жауабы: ( -5; 10).


5-мысал. теңсіздікті шешіңіз:


[> restart;

[> h:=(x^2+17)*(x-6)*(x+2)<0;

[> solve(h,x);

Жауабы: ( -2; 6).

Maple –да теңдеулер жүйесін шешуде solve – бұйрығы қолданылады. Теңдеулер жүйесін шешу үшін жүйенің берілген әрбір функциясын меншіктеп f:=f(x) , g:=g(x)

[> solve({f,g},{x,y}); амалын орындаймыз.


Немесе [> h:={f(x),g(x)};

[> solve(h,{x,y}); амалын орындаймыз.

Немесе

[> solve({f(x),g(x)},{x,y}); амалын орындау арқылы шығаруға болады.


1-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> solve({y^2-x=-1,x=y+3},{x,y});


Немесе әрбір функцияны меншіктеп алып

[> restart;

[> f:=y^2-x=-1;

[> g:=x=y+3;

[> solve({f,g},{x,y});

Есептеуге болады.

Жауабы: (2; - 1), (5; 2).


2-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:

[> restart;

[> f:=(x-2)*(y+3)=160;

[> g:=y-x=1;

[> solve({f,g},{x,y});


3-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=u-v=6*(u+v);

[> g:=u^2-v^2=6;

[> solve({f,g},{u,v});


4-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=y=1/2*x^2-2;

[> g:=y-x=2;

[> solve({f,g},{x,y});


5-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:



[> restart;

[> f:=1/y-1/x=1/3;

[> g:=x-2*y=2;

[> solve({f,g},{x,y});


6-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=x+y+z+u=5;

[> g:=y+z+u+v=1;

[> k:=z+u+v+x=2;

[> p:=u+v+x+y=0;

[> h:=v+x+y+z=4;

[> solve({f,g,k,p,h},{x,y,z,u,v});



7-мысал. теңдеулер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=x+abs(y)=2;

[> g:=3*x+abs(y)=4;

[> solve({f,g},{x,y});










Maple –да теңсіздіктер жүйесін шешуде solve – бұйрығы қолданылады. Maple –бағдарламасында теңсіздік белгілерін келесі түрде енгіземіз.

Maple –бағдарламасында

<

<

>

>

<=

>=


Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін жүйенің берілген әрбір функциясын меншіктеп f:=f(x) , g:=g(x)

[> solve({f,g},{x}); амалын орындаймыз.


Немесе [> h:={f(x),g(x)};

[> solve(h,{x}); амалын орындаймыз.

Немесе

[> solve({f(x),g(x)},{x}); амалын орындау арқылы шығаруға болады.


1-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=x+1<0;

[> g:=2*x^2-18>0;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы:



2-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=4*x^2-27*x-7>0;

]> g:=x>0;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы:


3-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=x^2+x-6<0;

[> g:=-x^2+2*x+3>0;

[> solve({f,g},{x});


Жауабы:


4-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=log[2](x+1)>=-1;

[> g:=2*x-1<5;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы:









5-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:



[> restart;

[> f:=x^2+4*x-5>0;

[> g:=x^2-2*x-8<0;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы: ( 1; 4 ).



6-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:



[> restart;

[> f:=x-4>0;

[> g:=3*x^2-15*x<0;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы: ( 4; 5 ).




7-мысал. теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


[> restart;

[> f:=x<0;

[> g:=-3*x^2+17*x+6<0;

[> solve({f,g},{x});

Жауабы:

3. Марle бағдарламасында ‘‘plot ’’ бұйрығын қолданып функцияның графигін салу.


Maple – бағдарламасында функцияның графигін салу үшін plot – бұйрығы қолданылады.


1-мысал: у=7/(x+5)–фукциясының x=[ -11; 7 ] , y=[ -7; 7 ] . аралығындағы графигін салыңдар.



[> restart;

[> plot( 7 / (x+5) , x= -11..7, y= -7..7 );














2-мысал: функциясының x=[ -4; 4 ] , y=[ -16; 16 ] аралығындағы графигін салыңдар.


[> restart;

[> g:=x^2;

[> plot(g,x=-4..4,y=-16..16);


















  1. Қорытынды бөлім


  1. Болашақта барлық ғылым салалары компьютерлік бағдарламалармен тығыз байланыста болады.

Қазіргі уақытта әлемде ғылым мен техника қарқынды дамуда . Біз оқушыларға мүмкіндігінше жаңа технологиялар мен ғылым салаларын меңгертуге ат салысуымыз қажет. Шығармашылық жұмысымның негізгі мақсаты оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын ойату, оқушылардың жан-жақты ізденулеріне жол ашу болып табылады.

Қазіргі оқушылардың компьютерге қызығушылықтары жоғары.Оқушылардың көпшілігінің есепті жазбаша шешуге деген қызығушылықтары төмендеу.Сондықтан біз кейбір есептердің жауабын дәлелдегенде; алдымен есепті жазбаша шығарып, содан кейін сол есепті Марle бағдарламасында шығарып көрсетсек оқушылардың математикаға деген қызығушылықтары жоғарылайды деп ойлаймын. Оқушы берілген есепті алдымен мұғалім үйреткен дәстүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жазбаша шығарып , сәйкес осы есепті Марle бағдарламасы арқылы да шығаруы керек. Сондағы шыққан есептің жауаптары бірдей мәндерді көрсеткендіктен оқушы есептің дұрыстығына нақты көз жеткізеді. Сонымен қатар оқушылар жеке қызығушылықтарына сәйкес оқулықтағы және басқалай да жауабы берілмеген есептерді шығарғанда нақты жауабын Марle бағдарламасы арқылы есептеп өз есебін тексере алады.

Maple бағдарламасы дегеніміз қарапайым және күрделі математикалық тапсырмаларды орындауға арналған өте тиімді программа болып табылады.

Maple бағдарламасында : Кез-келген математикалық есептеулерді жүргізуге,теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуге, теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешуге,өрнектерді ықшамдауға,туынды мен интегралды есептеуге ,функцияның графигін салуға және көптеген басқа да математикалық тапсырмаларды орындауға болады. Сонымен қатар Maple бағдарламасын жоғары деңгейдегі калькулятор ретінде де қолдануға болады.

Maple бағдарламасын математика  есептерін  шешуге қолдану  барысында  оқушылардың іс  —  әрекетке  ынта —  ықыласы  арта  түсетіні, бұл  бағдарламалық  бағдарламаны  оқушылардың  білімін  бақылауға  қолдану  мүмкіндігінің  жоғары  екендігі, ҰБТ – ге  дайындық  барысында  бұл  бағдарламаны  оқушы  —  талапкер  өзін – өзі  бақылау  құралы ретінде  қолдана  алатындығы  және  бұл  жүйеде  геометриялық  күрделі  кеңістіктік  бейнелерді (денелерді) салу  және оларды  қозғалысқа (анимациялау) түсіру  әлдеқайда  жеңілдейтіндігі анықталды.

Maple-дің негізгі символдық күші бағдарламаның ядросы болып табылады. Ол жүздеген базалық функциялар мен алгоритмдерді қамтиды. Сонымен қатар онда операторлар, командалар және функциялардың негізгі кітапханасы сақталған.

Сонымен, Maple – компьютерлік математиканың  қуатты, әрі  жан – жақты дамыған әмбебап  бағдарламасы. Maple – білім  мен  техниканың, ғылымның әр  түрлі  салаларындағы  математикалық  есептерді  автоматты  түрде  шешуге  арналған  компьютерлік  математиканың  кең  тараған  бағдарламасы  болып  табылады.

Maple  бағдарламасында математикалық графиканың әр түрлі варианттарын іске асыруға болады. Мұнда декарттық кординаттар жүйесінде немесе полярлық координаттар жүйесінде сызылатын қарапайым функциялардың  графиктерінен бастап өте күрделі функциялардың және  әртүрлі фигуралардың қиылысуы нәтижесінде  шығатын графиктерін сызуға болады.

Марle бағдарламасын оқушылармен қатар мұғалімдер де өздеріне көмекші құрал ретінде қолдана алады.Әсіресе математика пәнінің жас мамандарына бұл бағдарламаның көрсетер көмегі ауқымды деп санаймын.















IV. Əдебиеттер


  1. Марle 7 бағдарламасының базасы.

  2. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық. А.Әбілқасымова, И.Бекбоев, А.Абдиев, З.Жұмағұлова.-Алматы: «Мектеп» баспасы,2008.-144 бет.

  3. Дьяконов В.П. Maple 9.5/10 в математике, физике и образовании.- М.,2006-720 с.

  4. Дьяконов В.П. Maple 7.Учебный курс. — СПБ.:Питер,2002

  5. http://uzdikter.biz/matematika/matematika
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
2159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі