400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Мақал - сөздің мәйегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі»

Мақсаты: 1) ғасырлар шежіресі, халық тарихы, ақыл – өнегесімен көрініс тапқан мақал – мәтелдердің қолданылу тәртібі жайлы мағлұмат беру; 2) ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, ауызша көркем баяндау ретін, ой алғырлығын грамматикалық ойындар арқылы жан – жақты дамыту;3) асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай пайдалануға, қасиетті қызыл тілімізді үстемдігін көтеруге тәрбиелеу.

Әдісі: іздену, сұрақ- жауап

Барысы:

Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін жеткізетін мақал – мәтелдер туралы білімдерін тексеру мақсатында 4 – 5 сынып оқушыларын екі топқа бөліп, білім бәйгесін ұйымдастыру.

1 – кезең: «Бәйге».

Бәйгеге шауып бүгін мен,

Білімімді көрсетем.

Бәйгенің сұрақтары:

1.Мақал дегеніміз не? 2. Күміс көмей тұрақты тіркесінің мағынасы қалай? 3. Әсем сөзіне мағыналас сөздер ата.4. Ержүрек сөзіне мағыналас сөздерді ата. 5.Қазақ тіліндегі септік санын ата.6. Арнайы жалғауы жоқ септік.7. Етістік дегеніміз не? 8.Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?9. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін кім жазған?10. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы?

2 – кезең: «Көкпар»

«Білгіш білгенін істейді, білімсіз бармағын тістейді» Бұл бөлімде берілген суреттер бойынша мақал – мәтелдер құрастыру.

3 – кезең: «Сөзмерген»

Ар ма, ардақты ағайын, көз көрген,

Келесі бөлім «Сөзмерген» Назарымызды экранға аударайық. «Жүйрік болсаң – шауып көр» демекші, кестедегі сөздерден мақал - мәтел құрастырып, мағынасын ашамыз.

Көз жетпеген жерге (сөз жетеді.) Тіліңмен жүгірме (Біліммен жүгір.) Ақылды қария – (ағып жатқан дария.) Білімдінің күні жарық, (білімсіздің күні қаріп.) Жақсы болсаң (жақын көп.) Бірлігі жоқ ел тозады, (бірлігі күшті ел озады.) Әдепті бала арлы бала, (әдепсіз бала сорлы бала.) Игілік басы – (ынтымақ.)Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар.) Сөз қуған пәлеге жолығады (жолды қуған қазынаға жолығады.) Көп біл, (аз сөйле.) Жарлы болсаң да (арлы бол.)

4 – кезең: «Тіл білгірі». Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан қазіргі заман талабына сай үш тілді білу қажет.

1.Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар. 2.Көз – қорқақ, қол – батыр. 3.Отанды сүю отбасынан басталады.4.Досы көпті жау алмайды.5.Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. 6.Өнер алды – қызыл тіл. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.7.Ердің екі сөйлегені – өлгені.8.Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.9.Жалғыз ағаш – орман болмас.



5 – кезең: «Қарсыластар көрімдігі».

Екі топ бір – бірлеріне дайындаған тақырыптарын ұсынады. Жасырылған тақырып бойынша мақал – мәтелдер құрастыру.

Адам және оның қасиеттері туралы.

Адам болатын бала алысқа қарайды. Арман – адамға қанат. Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы.

Батырлық, ерлік туралы.

Ерлік білекті емес, жүректе. Айласыз батыр алдырар, Ер елімен жақсы. Ел үмітін ер ақтар.

Оқу – білім туралы.

Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Өнер алды – қызыл тіл. Оқу инамен құдық қазғандай.

Тәлім – тәрбие туралы.

Әдептілік белгісі – иіліп салем бергені. Ойнап сойлесең де ойлап сойле. Білім тұрсаң да, сұрап ал.

Отан, туған жер туралы.

Туған жердің жуасы да тәтті. Отанды сүю отбасынан басталады. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.

6 – кезең: «Ақ бата» Мақал – мәтелдер араластырып, бір – бірлеріне тілек айту.

Қазақ тіліндегі фразалық тіркестердің мағынасын ашу.

Қоян жүрек (қорқақ). Көзді ашып – жұмғанша (жылдам). Бет моншағы үзілу (ұялу). Ит өлген жер (алыс). Іші удай ашу (өкіну). Із – түссіз (жоғалу). Тіл ауыздан қалды (сойлей алмады). Құдайға қараған (адал адам). Аты жер жарды (атақты болды).

Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Енді кезекті әділқазыларға берсек.

Оқушылар, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектеп атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.


















Көз жетпеген жерге (сөз жетеді.) Тіліңмен жүгірме (Біліммен жүгір.) Ақылды қария – (ағып жатқан дария.) Білімдінің күні жарық, (білімсіздің күні қаріп.) Жақсы болсаң (жақын көп.) Бірлігі жоқ ел тозады, (бірлігі күшті ел озады.) Әдепті бала арлы бала, (әдепсіз бала сорлы бала.) Игілік басы – (ынтымақ.)Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар.) Сөз қуған пәлеге жолығады (жолды қуған қазынаға жолығады.) Көп біл, (аз сөйле.) Жарлы болсаң да (арлы бол.)




Адам және оның қасиеттері туралы.



Батырлық, ерлік туралы.



Оқу – білім туралы.



Тәлім – тәрбие туралы.



Отан, туған жер туралы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі